Мұрағат

‘Білім, дін’ бөлімінің ақпараты

Ел бірлігін бүтіндейтін құжат

4-Ақпан. 2010

Ел бірлігін бүтіндейтін құжатКез-келген елде ұлттық бірлікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді әрі табанды түрде жүргізетін стратегиялық басымдықтары болып табылады.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұстанымы бойынша құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы осындай бұлтармас қағидадан барып өмірге келген. Яғни, этностық-мәдени орталығының қызметі мен ұлысаралық және конфессиялық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған мәселелерге мемлекет саясаты араласпай қалмайды. Мақала толығымен…

Ақпарат, Білім, дін

Тыңдарманы көп тәлімгер

4-Ақпан. 2010

Жұмаш Арғымбайұлы журналистика саласында 45 жылдан астам еңбек етіп, соңғы 6-7 жылда бұқаралық ақпарат құралдары мамандарын даярлап, шәкірт тәрбиелеп отыр. Бүгінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Халықаралық журналистика бөлімінің аға оқытушысы. Мақала толығымен…

Білім, дін

Дін арқылы рухани құндылықтарға бет бұру…

28-Қаңтар. 2010

Дін арқылы рухани құндылықтарға бет бұру...Мәдени ынтымақтастықты, этносаралық төзімділікті дамыту және өзара түсіністікке тәрбиелеу рухани құндылықтардың маңызды құрамдас бөлігі болмақ. Өйткені біз – әлемдегі басқа мемлекеттерден көп диаспоралы және ұлтты, көп конфессиялы қоғамымызбен ерекшеленетін елміз.
Парламент Мәжілісінің депутатының бірі айтқандай-ақ, тәуелсіздік алған жылдары Батыстың белді сарапшылары біздің елдігімізге күмәнмен қарағаны жасырын емес. Бірақ көріпкелдердің күпілдек болжамдары көпіршіп барып жоғалды. Әрине, кейінгі кезде қоғамдағы діни ахуал өзгеріп барады. Бұл уақыт өте келе ұлтымызға, тұтас еліміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Мақала толығымен…

Ақпарат, Білім, дін

30 ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ…

28-Қаңтар. 2010

30 ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ...Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргендер былтыр 30 жылдан соң кездестік. Сол екі арада салмақтандық. Ұл, қыз, немере өсірдік. Шыққан биіктер де қызметтің дәмін татып, «Көке-жөкелерді» естіп, «Сіз кереметсіз» дегенге үйреніңкіреп қалғандар да жоқ емес. Мақала толығымен…

Білім, дін, Дидар-ғайып

ШӘКӘРІМ ЖҮРГЕН ІЗБЕНЕН…

28-Қаңтар. 2010

ШӘКӘРІМ ЖҮРГЕН ІЗБЕНЕН...Адамдықтың ақ жолын, арлылықты өмірінің соңына дейін жырлап өткен қазақтың ғұлама ұлы Шәкәрім Құдайбердіұлының мұрасын насихаттау ақынның 150 жылдық мерейтойымен еш шектелмек емес. Оның айқын дәлелі – қазіргі таңда Е.Бәтташұлының басшылығымен қадағаланып істеліп жатқан шаралар, Шәкәрімтану орталығының жұмыстары.
Шәкәрім Құдайбердіұлы жалпы түркі әлеміндегі бірегей ақындардың, ойшылдардың, тарихшылардың бірі. Ақынның артына қалған мол әдеби мұра: даналық пен даралыққа, ақыл мен насихатқа толы өлеңдері, тарихи және ғашықтық эпикалық шығармалары, тәрбиелік маңызы аса жоғары қара сөздері тек бір ғана ұлттың, не ұлыстың жетістігі емес, әлемдік әдебиет пен мәдениеттің орасан зор жемісі. Мақала толығымен…

Білім, дін, Елтану

Талмас талант

21-Қаңтар. 2010

Суға салса, батпайтын,
Отқа салса, жанбайтын,
Атса оқ өтпейтін… – деген,
жыр жолдарын аңызға айналған батырлар жырларынан оқитын едік қой. Сол сөздерді бүгінгі Сәбитке де арнап айтсақ артық болмас. Және бұл жолдар Сәбит Досанов тағдырына дәл ме дәл, дөп келетіндей. Сәбитті ел он рет ажалдан қалған деп аңыз етеді. Мақала толығымен…

Білім, дін, Әлеумет

Тәтті құбылыс теоретигі

14-Қаңтар. 2010

Тәтті құбылыс теоретигіЖурналистикаға қарай қадам басқан кез-келген талапкердің өмірдегі ұстаздары үш топқа бөлінеді. Біріншісі – университет қабырғасында білім берген барлық ұстаздарыңның арасынан алабөтен суырылып шығып, сені машақаты көп мамандықтың ұңғыл-шұңғылына асқан шыдамдылықпен жеке баулитын адам. Мақала толығымен…

Білім, дін

Ұлтты сақтаудың алтын діңгегі – имандылық

14-Қаңтар. 2010

ХХ ғасырдың басында ұлтшылдықпен күресу барынша күшейтіліп, социализмнің ыңғайына қарай таптық жіктелудің соңы ата дінімізден, ана тілімізден, ұлттық рухымыздан алыстап, дәстүр-құндылықтардан жерінуге әкеліп соқтырды. Ал, енді, ХХІ ғасырдың басында ұлтты сақтау күресі жүріп жатыр. Мақала толығымен…

Білім, дін

Патриоттық сезім – басты мәселе

14-Қаңтар. 2010

Кешегі ел-жұртын оята алмай зар шегіп өткен ұлы Абайда өз ұлтына деген сүйіспеншілік сезімі қандай боп қалыптасқан еді? Ажал құрығы үйіріліп тұрған қатер астында, өз өмірлерінен гөрі, тәуелсіз, бостандықты, ұлттық асыл мұратты бәрінен жоғары қойып, биік ұстап, бастарын өлімге тігіп, сол идеялары жолында мерт боп кеткен Алаш арыстарында ше? Мақала толығымен…

Білім, дін

Ә.Кекілбаев - ҚазҰУ-дың құрметті профессоры

24-Желтоқсан. 2009

www.anatili.kz21 желтоқсан  күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік және ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлықтары мен Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаевтың 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Мақала толығымен…

Ақпарат, Білім, дін, Мәдениет-өнер