Төртқара Бәймен бидің заманында Жансүгір деген бай болыпты. Екеуі Темірастаудағы бір қопаға даулы болыпты. Сол кезде Арыстан деген правитель (аға сұлтан) екен, соған айтыса барыпты. Жансүгір бай правительге параға тоғыз ақ нар беріпті, правитель пара берген байға төрелік бұйырып, жерді соған беруге билік істепті. Бәймен Жансүгірдің параға тоғыз ақ нар бергенін біліп қалып, правительге келіп былай депті:
Мақала толығымен…
Даналық мәйегі
Мөңке бидің бала кезінде бір бай жоқ сұрау үшін көш алдында келе жатып, ауылдың жанында асық ойнап жатқан бір топ балаға жолығыпты. Балалардың бірі байдың атын үркітеді. Оған бай ашуланып, әлгі баланы қуалайды. Байдың мінгені асау байтал екен, баланың желбіреген көйлегінен үркіп мөңкиді. Мөңкіп жүргенде байдың басынан бөркі ұшып түседі. Байтал одан бетер тулап, байды жығып кетеді, бай қаза табады. Сонан кейін байдың тумалары және елінің игі жақсылары жиналып келіп, балалардың елінен құн сұрайды.
Мақала толығымен…
Даналық мәйегі
Ұлы жүздің арасыңда Қайдар деген жігітті ел билемекке белгілейді. Сонда көпшіліктің ішінде бұрын жол көргендері айтыпты:
– Сен Арғын Алшағыр биден бата ал, «Баталы ер арымас» деген. Онсыз билікке айтқан сөзіңде пәтуа болмайды, – дейді. Содан кейін Қайдар Алшағырға келіп сәлемдеседі. Алшағыр: «Шырағым, жолың болсын, қандай бұйымтайың бар еді?» – депті. Қайдар «бір-екі ауыз сұрайтын сұрағым бар еді», – дейді.
Мақала толығымен…
Даналық мәйегі
Дұшпан – тазы, біз – түлкі,
Қашсақ, ерікке қоймайды,
Інге кірсек, суырып,
Бір пәлеге жолықтық
Құлғанадай қадалған.
Мақала толығымен…
Даналық мәйегі
Шақшақұлы Жәнібек батыр Төле биге: «Түзу мылтық ұшқыр құс, жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат – бесеуін жиып қойдым. Боз бала болып ерлік қылайын ба? Үлгі алып, билік құрайын ба? Еліңде кәрің болса – жазулы тұрған хатың. Жайлаған көліңнің алдында төбе болса – ерттеулі тұрған атың деуші еді, ақыл сұрайын деп келдім», – дейді. Мақала толығымен…
Даналық мәйегі
Қазақ құлшылығым құдайға лайықты болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды қылып, жығылып тұрса болғаны. Саудагер несиесін жия келгенде, «тапқаным осы, біттім деп, алсаң – ал әйтпесе саған бола жерден мал қазамыз ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Мақала толығымен…
Даналық мәйегі
«Ынсап» қоғамдық қорының бастамасымен Түркістан қалалық әкімдігі мен білім бөлімі және «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастыруымен Түркістан қаласында мектеп оқушылары арасында Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын жатқа айту байқауы өтті. Мақала толығымен…
Даналық мәйегі, Елтану
Орта жүз Қошқарұлы Жәнібек он үш жасқа келгенде ұлы жүзде Қараби деген аузы дуалы, өзі білімді би бар деген даңқын естіп, содан барып бата алуға жолға шығады. Ол қазақ пен қалмақтың жауласып жатқан кезі болса керек. Бұлардың барар жолын қалмақтар басып алып, олар өте алмай үйіне қайтып келіп үш жыл жатады. Мақала толығымен…
Даналық мәйегі
Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.
Әуел – пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды, сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалып.
Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып, іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойласа көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен. Мақала толығымен…
Даналық мәйегі
Нұрым Шыршығұлұлы
…Бұл дүниені байқадық
Маңдайдағы көзбенен.
Әрбір түрлі жол айттық
Оралған қызыл тілменен. Мақала толығымен…
Даналық мәйегі