Ол сабақтан келе сала теледидарды қосты. 9 мамыр жақындағалы бері қарттарды жиі көрсетіп жатыр. Ертең тағы ардагерлермен кездесу. Ал ауылда кеудесіне орден таққан қарттар аз емес. Сыртқы есік ашылды.
– Ата, неге асықтыңыз? Айттым ғой, малды сабақтан келген соң суарам деп. Керзі етік күрс-күрс етеді.
– Уф, – атасы күрсініп алды. Шеткі орындыққа отырып, шұлғауын тарқатып жатыр. Қара бұлтты жарып шығып, жан-жағына шашыраған күннің сәулесіндей еденге сап-сары сабан төгілді.
Мақала толығымен…
Мөлтек сыр
Махаббат дегеніміз не нәрсе екен? Соңғы кезде осы ғаламат сезім жайында көп ойланам. Бала кезімізден оқып-білген «Ромео–Джульетта», «Тристан–Изольда», «Қозы мен Баян», «Ләйлі мен Мәжнүн» сияқты аңыз жыр-дастандардан қос ғашықтың арасындағы мәңгі махаббат жайында біліп келдік. Өзіміз де сондай сәтті армандадық. Сосын өлдім-талдым, сенсіз өмір жоқ деп күйіп-пістік. Шабыттанып өлең шығарып, парақ-парақ хаттар жаздық. Жатсақ-тұрсақ сол қызды ойлап ғашықтық дертімен ауырдық. Міне, махаббат! Одан өзгенің керегі жоқтай, басқа әлемде өмір сүріп жатқандай әуре-сарсаңға түстік. Мақала толығымен…
Мөлтек сыр
… Білесіздер ме, жаңа ғана көріп біткен фильмнің әсерінен шыға алар емеспін. Атының қандай екенін де білмеймін, мен теледидарды қосқанда фильм орта тұсына жетіпті. Үш апта ғана өмірі қалған адам жайлы. Ал, бір-ақ сол қалған күндерін қалай өткізгенін көрсеңіз ғой. Мақала толығымен…
Мөлтек сыр
Мен сені түсімде көріппін. Иә, көріспегелі де көп болыпты-ау! Ешкім естіп қоймасын. Сағыныппын. Сен де сағынған шығарсың. Кім білсін? Бір мезетке ұмытқым келді. Жан тәніммен. Соны қалағам. Бірақ, жүрегім иә, иә жүрегім бағынатын емес. Мақала толығымен…
Мөлтек сыр
Арадағы хаттардың тоқтағанына көп болды. Бірақ ол күнде хат жазатын. Жолданбайтын хаттар жазатын. Мақала толығымен…
Мөлтек сыр