Мұрағат

‘Әлеумет’ бөлімінің ақпараты

Қара орманың – қазынаң немесе қаскөйліктен қашан құтыламыз?

18-Тамыз 2010

Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алыпты. Ең өкініштісі, бұл өрттердің 70 пайызы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан және қасақана әрекеттердің кесірінен болған көрінеді. Яғни адами фактор табиғи үдерістерге қарағанда басты зиян келтіруші болып отыр. Статистикаға сүйенсек, өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойса, соның ішінде ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында орны толмас флоралық және фауналық шығындарға ұрындырған.
Мақала толығымен…

Әлеумет

Оралдағы оң өзгерістер

18-Тамыз 2010

…Бәрі де күні кеше сияқты. Өңіріміздің Сырым және Қаратөбе аудандары тұрғындарының жылдар бойы арман еткен игілікке қол жеткізгендеріне. Өйткені өзге де құрметті қонақтармен бірге сол аудандарға барған облыс әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов 28 маусымда Сырым және Қаратөбе елді мекендерінде «көгілдір отын» алауын салтанатты түрде тұтатты…

Мақала толығымен…

Әлеумет

Адам өміріне айрықша қамқорлық

18-Тамыз 2010

Дүниедегі ең асыл қазына – адамдардың амандығы, яғни адамзаттың өмірі. «Қамшының қысқа сабындай бір күндік жарық сәуле өкінішсіз, тосын оқиғасыз өтіп, өмірлері күлкімен, шаттықпен өрнектелсе екен» деп, үлкеннің де, кішінің де Алладан тілейтіні – осы амандық. Әрине, өмір болғасын бейнеттің де, қиындықтың да кездесетіні рас. Бірақ «сақтансаң – сақтармын» деген нақыл сөзді жадында ұстап, айналасына жауапкершілікпен қарап жүргенге не жетсін?! Күнделікті ақпараттан құрылыстағы, шахтадағы, зілзала, жол апаттары кесірінен дүниеден өтіп жатқан алтын асықтай азаматтарды, жәудіреген бүлдіршіндерді көргенде тұла бойың түршігеді. Апырай, «адамның басы – Алланың добы, маңдайға қай күні жазылса, сол күні алады» деп жұмыста болсын, тұрмыста болсын, адам өміріне немқұрайды қарайтыны несі деп өкінесің. Әрбір оқиға сайын көптің көкейінде жүрген, миымызды мазалайтын – осы жайт. Бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр….

Мақала толығымен…

Әлеумет

Жазғы демалыс орындарының жағдайы қалай?

d0bad0bed0bad188d0b5

Қазір жаз айы.
Көп адам осындай уақытта еңбек демалысына шығады. Бұл да жөн шығар. Өйткені бұл маусым бой жазып, еркін тынығуға әбден қолайлы.

Жақсы. Демалған дұрыс делік. Сонда қайда демалуға болады? Шет елдердегі керемет демалыс орындарында ма, әлде өз елімізде, өз жеріміздегі демалыс үйлерінде, санаторийлерде ме? Бұл жерде жұрттың қалауына кесе-көлденең тұру да жөн емес. Қайда демалам дейді – бұл әркімнің өз еркі. Алайда, осылай болғанымен реті келіп тұрғанда өз республикамызда – Қазақстанда да басқаныкінен еш кемдігі жоқ демалыс орындары жеткілікті екенін айта кеткенді парыз санап отырмыз. Ондай жерлермен көпшілік сырттай қанық та. Бурабай, Сарыағаш, Меркі… аттары тіл ұшына орала кеткенде бұл жерлердің елімізге белгілі демалыс аймақтары екенін жақсы сезінеміз.

Мақала толығымен…

Әлеумет

Көп қабатты үй немесе күрмеуі көп мәселелер

29-Шілде. 2010

Әлхисса, бұл мәселені әлеуметтік емес, мәңгі тұрмыстық мәселе десе де болғандай. Жетпісінші – сексенінші жылдары «хрущевка» деп аталатын аядай-аядай бөлмелері бар үйлер салынып, қала тұрғындары бірінің үстіне бірі тоғытылған тоқтыдай топырлап қоныстанған болатын. Сол жылдары боз даламыздың бір бозторғай ақынына облыстың бірінші хатшысы тоғызыншы қатардан үй беріп, оның «өзім кішкентай адам едім, енді тоғызыншы қабаттан торғайдай болып көрінетін болдым» деген ащы мысқылы осы күнге дейін жадымызда жатталып қалды. Одан бері талай жылдар жылжып өтті. Еліміз сан ғасырлар аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізді.
Мақала толығымен…

Әлеумет

Оңтүстік өркен жая береді

29-Шілде. 2010

Оңтүстік Қазақстан — республиканың оңтүстігінде, Сырдария алқабында орналасқан, терістігінде Қарағанды, батысында Қызылорда, шығысында Жамбыл облыстарымен, ал оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Және де ұлтымыз үшін, қала берді дін мұсылман баласына қастерлі рухани орталықтар да осында шоғырланған. Бірақ айтпағымыз ол емес. Жер көлемі шағын –117,3 мың шаршы шақырымды құрағанына, яғни Қазақстан аумағының 4,3 пайыз бөлігін алып жатқанына қарамастан бұл өңір әлеуметтік өсімдері зор еліміздегі ең бір экономикалық белсенді аймақтардың біріне жатады. Ендігі тақырыбымыз сол туралы болмақ.
Мақала толығымен…

Әлеумет

«Алты Алаштың» арыз-арманын кім тыңдайды?

21-Шілде. 2010

1-bet4

Бәрі есінде. Қалай ұмытсын?..
2003-тің жазында Астанаға ат басын бұрғандардың қатарында Жамбыл облысының, Шу аймағынан Рахымбаевтардың отбасы да қоныс аударды. Отағасы Ылшыбай жұмысқа орналас­ты. Мамандығы бухгалтер Мейрамгүлдің жұмысқа табан іліктіруі ұзап кетті. Не істеу керек? Астанадай мегаполисте жалғыз жанның жалақысымен төрт бала, екі үлкен кісінің жан бағуы қиын. Бармаған жері, ашпаған есігі қалмады. «Жасыңыз қырықтан асқан екен әрі бос тұрған орын жоқ» дейді бәрі де бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай. Бір сауда дүкеніне сәкі жууға бел буды. Бүйтіп жүре беруге бола ма?!.

Мақала толығымен…

Әлеумет

Мәскеудегі киіз үй қашан бой көтерер екен?

21-Шілде. 2010

2009 жыл. Жазғы демалыс алдында, кезекті іссапардан оралған бетім телефоным безілдеп қоя берді.Телефоннан Нахабинодағы гольф-клубтың басқарма бастығы, полковник Николайдың «Привет, Жаркын! Приезжай, поговорим» деген қобалжыңқы дауысы естілді. Ертең түске қарай жолығуға келістік.
Еркіннің ақ жигулиімен шырша, қарағай аралас сымбатты сұлу қыздардай қайыңдары бар орман ішімен келеміз. Бұл жердің ағаштары да ерекше, әрқайсына жапсырып қойған жеке құжаты бар.

Мақала толығымен…

Әлеумет

Қазақ қой соя алмайтын халге жетті

14-Шілде. 2010

d0b1d0b0d180d0b0d0bd1

Жергілікті жұрт «Катализатор» атап кеткен қасапханаға жақындаған сайын қан-жынның иісі қолқаны қабады. Қорасы бар, қопсысы бар – бұл аумақ атшаптырымдай болғанымен, қасапхананың өзі аса үлкен емес. Төбесі жабылып, қақ ортасынан екіге бөліне салғаны болмаса, алқам-салқам, ашық-шашық. Көргендердің айтуынша, бұл жер бұрын бұдан да өткен былық болғанға ұқсайды. Әнеу жерде тілерсектерінен төмен қарата ілінген ірі қараларды төрт-бес жігіт сойып жатыр. Бер жағында бес-алты әйел ішек-қарын аршып отыр. Ішек-қарын аршып отыр дегеніміз болмаса, нені тазалап отырғанын болжау қиын. Үстеріндегі киімдерінен оның әу баста қандай түсті болғанын аңғара алмайсыз.

Мақала толығымен…

Әлеумет

Қазыналы Атырау қарқынды дамып келеді

23-Маусым. 2010

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Атырау облысында болып, еліміздің экономикасына соны серпін беретін бірқатар нысандарды аралады.Алдымен Үкімет басшысы «Атырау сауықтыру кешенінде» өткен «Нұр-Отан» ХДП-ның «Біз Көшбасшымен біргеміз» атты форумына және «Ақжелкен-2010» шарасына қатысып, ҰБТ қорытындысымен жоғары балл жинаған бір топ түлектерге «Алтын белгі» белгісі мен аттестат тапсырды. Жас өрендерге сәт-сапар тіледі. Мақала толығымен…

Әлеумет