«Ана тілі», №48, 7 желтоқсан, 1995 ж.
«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде» (үшінші басылымы, 1988-жыл) «жұдырық», «жұмырық» деген өзара ұқсас екі сөз бар, бірқатар газеттерде осы екі сөз бірталайдан бері шатастырылып, жаңсақ жазылып жүр.
Мысал үшін, «жұмса – жұдырығында» деп жазу – бұрыс, мұның дұрысы – «жұмса жұмырығында». Егер бес саусақты жұмсақ, оның ішкі беті – жұмырық, ашсақ – алақан. Ал «жұдырық» дегеніміз – жұмған саусақтардың сыртқы буындарының шодырайып шоқпарға ұқсап, түйіліп тұрған түрі. Бұлар – жай сөйлем емес, тұрақты сөз тіркесі. «Жұдырық» пен «жұмырықтың», асықтың бүгесі мен шігесі сияқты, өзара айырмашылығы барын білу керек. Егер мұны мақала авторы жазатайым шатастырып жазып жіберсе, оны түзету – қолжазбаны қараған редакция қызметкерінің міндеті. Сөздің қадірін түсірмеу үшін әрдайым екі жақтан да ұқыптылық талап етілгені жөн. Мақала толығымен…
«Ана тілінің» жылнамасынан
«Ана тілі», №38, 5 қазан 1995 ж.
Не жасыратыны бар, осыған дейін сыртқы жаулап алу қаупінен де, ішкі бүліктен де жасқана қимылдап отырдық. Кейде маған Елбасы «жаңбыр-жаңбырдың арасынан» жол тауып келе жатқандай көрінеді. Қазір сыртқы қауіпсіздігіміз мығым. Оған алаңдамай-ақ, барлық жігерді мемлекеттің ішкі құрылысына жұмылдыру ғана қалып тұрғандай.
Мақала толығымен…
«Ана тілінің» жылнамасынан
«Ана тілі», №27, 7 шілде, 1994 жыл
Бізбен көршілес Өзбекстан Республикасында бүгінде тіл тазалығы, ұлттық тілдің ішкі мәдениетін көтеру төңірегінде түбегейлі тірліктер атқарылып жатыр. Түрік тілдеріндегі терминология жағдайына да жан-жақты назар аударып, биылғы қыркүйекте осы мәселе бойынша халықаралық мәслихат өткізбекші. Себебі өзбек бауырларымыз бүгінгідей экономикалық ауыртпалықтардан ары кетсе бес-алты жылда айығатынын, ал абайламаса, ұлт үшін тіл сақаулығы, діл мәңгүрттігінен қауіпті дерт жоқтығын терең түсінеді.
Мақала толығымен…
«Ана тілінің» жылнамасынан
«Ана тілі», №4, 27 қаңтар, 1994 жыл
Ана тіліміздің аясын кеңейту үшін, оның кәсіптік салаларда қолданылуын қамтамасыз ету үшін мектеп, училище, институттардың оқу құралдарын қазақ тілінде молынан шығарған абзал. Бірақ бұл істі кешеуілдетіп жатқанымыз әмбеге аян. Осы мәселе қазақтың география ғылымын да айналып өтпеген.
Мақала толығымен…
«Ана тілінің» жылнамасынан
«Ана тілі», №25, 24 маусым, 1993 жыл
Жақында жолы түсіп үйіме келген бір-екі замандасымның мені жерге кірердей етіп ұялтқаны бар.
– Әй, кәртөшкемұрын-ау, сенің балаңа мен бір келін тауып отырмын, – дегені ғой әлгі қу тілді құрдасым Орманның.
– Оның кім-ей, – деппін оның нендей пиғылмен айтып отырғанын ұға алмай.
– Үйіңде сампылдап сөйлеп тұрған радионы да тыңдамайды екенсің ғой, сорлы бейбақ. Таң атқалы бергі бірер сағаттың ішінде үш-төрт мәрте есіттім: Бағдаркүл дей ме, әлде Бағланкүл дей ме, әйтеуір бір қыздың атын атап, сонымен «таныс болыңыздар» деп қайта-қайта қылқылдап тұрды… – дей бергенінде, оның жанындағы Беркімбай да, менің жанымдағы кемпірім Шаңқобыз да – барлығымыз хорға қосылғандай жаппай күлісіп алдық. Мақала толығымен…
«Ана тілінің» жылнамасынан
«Ана тілі» №40, 20 желтоқсан 1990 жыл
Ана тіліміз тек қана күнделікті қарым-қатынас құралы ретінде емес, ғылым мен техника саласына да кеңінен аяқ басуы керек. Мақала толығымен…
«Ана тілінің» жылнамасынан
«Ана тілі» №38, 13 желтоқсан 1990 жыл
Үстіміздегі жылғы қарашаның 6-сы күні теледидардың Алматы каналы бойынша «Қазақтелефильмнің» екі туындысын көрсетті. Мақала толығымен…
«Ана тілінің» жылнамасынан
«Ана тілі» №37, 29 қараша 1990 жыл
Тіл – халық қазынасы. «Өнер алды – қызыл тіл» деп білген халқымыздың тілінің тазалығын, тілінің байлығын қастерлеп, оның бүгіні мен ертеңгісін ойласу және ол туралы ашық пікір алысу ортақ іс. Мақала толығымен…
«Ана тілінің» жылнамасынан
«Ана тілі» №32, 25 қазан 1990 жыл
Өткен жексенбіде Алматыда «Қазақ тілі» қоғамының құрылғанына бір жыл толуына орай тұңғыш Тіл мерекесі болды.
Мерейлі мерекені кіріспе сөзбен республикалық «Қазақ тіл» қоғамының вице-президент Ө.Айтбаев ашты. Салтанат рәсімінде «Қазақ тілі» қоғамының президенті, академик Ә.Қайдаров, Қазақ ССР халық жазушысы X.Ерғалиев, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы Ө.Жәнібеков құттықтау сөз сөйледі. Мақала толығымен…
«Ана тілінің» жылнамасынан
«Ана тілі» – 20: жаңалықты жетектеген жылнама
«Ана тілі» №26, 13 қыркүйек 1990 жыл
Қазір мемлекеттік құқыққа ие болған казақ тілінің абыройы биіктеп, мерейі өсіп келеді. Бұрын жұрт алдында орыс тілін білмегендер қысылса, енді қазақ тілін білмегендер қызаратын болды. Бұл – жақсы нышан. Мақала толығымен…
«Ана тілінің» жылнамасынан, Тіл