
«Рамазан келерде сансыз сезімдер мен толып тасыған ойлар салтанат құрады. Күн мен түн де тұтастай илаһи (құдайлық) рақымдылық пен кешірімділікке толып тасады. Мезгілі біткен сәтте жүректерге өзіне деген қимас сезім мен сағыныш-сазы тұнады. Бірақ сол бір жүректері Рамазанға айналған жандарды жасытпай, оларды іші құт-береке мен қуаныш-шаттық толған Айт күніне аманаттайды».
Мақала толығымен…
Ақпарат
Конституцияның 15 жылдығына орай 30 тамызда Астанада «Қазақ елі» монументінің жанында өтетін әскери шерудің өз ерекшеліктері болайын деп тұр. Солардың бірі – оған «Жас ұлан» кадетшілерінің-барабаншылардың қатысатындығы. Олар шеруді ашады. Екінші бір ерекшелік – әскери шеруге әйел әскери қызметшілер қатысады.
Мақала толығымен…
Ақпарат
Жылдағы дәстүр жалғасын тауып, жуырда Елордада ІІІ республикалық «Қаламгер Азамат» жас тілшілер форумы өтті. Дәстүрлі деуімізге себеп – бұл шара 2008 жылы Алматы қаласынан өз бастауын алған еді. Бұған дейінгі жиындар «Астананың 10 жылдығы», «Жас патриоттар» деген тақырыптар аясында өтсе, биылғы жылғы форум тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналып, «Тәуелсіз ұрпақтың 20 жылдығы» деп атау иеленіпті. Аталған шараға республиканың түкпір-түкпірінен 100-ге жуық жас журналист қатысты. Үш күнге созылған форумда «Қазақ баспасөзінің дамуы», «Телебағдарламалар мен жаңалықтар сюжеттерінің бүгінгі сапасы қай деңгейде?» және «Қазақ тіліндегі интернет ресурстарының дамуы» деген тақырыптар тілшілердің талқысына түсті.
Мақала толығымен…
Ақпарат
Құқық қорғау ведомстволарының жұмысын тиімді ету, органдарды реформалау, яки осы жобаларды жүзеге асыру барысында әлемдік тәжірибені кеңінен қолдану мәселелері – күн тәртібінен түспейтін жағдаяттар. Яғни біз қосарлануды алып тастап, әлемдік тәжірибені пайдалану арқылы құқық қорғау ведомстволарының жұмыс тиімділігін арттырып, ескі кеңестік жүйенің жағымсыз мұрасынан арылуымыз қажет. Әрине, аталмыш тақырыптардың алдыңғы жылдан бері талқыға түсіп жүргені белгілі. Бұл үшін тіпті алдын ала кең масштабты дайындық жұмыстары да жүргізілумен келді. Ендігіде сол бастамалардың шындап көрініс табатын күні де алыс емес секілді. Бұрнағы күні Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның құқық қорғау жүйесін реформалау мәселесі жөнінде келелі кеңес өткізді. Қалай дегенмен, жиында қабылданған шешімдерге қарағанда, айтулы модернизация басталып кетті. Мақала толығымен…
Ақпарат
Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!
Сағына күтіп, қимай қоштасатын, Құран Кәрімнің асыл аяттары түсе бастаған мұсылман жұртшылығының қасиетті айы – Рамазанға да жеттік.
Мақала толығымен…
Ақпарат
Жас мемлекеттің іргесін мықтап бекітіп, шаңырағын шайқалтпау жолындағы саяси-зияткерлік күрес, дүниенің төрт бұрышынан жинақталған мемлекет құру тәжірибесін зерделеген ізденіс Елбасын үш ұлы пайым-тұжырымға және нақты қадамдарға әкелді. Атап айтқанда, Президент Н.Назарбаев 1994 жылғы наурызда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған дәрісінде көрегендікке толы Еуразиялық одақ идеясын ұсынды, сол жылы шілдеде Елорданы Ақмолаға көшіру жөнінде түпкілікті шешім қабылдады. Ал 1995 жылғы тамызда, яғни осыдан тура 15 жыл бұрын Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы бүкілхалықтық референдуммен мақұлданып, ел тағдырына қатысты барлық жауапкершілікті Нұрсұлтан Назарбаев өз мойнына алды.
Мақала толығымен…
Ақпарат
«Күйінсін жауың, сүйінсін досың». Бұл бүгінде егемендігін кәмелет жасына толтырып отырған қазақ жасампаздығының әрбір күніне арналған ода тәрізді. Күні кеше Франция Президенті Николя Саркози Қазақстан басшысын «Astana» велокомандасының «Тур де Франста» табысты өнер көрсетуімен құттықтады. Оның ішінде команда көшбасшысы Альберто Контадордың бас жіктелуде жеңіске жетуі ағымдағы жылы халықаралық беделді ұйым - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп жатқан елімізге қосымша брэнд капиталын үстеді десе де болғандай. Мақала толығымен…
Ақпарат

16-17 шілде күндері Алматыда ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі өтті. Аталған іс-шара аясында ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бірқатар шетелдік әріптестерімен екі жақты кездесулер өткізіп, маңызды құжаттарға қол қойды. Осынау ауқымды халықаралық алқалы жиынға ЕҚЫҰ-ға мүше барлық 56 мемлекеттен сыртқы саясат ведомстволарының басшылары мен жоғары дәрежелі өкілдері, Ұйыммен ынтымақтастық жөніндегі 12 әріптес елден және бірқатар халықаралық ұйымдардан мәртебелі лауазым иелері қатысты.
Мақала толығымен…
Ақпарат
Жыл сайын республикамызда негізгі мерекелердің бірі – Конституция күні атап өтіледі. Ол – елдігіміздің, егемендігіміздің жарқын бір белгісі іспетті десек те болады. Өйткені ширек уақыт бұрын, яғни 1995 жылғы референдумда отандастарымыз Ата Заңымызды қолдап, Қазақстанның мемлекеттілігін, бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуды таңдады.
Мақала толығымен…
Ақпарат
Жуырда Қазақ ұлттық аграрлық университеті өзінің 80 жылдық тарихында қалыптасқан академиялық дәстүрлердің бір көрінісі ретінде 849 түлегіне диплом тапсырудың салтанатты шарасын өткізді. Салтанатты рәсімді Астананың туған күніне орайластыра отырып, университет аграрлық саланың кәсіби маманы ретінде орныққан студенттеріне ақ жол тіледі.
Мақала толығымен…
Ақпарат