
Апта басында Елорда тойының қарсаңында Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атындағы халықаралық деңгейдегі жаңа жоғары оқу орны ашылды. Бұдан бұрынырақта Елбасы Астанада ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң барлық артықшылықтары мен үздiк әлемдiк ғылыми бiлiм беру тәжiрибесiн үйлесiмдi қамтитын, Қазақстанның ұлттық брэндiне айналатын ерекше үлгiдегi халықаралық жаңа университеттiң құрылатындығын айтқан еді. Өркениетті білім жүйесінің барлық талаптарына сай етіп салынған оқу ордасының ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қатысты.
– Бүгiн Астанамызда дүниежүзiнде теңдесi жоқ, Қазақстандағы тұңғыш халықаралық университет ашайын деп отырмыз. Қаламыздағы Еуразия ұлттық университетi елiмiздегi ең бастауыш университеттердiң бiрi болып саналады. Бiрақ бұл жаңа университеттiң мағынасы мен жағдайы мүлде басқа. Университет биылдан бастап өз жұмысын бастайтын болады, – деп сөз бастаған Елбасы қаламыздағы Еуразия ұлттық университетiнен Жаңа университеттiң мағынасы мен жағдайы мүлде басқа екенін, мұнда біздің студенттерді әлемнің ең үздік профессорлары даярлауы үшін барынша күш салынатынын атады. – Енді Қазақстан жастарын «Болашақ» бағдарламасы бойынша инженерлік-техникалық және медициналық мамандықтарға оқыту Назарбаев Университетінің мойнында болмақ. Себебі жаңа оқу орнында әлемнің үздік профессорлары сабақ өтетін болады. Бұл университетті бітіргендер бізде де, шетелде де қолданылатын диплом алып шығады. Бұл – жақсы жаңалық, жастар осыған ұмтылулары тиіс. Мен университетті менің атыммен атауға келісім бердім, сондықтан мені ұятқа қалдырмаңдар! Мақала толығымен…
Білім, дін
Сәрсен Жүсіпбеков, ҚазҰТУ проректоры:
Ғаламдасу заманында әлемдік талаптарға жауап беретін отандық кәсіби мамандар дайындау ісінің маңызы ара түспек. Бұл мәселе Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көтерген елдің қарқынды индустриалды-инновациялық даму бағдарламасында қамтылған. Қазақстанда білікті техникалық мамандар әзірлеу қандай деңгейде? Бұл сауалға Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті оқу істері жөніндегі проректоры Сәрсен Жүсіпбеков жауап береді.
Мақала толығымен…
Білім, дін

Міне, тағы бір жыл артта қалды. Тағы бір топ түлек үлкен өмірге қанат қаққалы тұр. Тағы да бір толқыныс әрі қуаныш. Кеше ғана 100 мыңнан аса түлектер мектеп қабырғасынан ұзап шықты. Үлкен өмірге аттанды. 11 жыл білім нәрін сепкен алтын ұя – мектебімен қош айтысты. Балалығының балдәурен сәттері артта қалды. Енді олардың алдында үлкен жауапкершілік тұр. Ол – елінің еңсесін биіктетуге атсалысу. Оған жасалатын алғашқы қадам да әне-міне дегенше бой көрсетіп қалды. Ол – ҰБТ. Мақала толығымен…
Білім, дін
Абай Құнанбайұлы қазақ ақыны ғана емес, сонымен бірге шығыс, ислам әлемінің озық кемеңгерлерінің бірі. Абай ақынның жанына батыс әлеміне қарағанда шығыс жақын. Тиісінше, Абай шығармаларын шығыс тілдеріне, оның ішінде өзі нәр алған араб, парсы тілдеріне аударып, ислам әлеміне таныту әлдеқайда сәттірек болады деп күтетініміз рас. Мақала толығымен…
Білім, дін
Астананың жаңа университеті шетелдік ғалымдар тарапынан оң бағаға ие болды. Тіпті Джонс Хопкинс университеті Пол Ницше атындағы Озық халықаралық зерттеулер мектебінің профессоры Фредерик Старр: «Астананың жаңа университеті – бұл қазақ халқының, қазақ педагогтарының күш-қуатымен ғасырға ұласатын оқу ордасы», – деп атап өтті. Мақала толығымен…
Ақпарат, Білім, дін
Тәуелсіз ел болған соң әлемнің барша жұртымен қарым-қатынас жасай бастадық. Сөйтіп, енді қазақ баласы үшін шет жұрттардың тілін меңгеру де талапқа айналды. Енді біз тек орыс тілін ғана емес, қытай тілін де, араб, түрік, ағылшын, француз және басқа ұлттардың тілін біліп, олармен қатынас жасауға тиістіміз. Әрине, бір адамның көптеген тілдерді үйренуі мүмкін емес. Ал осы тілдердің ішінде біз үшін үйренуге аса қажет қандай тіл? Мақала толығымен…
Білім, дін, Тіл
Сол 1982 жылдың жанға жайлы, жадыраңқы жаз айларының бір шуақты күні болатын. Облыстық «Коммунизм таңы» газетінде (қазіргі «Қостанай таңы») тілші болып қызметімді бастаған кезім еді. Мақала толығымен…
Білім, дін
Аса қарапайым, барынша кішіпейіл, жаны қалаған мамандықтың қыр-сырын терең меңгеріп, қатарының алды болып жүрген, айналасына қастерлі, кімге де болса жақсылығын аямайтын ғалым жайлы азын-аулақ сөз етерден бұрын мына бір көз көріп, көңілге тоқыған айғақ-құбылыстарды айта кету артық еместей. Мақала толығымен…
Білім, дін
12 ақпан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ҚР Ұлттық кітапханасында елімізге кеңінен танымал зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен республиканың ұлттық білім беру жүйесіндегі мемлекеттік тілдің даму болашағына байланысты дөңгелек үстел өткізді. Мақала толығымен…
Білім, дін, Тіл
Тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма? Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр дегені. Онан басқа жүректің қасиеттерін анықтап білмейді. Рақымдылық, мейірбандылық, уа әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі, асықтық та – жүрек ісі. Мақала толығымен…
Білім, дін