Мұрағат

‘Елтану’ бөлімінің ақпараты

Жоба да, ауа да қажет

Республика бойынша инвестиция мол тартылған аймақтардың бірі Атырау облысында сүбелі индустриялық жобалардың жүзеге асатыны белгілі. Атап айтқанда, мұнай өңдеу зауытында хош иісті өнімдер жобасы, газ-химия кешені, мұнай төгінділерін жинайтын база сияқты өндіріс ошақтары ел экономикасына серпін беретін жобалар екені даусыз.  Мақала толығымен…

Елтану

Ұлттық атауларда үлкен мән бар

Ел еңсесін көтеріп, рухын асқақтататын мәдени құндылықтардың бірі әрі бірегейі – ұлттық атаулар. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан ұлттық ономастикалық жүйесі бар. Егер тереңірек ойлап қарасақ, ономастикалық атаулар – осы жердің егесі қазақ екенін білдірумен қатар, тіл тәуелсіздігін де жалпақ жұртқа паш ететін ұлттық дүние. Ұлттық дүние бір ұлтқа тиесілі болғанымен, ол жалпыадамзаттық құндылық. Мысалы, Отырар, Тараз, Түркістан, Арал, Сарыарқа, Байқоңыр, Алматы, Астана атауларында қаншама тарих, терең сыр, мән-маңыз, мағына жатыр десеңізші. Ежелгі әрі жаңа Қазақстанды бүкіл әлем осы қазақи ұлттық атаулар арқылы танып келеді. Шынында, қазақтың терең мағыналы бір сөзі арқылы тіліңді, жеріңді, еліңді, мәдениетің мен тарихыңды дүниежүзі танып жатса, одан артық қандай идеология керек?! Алда қабылданатын 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында осы үрдіс жалғасын тауып жатса, құба-құп. Мақала толығымен…

Елтану

«Алпамыс батыр» жырындағы тектілік мәселесі

29-Сәуір. 2010

Ұлтанды құл деп таныстырып, оның сүйкімсіз етіп көрсетілгені 1956 жылғы дау-дамайда «Алпамыс» жырын сынап, халықтық сипаты жоқ деген ой айтуға итермелеген. Бірақ бұл образ туралы М.Ғабдуллин: «Оның ұнамсыз бейнеде алынуы Ұлтанның құл болғандығында емес, ісінде. Тіпті жырдың қай вариантын алсақ та, Ұлтан шын мәніндегі құл да емес. Ол – Алпамыстың немересі, Құлтайдан туған бала. Ұлтан өсе келе, Алпамыс секілді ел қамқоршысы емес, өз дәрежесінің үстем болуын көздейді», – деп аталмыш жырдың идеясын анықтаушы маңызды жағдайды көрсеткен.

Мақала толығымен…

Елтану

Этнографпен әңгіме

15-Сәуір. 2010

Этнографпен әңгіме(Соңы. Басы өткен санда).

– Осы «Алпыс екі қоңыр» күйі қашан шықты, авторы кім, қалай жетті бізге?
– Мәселен бізде «Шыңырау» деген күй бар. Бұл күйдің мағынасы ежелгі аңыз бойынша мынаған саяды. Мазмұны өте терең. Шыңырау дейтін Қыран құс. Шыңырау жылда бір жұмыртқа табады. Оны бір қанаты бар айдаһар келіп жеп кетеді. Мақала толығымен…

Елтану

Қара Қыпшақ Қобыланды

15-Сәуір. 2010

Қара Қыпшақ Қобыланды Қыпшақты жауға бергенің
Ол да саған өлім-ді
«Қобыланды батыр» жырынан

Батырлық қазақтың бешенесіне жазылған. Өйткені ұлын құл, қызын күң қылып, өзгегеге телміртіп, жатқа қолжаулық қылғаннан қасірет жоқ алаш жұрты үшін. Батырлық – баба ұғымындағы ең асыл түсінік. Себебі оның ішінде иман, намыс, ар-ождан, мейірім бәрі тоқайласқан. Сондықтан қазақ жүректі деген ең аяулы сөздерінң бірін елін қорғаған ерлеріне телиді. Себебі Каспийден Алтайға дейін көсіліп жатқан ұлан-ғайыр жерді біз білекпен емес, жүрекпен қорғап қалғанбыз! Мақала толығымен…

Елтану, Әдебиет

Этнографпен әңгіме

8-Сәуір. 2010

Этнографпен әңгіме(Жалғасы. Басы өткен санда).
Қазына-қартпен қоштасу
Жұма, яғни сәуірдің екісінен үшіне қараған түнгі сағат екі жарымда аса көрнекті тағдырлы тұлға, ғұлама шежіреші, энциоклопедист ғалым, данышпан қария Жағда Бабалықұлы бұ дүниеден өтті. Тоқсан үшке қараған жасында абыз ақсақал осылай ың-шыңсыз көз жұмды. Мақала толығымен…

Елтану, Сұхбаттар

ҚАҺАРМАН ҚАЗАҚ

1-Сәуір. 2010

ҚАҺАРМАН ҚАЗАҚОл Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылып еді…
«ХАЛЫҚ ЖАУЫНЫҢ» ҰРПАҒЫ

Ұлы Отан соғысы деп аталатын 1941-1945 жылдары болған сұрапылда неміс-фашист бас­қыншыларымен аяусыз алысқан қаһармандардың бірі – Әбсамат Тәжбенов. Мақала толығымен…

Елтану, Әлеумет

Шәкәрім нұры

1-Сәуір. 2010

Шәкәрім нұры«Ынсап» қоғамдық қорының бастамасымен Түркістан қалалық әкімдігі мен білім бөлімі және «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастыруымен Түркістан қаласында мектеп оқушылары арасында Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын жатқа айту байқауы өтті. Мақала толығымен…

Даналық мәйегі, Елтану

Күлтегіннің қасына Тай-ұқық пен Теркін келді

1-Сәуір. 2010

Күлтегіннің қасына Тай-ұқық пен Теркін келдіЖуырда ғана «Мәдени мұра» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі кеңестің 2009-2011 жылдарға арналған кезекті отырысында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед көшірмелері қалпына келтіріліп елге жеткізілген, түркі руникалық жазбалары бар Тай-ұқық және Теркін ескерткіштерінің жақын күндері Еуразия ұлттық университетіндегі Күлтегін ескерткіші орнатылған мұрағатқа қойылатындығын айтқан еді. Министр айтқан сөзінің үдесінен шықты. Мақала толығымен…

Елтану, Мәдениет-өнер

Кіршіксіз көңіл

18-Наурыз. 2010

Кіршіксіз көңілХалық куә. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елді жиі аралайды. Мұндай жүздесулердің жұртшылыққа да, мемлекет басшысына да пайдасы зор. Кездесулерде көпшілік өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салады. Осыған орай Елбасы да өз көзқарасын білдіреді. Мақала толығымен…

Елтану, Әлеумет