Қай уақытта да тарихи, саяси-әлеуметтік құбылыстарға дәйекті түрде, жан-жақты, дұрыс мән беріп саралағанға не жетсін? Кешегі қайта құру, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары не демедік?! Жыл өткен сайын сабамызға түсіп, кейде санымызды соғып, «әттеген-ай» деп өкініш білдірген кездеріміз де баршылық. Бұл өткенді аңсағандығымыздан емес, жетпіс бес жыл тарихы бар кешегі Кеңес дәуіріне баға бергенде сыңарезулік танытқанымыздан. Ком-мунистік қоғамның қазақ халқына (тек қана қазақ халқына ма?) зұлымдығымен қоса небір ғұмырлық дүниелерді жасап кеткені айтыла бастады, айтыла да берер. Әрине, бұлар әсіресе болашақтағы тәуелсіз Қазақстанның экономи-калық қуатын арттыру мақсатын көздемегені анық. Бәріне де уақыт төреші. Қалай болғанда да, отау тігіп, енші алғанда дүние-мүлкіміздің қомақты болғаны рас. XX ғасырға (1917-91ж) дейінгі тарихи кезеңдерде мұндай байлық қазақтың өңі түгілі, түсіне де кірген емес. 1945 жылы отау көтерген Теміртау қаласында өндірістік күштердің шоғырлануы егеменді еліміздің экономикалық қуатына елеулі үлес қосып отырғанын тілге тиек етсек те жеткілікті. Әсірелеп айтсақ, Темір менен Тау қосылып, хан да, қара да арнайы атбасын тіреп келетін үлкен шаһарға айналды. Тегеуріні қатты, қарқыны күшті осы екеуі ел игілігіне айналды. Небір тағдырлар тоғысты. Байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен өрімдей жастар жиналып, үш жүздің басын қосып, тауды бұзып, тасты жарды, теуіп темір үзді. Отпен арпалысып, жалын болып алаулады. Мақала толығымен…
Ой-ұшқын
Бүгінгі жаһандану кезеңіне тап келген қазақ руханияты жайлы қатты алаңдап, жиі қалам тартатын қарымды қаламгер, филология ғылымдарының докторы, профессор Бақыт Кәрібаеваның есімі әдеби-ғылыми ортаға ғана емес, қара орман қазақ оқырманына да кеңінен танымал. Оқырман жүрегін жаулау оңай дүние емес екені мәлім. Әсіресе, әдебиеттану мен сыни еңбектер оқырман таңдайды емес пе! Бұл, біріншіден, қазақ оқырманының бүгінгі талғам биігін межелейтіндей. Себебі Бақыт Кәрібаеваның қарымды қаламы өнер сиқыры дарыған, өзіндік қолтаңбасы бар дүниелер туғызып келеді.
Мақала толығымен…
Ой-ұшқын
Араға төрт жылды салып, ақын Мейірхан Ақдәулетұлының «Дәруішнамасына» қайта айналып соғуға ниет байлап отырмыз. Ел есінде болса, біз бұл кітап жайында төрт жыл алдын мақала жазып, жариялаған болатынбыз. Көп болмағанмен, оқып шыққан жұрт әр нені аңыс еткен еді. Біздікі сол қатардағы кезекті тамыр басып, тал қармап көру болатын. Қапы кетсек, әл-қуатымыздың жетпегені. Бірақ ниет түзу, көзқарас оң. Және озат өлеңдердің жақсы екенін біле тұра қол қусырып отыру көпе-көрнеу бақастық болар деп түсіндік. Сол себепті де іркіле алмадық. Өйте алмағанымыздың, анығында, тағы бір себебі болды.
Мақала толығымен…
Ой-ұшқын
«Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». Ұстазым Қалағаң, Қали Сәрсенбайдың көргенін күнделігіне түртіп жүретін әдеті бар еді. Ол газет бетінде мөлдіреген моншақтай болып «Сөз сәулесі» деген атпен жарияланатын. Ұядан көргенімізді жасаймыз ғой. Біз де көрген-білгенімізді қағазға түсіріп көрдік. Аузымызға Алла сөз салды. Байқап көріңіз… Мақала толығымен…
"Ана тілі" - 20, Ой-ұшқын
Қазақ баспасөзінің бастау тарихында тұрған газет атауларының өзі өзіндік маңызы, мақсатын нақты айқындап тұр десек артық айтқандық емес. Мақала толығымен…
Ой-ұшқын
— Бұл көктем өзгеше-ә?
— Өйткені, сіз барсыз…
— Қысы да басқаша болыпты-ау, ызғарсыз…
Күліп жібердік. Шылым тұтаттым. Мақала толығымен…
Ой-ұшқын
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,-деп жырлаған Исрайыл Сапарбаевтың осы бір қара өлеңі, өз заманының қылықты Қызжібектерін, балғын мінезді Баяндарын, еліктей ерке сұлу Еңліктерін сағына жырлайтындай көрінеді. Мақала толығымен…
Ой-ұшқын