Елбасы әрқашан тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы баянды болатынын назардан тыс қалдырмаған. Сондықтан «Қазақстан-2030» Стратегиясында Елбасы: «Ел келешегі жас ұрпақтың тәрбиесіне тікелей байланысты», – деп айрықша атап көрсетсе, биылғы жылғы Жолдауында: «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысына, көңіл-күйлеріне байланысты», – деп, білім беру саласын дамытудың қаншалықты маңызды екендігін айқындап берді. Осы орайда саналы ғұмырының 30 жылдан астам уақытын орта білім беруді басқару және дамыту ісіне, оның ішінде ширек ғасырдан бері мектеп директоры қызметін абыроймен атқарып жүрген білікті басшы, іскер ұйымдастырушы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, № 219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің директоры Абай Жомартұлы Ергешовпен тілші сұхбатын ұсынып отырмыз.
Мақала толығымен…
Сұхбаттар
Көлік жүргізу бүгінде екінің бірінің кәсібіне айналды. Ауылдық жерді қайдам, қалада таяқ тастам жердің өзіне шаруаң тірелсе жаяу жүргің келмейді. Сондықтан қаладағы жүргізушілер даярлайтын курстарға жазылып жатқан адамдар арасында 18 жастағы студент пен 60 жастағы қарт болса да таңдануға болмайды.
Бірақ сол ақы төлеп оқытатын қысқа курстардың бәрі бірдей терең де сапалы білім береді дегенге де күмәніміз жоқ емес. Жасыратыны жоқ, қалада күніне ірілі-ұсақты жол апаты кездесіп тұрады. Оның себебі неліктен деп сауал тастаудың өзі әбестік болар еді. Неге десеңіз, рульдегі мас адамның жөні бір бөлек, кейде өрімдей жап-жас қыз-жігіттер отырады. Мәселе олардың жасында да емес, алған дәріс-білімінде.
Мақала толығымен…
Сұхбаттар
Көрнекті қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартайұлы есімінің егемендік тарихымен астасып кеткендігі анық. Соңғы онжылдықтарда – еліміздің басынан кешкен бетбұрысты сәттерінің бәрінде құқықтық саладағы іс басында болған санаулы кісілердің бірі һәм алымдысы да – осы тұлға. Иә, «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, оның Қазақстанның мемлекеттігін қалыптастыруда, егемендігімізді тұғырлы етуде, тәуелсіздігіміздің құқықтық кешенін жасауда атқарған рөліне баға жетпейді. Ол – «ҚР мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияның, «ҚР Президенті лауазымын тағайындау туралы» Заңның, «ҚР азаматтығы туралы», «ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы», «Тіл туралы» Заңдарды жасауға және қабылдануына тікелей қатысқан ғалым. Сұлтан аға қазір де ел игілігі үшін аянбай тер төгіп, заңтану саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлауда, «заңгерлердің ұстазы» атануда. Біз Конституция күні қарсаңында айтулы қайраткермен жүздесіп, тарих белесінде әлі де мәнін жоймаған оқиғалар хақында сұхбаттасқан едік.
Мақала толығымен…
Сұхбаттар
Қытайдағы «Ұлттар» баспасы қазақ редакциясының меңгерушісі – аға редакторы Әлімжан Нұрғазыұлы Астанаға келді. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, ол кісімен сұхбаттасып қалып едік.
Мақала толығымен…
Сұхбаттар
Мақсат Аманғалиұлы, Есік қаласындағы
«Халыққа қызмет көрсету орталығының» директоры:
1.2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту бағдарламасына қандай ұсыныстар қосар едіңіз?
− Өткен жолғы бағдарламаның берген нәтижелері шын мәнінде оңды болды. Қазақ тілінің мәртебесі тек қана қазақ этностарының ортасында ғана емес, еліміздің өзге ұлт өкілдері арасында да жоғары деңгейге көтеріліп, қолдану өрісі кеңейе түсті. Бұрынғы онжылдыққа қарағанда, қазіргі күндері қазақ тіліне деген қажеттіліктің басым түсіп жатқанын халық сезініп отыр. Мемлекеттік тілге толыққанды көшу мәселесінің көтерілуі – бұл заңды құбылыс, заманның талабы. Демек, біздің қоғамда тілге деген немқұрайдылық жоқ. Жаңадан қабылданатын тілдік бағдарламада осындай мәселелер жан-жақты ескеріледі деп сенемін. Мақала толығымен…
Сұхбаттар
Базарбай ЕШМАҒАМБЕТОВ,
Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының бастығы, техника ғылымдарының кандидаты:
Қиын күндер кейін қалды. Мемлекеттік тілдің ертеңіне сенімсіздікпен қараушылардың да қатары азайды.
Соңғы кезде ұлттығымызды рухтау, мәдениетімізді тану, дәстүрімізді құрметтеу шаралары жүзеге асуда. Бүгінгі таңда осы бір игі істердің басында дәл шындығын айтып, әділдігіне жүгінсек мыңдаған оқырманы бар «Ана тілі» басылымы ең алғы орында десек, еш қате емес. Бұл басылымды тек қана әдебиетшілер, мұғалімдер, идеология майданының жауынгерлері оқитын болса, қазірде газетті мұнайшылар да, инженер-техниктер де, тіптен банк саласының өкілдері де таласа оқып жатқаны. Ұлтымыздың барын жарқырата пайымдап, жоғының құдды бір іздеушісіндей әсер қалдыратын қазақ басылымдарына жазылу науқаны кезінде нағыз патриоттық іс көрсетіп жүрген елден ерек басшы, үлкен ұжымның ағасы Базарбай Ешмағамбетов мырза.
Мақала толығымен…
Сұхбаттар
Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Дамыған елдерде экономиканың қомақты бөлігін бизнестің осы түрі құрайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл саланың жаһандық дағдарыс зардаптарына қарсы тұруда шешуші маңызы бар екенін үнемі айтып келеді. Сондықтан да нарықтық экономиканың арқауы болып табылатын шағын және орта бизнесті дамытуға айрықша көңіл бөлуге тиіспіз.
Осы қағиданы ескере отырып кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасын дайындаған болатын. Бүгінгі таңда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылық бағдарламалармен қатар қаржылай емес қолдау көрсету шараларын да жүзеге асырып келеді. Өткен жылы оң нәтижеге ие болған бағдарламаның, биыл екінші кезеңі басталды. Еліміздегі шағын және орта бизнес салаларын дамыту мақсатында қабылданған «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасымен жақынырақ танысу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Бексұлтан Құрманқұловпен сұхбаттасқан едік.
Мақала толығымен…
Сұхбаттар
Ахат Жақсыбаев, жазушы:
«Нағыздың нығызы». Әдебиетте үзеңгі қағыстыра, әзіл-қалжыңы жараса, қатарласа «шауып» келе жатқан қаламгер досын жазушы Тұрсын Жұртбай осылай атайды. Байқасақ, бұл - баға. Баға болғанда да, бестік баға. Біздің бұл кейіпкеріміз – оқырманына «Менің достарым», «Қайырлы таң», «Бозарал» повестерімен, «Егес», «Бөгет», «Қорған», «Қайтпас қайсар» романдарымен танымал қаламгер Ахат Имантайұлы Жақсыбаев. Сондай-ақ «Жаны жайсаң жақсылар» атты естелік кітабымен де талай жүректерге жылу таратқан жазушының қаламгерлік қыры әдеби сында да жоғары бағасын алды. Шығармалары өзге тілге аударылып қана қойған жоқ, өзі де аудармамен айналысып, Г.Хаггардың «Маргарет аруы», Р.Медведевтің «Сталиннің серіктері» кітаптары мен В.Астафьевтің, А.Сергеевтің, Ә.Әлімжановтың повестерін қазақша сөйлетті. Көркем әдебиетте ғана емес, көсемсөздің көрігін қыздыратын журналистикада да өз жолын салған Ахат Имантайұлы талай жауапты қызметтер атқарды. Басылымдарға бас редактор бола жүріп, баспасөздің бағын ашты. Бүгінде жетпіс жасқа толып отырса да, әлі күнге журналистикаға жіті назар салып, қолынан қаламын тастамаған қаламгермен аз-кем сұхбаттасқан едік.
Мақала толығымен…
Сұхбаттар
Аманжол САҚЫПҰЛЫ, «Халық газеті» ЖШС-ның бас директоры, филология ғылымдарының кандидаты:
– Осыдан тұп-тура он жыл бұрын Сыр өңірінің медиакеңістігінде «Халық» деген атпен ақпарат кемесі желкенін керген болатын. Ізашар нөмірдің алғысөзінде: «Саны бар, сапасы аз басылымдардың қатарына қосылудан Құдай сақтасын. Көптің бірі емес, бірегейі болу – біздің арманымыз», – делінген екен. Сол армандарыңыз іске асты ма?
– Біз «Халықты» шығарарда алдымызға халықтың арман-мақсатын қозғайтын Сыр өңірінде жақсы бір басылым қалыптастыруды мақсат еткенбіз. Көптің бірі болғымыз келген жоқ және соған талап қылдық. Аузын ашса, жүрегі көрінетін қазақтың ішінде кешегісін көме салып, келешекке ұмтылатын көзсіздіктер кездесіп қалатыны рас. Біз осы көзсіздіктерді сөзбен түйреп, тезге салып отыруды ойладық. Шыны керек, 2000 жылдың 21 шілдесінде алғашқы нөмірді шығарғанымызда қалтамызда тек баспаханаға жететін ғана қаражат бар еді. «Тәуекел ет те тас жұт» дейтін халықтың ұрпағымыз, жарық көрген жаңа газетті оқырманға тараттық, одан түскен пайдаға келесі нөмірді шығардық. Сөйтіп, бірте-бірте халықпен тығыз байланыс орнатып, нәтижесінде тиражымыз көбейе берді.
Мақала толығымен…
Сұхбаттар
Әкім ТАРАЗИ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты:
– Елорда тұрғындарының шілде айында күтетін үлкен бір мерекесі бар. Ол – Астана қаласының туған күні. Осы жерде менің есіме Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Астана келбеті – ұлт келбеті. Біздің Астанамыз қай жағынан қарағанда да кісі қызығарлықтай, Шығыстың да, Батыстың да айшықтарын қатар қабыстырған қалаға айналып келеді» деген сөзі түсіп отыр. Бұған Халықаралық Сәулетшілер одағының Бас хатшысы Жан-Клод Ригенің: «Халықаралық Сәулетшілер одағының «Құрмет белгісімен» ерекше жағдайларда әлемнің түрлі елдерінен сәулет өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан аса көрнекті қайраткерлер марапатталады. Жоғары награда Президент Н.Ә.Назарбаевқа оның Қазақстанның сәулет өнерін дамытуда көрсеткен, әсіресе, жаңа Елорда – Астана қаласының салынуына байланысты тигізген айрықша көмегі мен қолдауы үшін берілген еді» деген лебізін қосыңыз. Белгілі жайт болғанымен, Астана қаласы Елбасының идеясы ғой… Мақала толығымен…
Сұхбаттар