Мұрағат

‘Мәдениет-өнер’ бөлімінің ақпараты

Жүректерге лүпіл берген…

9-Маусым. 2010

«Бұл жерде пойыздар батыстан шығысқа қарай, шығыстан батысқа қарай зымырап жатады…» «Адамзаттың Айтматовы» атанған заманының заңғар жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Арманым, Әселім» повесінен үзінді бұл. Әсел атты ару мен Ілияс атты жігіттің махаббатын жырлайтын қаламгердің бұл повесі алғаш рет осыдан 50 жыл бұрын қойылған. 1960 жылы әйгілі актерлер Байділдә Қалтаев, Чапай Зұлқышев, Роза Әшірбековалардың сомдауында сахналанған спектакль сол кездің өзінде Мәскеуді мойындатқан екен.

Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

Айдос батыр

“Айдос батыр” жырының кейбір үзінділері 1883 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан Я.Лютштің “Киргизская хрес­томатиясында”, 1964 жылы Алматыда шыққан “Батырлар жырының” үшінші томында жарияланды. Толық нұсқасы әлі еш жерде жарияланған жоқ. Осы ұсынылып отырған “Айдос батыр” жырының қолжазбасы ОҒК-ның Қолжазбалар қорында (Ш. 765. 3-дәп.) сақтаулы. Қолжазба мәтіні дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған. Көлемі – 889 жол. Жыршысы – Жұмаділ Айдарбеков. Жыр мәтіні 1937 жылы жазылып алынған. Жыршы халық аузында айтылып жүрген “Айдос батыр” туралы ертегі, аңыздарды өлеңге айналдырып жырлаған.
Мұнан басқа “Айдос батырдың” Ақтөбе облысының тұрғыны Қабай Бекназаров халық аузынан жазып алып тапсырған (Ш. 1281, ОҒК) және ӘӨИ-дің Қолжазбалар қорында (Ш. 242. ӘӨИ) сақтаулы үзінділері бар. Олардың арасында сюжеттік айырмашылықтар аз. Бәрі де Жұмаділ Айдарбеков жырлаған нұсқадан алшақ кетпейді.

Қарашаш Алпысбаева,
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор
және қолжазба бөлімінің ғылыми қызметкері,
филология ғылымдарының кандидаты

Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

ЖЕР ЖҮЗІНІҢ ЖИЗЕЛІ

15-Сәуір. 2010

ЖЕР ЖҮЗІНІҢ ЖИЗЕЛІ«Алматымды сағындым! Алматымның алқызыл алмаларын аңсаймын…» депті Алтынай. Ет-жүректі еріксіз елжіретер екі ауыз сөз! Осы сөздерді естігенде Сізді қайдам, біз сонау Сібір жақтан сартап сағыныштың самалы соққандай селт еттік… «Алмасын аңсап, Алматысынан адасып жүрген бұл қай Алтынай?» деген сауал санаңыздан саңылау тапса Сіз айыпты емессіз. Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

Ұпайсыз қалған ұлттық киім

8-Сәуір. 2010

Ұпайсыз қалған ұлттық киімҚазақ «Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек» дейді. Осындайда әр қазақтың көркіне көрік қосқан ұлттық киімі есіңе оралады. Себебі, әлемдік аренада қазақтың жарасымды шапаны мен тымағы, бүрмелі көйлегі мен бөрігі бәсекеге қай қырынан алып қараса да төтеп бере алады.   Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

Жуырда «Тазша бала» мультфильмімен бүлдіршіндерді қуантпақпыз

8-Сәуір. 2010

Жуырда «Тазша бала» мультфильмімен бүлдіршіндерді қуантпақпызЕрлан Сержанұлы, «Адал Азамат» қоғамдық қорының Вице-президенті, «Ұлы дала ойындары» тележобасының бас продюсері:
Сонау ұлт болып қалыптасқан заманнан бастап-ақ ата-бабамыз өз елін, жерін, ана тілін қызғыштай қорғап, «қазақ» деген ұлттың жер бетінен жойылып кетпесі үшін жан алып, жан беріп, күресіп келеді. Өркениеті дамыған ХХІ ғасырдағы жас қазақтың да діттеген арманы осы. Алаш азаматтарының бүгінгі күні «көгілдір жәшік» арқылы барша жұртқа жариялап отырған игілікті істері де сол күрестер жалғасы. Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

Күлтегіннің қасына Тай-ұқық пен Теркін келді

1-Сәуір. 2010

Күлтегіннің қасына Тай-ұқық пен Теркін келдіЖуырда ғана «Мәдени мұра» ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі кеңестің 2009-2011 жылдарға арналған кезекті отырысында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед көшірмелері қалпына келтіріліп елге жеткізілген, түркі руникалық жазбалары бар Тай-ұқық және Теркін ескерткіштерінің жақын күндері Еуразия ұлттық университетіндегі Күлтегін ескерткіші орнатылған мұрағатқа қойылатындығын айтқан еді. Министр айтқан сөзінің үдесінен шықты. Мақала толығымен…

Елтану, Мәдениет-өнер

Айтыс – түркі дүниесіне ортақ құндылық

18-Наурыз. 2010

Жақында Сүлеймен Демирел атындағы университетте студенттер арасында айтыс өтті. Бір жылдан бері саябырсып қалған халық өнерінің жоғарғы оқу орнының қабырғасында қайта жаңғыруы, әрине, құптарлық жағдай. Оның үстіне бұл айтысты алты университеттің басын қосып, түрік бауырлар ұйымдастырып отыр. Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

Баға жетпес асыл қазына

11-Наурыз. 2010

Баға жетпес асыл қазынаЖақында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында ұлтымыздың арғы-бергі руханият тарихынан мол мағлұмат беретін, қазақ топырағындағы байтақ күйшілік үрдістерге тән барша күй мектептерінің ең таңдаулы нұсқаларын топтастырған «Қазақ халқының дәстүрлі 1000 күйі» атты қырық бір күйтаспадан тұратын антология жарық көрді. Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

Этнографпен әңгіме

11-Наурыз. 2010

Этнографпен әңгіме(Жалғасы. Басы өткен сандарда)
(Абыз-ақсақал Жағда Бабалықұлы қазақтың салт-дәсүрінен, әдет-ғұрпынан сыр шертеді) Мақала толығымен…

Елтану, Мәдениет-өнер

ҒАСЫР ЖАҢАЛЫҒЫ НЕМЕСЕ ТӘҢІРДІҢ РУНИКАЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫ

11-Наурыз. 2010

ҒАСЫР ЖАҢАЛЫҒЫ НЕМЕСЕ ТӘҢІРДІҢ РУНИКАЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫАманқос МЕКТЕП-ТЕГІ, филология ғылымдарының кандидаты,
әл Фараби атындағы ҚазҰУ-і журналистика факультетiнiң доцентi

Өткен жылдың желтоқсан айында белгілі рунолог Тайжан Досановтың “Руника құпиясы” (“Тайна руники”) атты еңбегі орыс тілінде Алматыдағы “Өлке” баспасынан жарық көрді. Монография көлемі 37 баспа табақ. Мақала толығымен…

Елтану, Мәдениет-өнер