Күні бүгінге дейін талай ұлт жанашырларының түн ұйқысын төрт бөлгізіп, «қалай болар екен» деген оймен жандарын жегідей жегізген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы», Алла бұйыртса, қазан айында Үкіметте қабылданып та қалар. Олай деуге себеп – өткен аптаның бел ортасында Елордада өткен ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің берген тапсырмасы. Мақала толығымен…
Тіл
Нұргелді УәлиҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы:
Қазір еліміздің әр түкпірінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының жобасы қызу талқылануда. Осыған орай филология ғылымдарының докторы Нұргелді Уәлиұлы аталмыш жобаның «бәрекелдісі» мен «әттеген-ай» дейтін тұстарына өз пікірін білдірді.
Мақала толығымен…
Тіл
Республикамызда «Тіл туралы» Заңның да алғаш қабылданғанына 20 жылдан асып барады. Ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Біраз шаруалар атқарылды, бірақ шынтуайттап келгенде, әлі де мардымсыз. Мемлекеттік тілімізді барлық салаларға енгізудің жүрісі мимырт, қозғалысы баяу. Сонда «тіл, тіл» деп алқалы жиындарда Шахановты ғана шырылдатып қоймақпыз ба?! Ол – тіл, рух, халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрі дегенде шыбын жанын тәуекелге байлаған жан. Ал сондай адамның бастамалары мен игі істерін біздің кейбір қандастарымыз мойындағысы келмейді. Керісінше, басқа ұлт өкілдері тілімізді үйренуге құлшыныс байқатуда. Биліктегі кейбір космополиттер бұл проблеманы тек сылап-сипап қойғысы келеді, ашық қарсы да келмейді, бірақ іштей қарсылық тудыртып, өздерінің теріс пиғылдарын іске асыруда. Өйткені қазақ тілі қанат жайса, орынтақтарынан айырылып қалуы мүмкін. Себебі жейтін нанын орысша тауып жүр, бала-немерелері шетелде оқуда…
Мақала толығымен…
Тіл
Былтыр республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бірнеше санында «Еуразиялық экономикалық қауымдастық» дейтін материал жарық көрді («Егемен Қазақстан» газеті, №438…447, 2009). Осыған орай материалда қолданылған (XVI бөлім, 84 және 85-топтар) кейбір электротехникалық атаулар мен сөз тіркестерінің қазақша тәржімесі туралы өз ұсынысымды білдіргім келеді (Бірінші бағанада құжаттық нұсқасы, жақша ішінде орысшасы, ал екінші бағанада автордың ұсынысы мен пікірі келтірілген):
Мақала толығымен…
Тіл
Өткен аптада Атырау әкімдігінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылаған жиналыс өтті.
Мәжілісті ашып, жүргізген облыс әкімінің орынбасары С.Аманғалиев бұл шара шілденің 26-сы күні Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің қатысуымен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылаған кеңейтілген мәжілістің аймақтардағы жалғасы екендігін атап өтті.
Мақала толығымен…
Тіл
Жуырда Алматы қаласында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» жобасын талқылауға арналған мәжіліс өтті.
Мақала толығымен…
Тіл
Осыдан бір ай бұрын Астанада өткен алқалы жиында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы таныстырылғандығы белгілі. Осы отырыста Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жобаны бір ай ішінде еліміздің барлық аймақтарында талқылауды тапсырған болатын. Бағдарламаны әзірлеген құзырлы орган − Мәдениет министрлігінің ресми өкілдері әр облыс орталықтарында бұқарамен арнайы кездесулер өткізіп те үлгерді. Мәдениет министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева, Тіл комитетінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Бауыржан Омаров, Астана қаласы әкімдігі «Руханият» мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры, ф.ғ.к. Ербол Тілешов бастаған топ Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар өңірлерінде қызу талқылау жұмыстарын жүргізді.
Мақала толығымен…
Тіл
Үкімет үйінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын талқылауда мемлекеттік тілдің болашағына алаңдаған тіл жанашырлары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, танымал саясаткерлер, ғалымдар мен белгілі тіл мамандары бас қосты. Мақала толығымен…
Тіл
Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік тіл саясатының тағдыры тұғырына қонды деп нық сеніммен айта аламыз. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Қазақстан халқы қазіргі кезеңде қоғамымызды біріктіру факторы, елдігіміздің нышаны − мемлекеттік тілімізді қолдау керектігіне көз жеткізді. Сондай-ақ елімізде тұрып жатқан ұлттар мен ұлыстардың ана тілдері де мемлекет тарапынан қолдауға ие болуда. Осыған орай тіл саясаты нормативтік базаны жетілдіруді қажет етеді. Мақала толығымен…
Тіл
Елбасының: «Толыққанды тілсіз толыққанды ұлт болу мүмкін емес… Ұлтты күшейтудің бірінші тетігі – тіл», – деген ғибратты сөздері әрбір көзі қарақты азаматтың көкейінде жатталары сөзсіз. Біз де өзгелердей іргесі мықты, әлеуеті күшті өркениетті ел боламыз десек, тіліміздің өрісі мықты, қадамы құтты болуына барша халқымыз болып, ортақ тілеулестік білдіруге тиіспіз.
Мақала толығымен…
Тіл