Мұрағат

‘Сегізінші қазына’ бөлімінің ақпараты

Кітап оқисыз ба? Әр қазақ жылына 3-4-ақ кітап сатып алады

«Кітап маған тақтан да қымбат». Бұл – У.Шекспирдің сөзі. Ал Д. Дидроша айтсақ, «Адамдар оқудан қалғанда ойлаудан да қалады». Абай Құнанбаев «Артық білім – кітапта» деп ақыл қосқан. Кеңес үкіметі тұсында кітап оқу білімділіктің көрсеткіші, кітап қорының молдығы бақуаттылықтың белгісі еді. Ал бүгін ше? Бүгінгі қазақ кітап оқымайтын болды. Ғалымдар оқуға деген қызығушылықтың төмендеуін масс-медианың дамуымен байланыстырады.

Мақала толығымен…

Сегізінші қазына

Айтыс - ақпараттың бір саласы

Жақында қолымызға Астанадағы «Фолиант» баспасынан биылғы жылдың қаңтар айында шыққан қарағандылық белгілі ғалым, айтыскер ақын Қойлыбай Асанұлының «Айтыс өнерінің публицистикалық сипаты» атты монографиясы түсті. Шынтуайтында, сөз өнерінің аса асқақ үлгісі – ақындар айтысы нағыз қайшылықтар аспанынан шағырмақ бұлттай жай тастар құбылыс қой. Қос ақынның дүйім жұрттың алдында сөз қағысуы елдің көкейіндегі ойды көрікті оймен кестелеп, жарияға шығаруы – өзге ұлт-ұлыс үшін ерек сыпаттағы өнер. Ал қазақ үшін дәстүр. «Айтыс өлеңдері – көнеден келе жатқан ауыз әдебиеті саласының үлкен, негізгі үлгілерінің бірі. Оның өзіндік пішіні, табиғаты, көркемдік ерекшеліктері бар. Екіншіден, айтыс өнерінің ғұмыры белгілі бір уақыт кеңістігімен өлшенбейді. Оның пайда болып, қалыптасуы табиғи заңдылық болса, өсіп-өркендеп, дамуы да солай жалғаса береді. Яғни ғылыми-техникалық прогресс заманында өмір сүріп, жазба әдебиетіміз бен поэзиямыз кемеліне келіп, әлем өркениетімен иық тірестіре алатын дәрежеге жетсек те, айтыс өнері өз миссиясын тоқтатпақ емес. Оған себеп – «Айтыс өнері – қазақтың табиғатында, қанында бар өнер екендігі» дейді автор. Мақала толығымен…

Сегізінші қазына

Әсерлі әңгімелер

15-Сәуір. 2010

Әсерлі әңгімелер«…Мен шарбақтың арасынан қолымды созып, оның басынан сипадым. Содан соң бейкүнә қыздың көз жасын сүртпек болғанымда, саусағымның ұшы сақалына тиіп кетіп, денем дір ете қалды. Ол сезді… Сезді де басын тез тартып ала қойды». Мақала толығымен…

Сегізінші қазына, Әдебиет

Өмір – өткел

4-Ақпан. 2010

Елдің құрметті азаматы, отставкадағы полковник Ғабдолмәжит Сабырәліұлының «Өмір-өткел» атты кітабын басынан аяғына дейін әр сөзінің астын сызып отырып оқып шықтым. Өйткені бұл кітапты қазақ елінің құрметті ақсақалы Ғатих Маштақұлы өз қолымен әкеліп маған табыс етіп, пікір айтуымды сұраған еді. Мақала толығымен…

Сегізінші қазына