«Жыл құсы» беті оқырмандарымыздың сүйіспеншілігіне бөленген бастамалардың бірі екендігін редакциямызға жиі келетін хат жолдарынан байқаймыз. Себебі қазақ – ана тілін, әдебиетін ардақтаған халық. Сондықтан «сөз патшасына» таласы бар жастарымыздың қай өңірде болмасын көптеп кездесетіні даусыз. Осы жайтты ескере отырып, бұл жолы Шығыс Қазақстан облысына кезек беріп отырмыз. Аталған аймақта Серік Ғабдоллаұлының бастамасымен «Шабыт» ақындар мектебінің 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатқанын да айта кетейік. Ендеше, тасқа басылған туындыларды таразылап көріңіздер. Мақала толығымен…
Әдебиет
«…Мен шарбақтың арасынан қолымды созып, оның басынан сипадым. Содан соң бейкүнә қыздың көз жасын сүртпек болғанымда, саусағымның ұшы сақалына тиіп кетіп, денем дір ете қалды. Ол сезді… Сезді де басын тез тартып ала қойды». Мақала толығымен…
Сегізінші қазына, Әдебиет
Қыпшақты жауға бергенің
Ол да саған өлім-ді
«Қобыланды батыр» жырынан
Батырлық қазақтың бешенесіне жазылған. Өйткені ұлын құл, қызын күң қылып, өзгегеге телміртіп, жатқа қолжаулық қылғаннан қасірет жоқ алаш жұрты үшін. Батырлық – баба ұғымындағы ең асыл түсінік. Себебі оның ішінде иман, намыс, ар-ождан, мейірім бәрі тоқайласқан. Сондықтан қазақ жүректі деген ең аяулы сөздерінң бірін елін қорғаған ерлеріне телиді. Себебі Каспийден Алтайға дейін көсіліп жатқан ұлан-ғайыр жерді біз білекпен емес, жүрекпен қорғап қалғанбыз! Мақала толығымен…
Елтану, Әдебиет
Сөз киесі қонған, қазақтың санаулы дүлдүл ақындарының бірі, әрі бірегейі Есенбай Дүйсенбайұлының екі томдық таңдамалысына енген өлеңдердің басым көпшілігі мұңға жуық. Бұл аз десеңіз, сары уайым, сағыныш сазы жіпсіз жетелейді. Мақала толығымен…
Әдебиет
«Айқын» газетінің бас «дәрігері»
Бұйырмады ақ халат,
Бұйырғаны — ақ парақ.
Қандауыры — қаламсап,
Қан-тамыры — ақпарат!
(Журналистік фольклордан)
Бүгінде журналистиканың жампозына айналған Нұртөре Жүсіптің ақ халат киіп, қолына қандауыр ұстап, екі көзі күлімдеп, пациенттерге әзілдеп қойып, операция жасауға әзірленіп жатқан сәтін көзге елестете аласыз ба? Әй, қайдам… Бірақ солай болуы да әбден мүмкін еді. Мақала толығымен…
Әдебиет
Баян Бекетова
Ақын, Халықаралық «Алаш»
әдеби сыйлығының лауреаты
Баян Бекетова – ХХ ғасырдың 80 жылдары әдебиет айдынына желкенін жайған талантты ақындардың бірі. Оның бірде алмастай өткір, бірде күн шуағындай жылы, тау бұлағындай мөлдір, нәзік те сыршыл жырлары оқырман назарын өзіне аударады. Әсіресе, адам жанының нәзік иірімдерін, әйел әлемінің сан қырларын бүкпесіз жырлаған, жүрек толқытып, жан тербер ойлы өлеңдері ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың тоқайласар тұсындағы талғампаз оқырмандардың жүрегінен жол тапты. Мақала толығымен…
Әдебиет
Қазақ әдебиетінде өз тақырыбын сәтті таба алған, сол арқылы өзіндік қолтаңбасын жарқырата көрсетіп, оқырмандар ықыласына бөленген қаламгерлер аса көп емес. Өз туындыларымен туған әдебиетіміздің төріне көтерілген, елге кеңінен танылған сондай жазушыларымыздың бірі Нағашыбек Қапалбекұлы екендігі даусыз. Мақала толығымен…
Әдебиет
Көктем. Қала да, дала да гүл-гүл жайнап тұр. Жер-әлем жасыл түске боялған. Тау жақтағы саяжайларға қаланы қақ жара бет алған автобус терезесінен сыртқа қарап ойланып отыр едім, кенет ойымды көңілді үн бұзды.
– Пай-пай, екі жыл ішінде біздің қаламыз қандай әдемі болып кеткен! – деді сүйсініске толы үнмен қасымда отырған жолаушы қыз.
Таңдана бетіне қарап қалдым. Ішімнен екі жыл бойы басқа жақта тұрып, таяуда ғана қалаға қайтып оралған жан болды ғой деп жорамалдап үлгердім. Мақала толығымен…
Әдебиет
Олжай кетті қыдырып…
Алтын бесік — ұяға,
Арманшыл жас сыя ма?
Қой бағам деп, ой бағып,
Кетіп қалған қияға…
Бүгінде есімі елге танымал қаламгер Қайнар Олжайды ол кезде ешкім білмейтін. Оның есесіне іргедегі шұбартаулықтардың бастамасы бойынша құрылған «Кең өріс» комсомол-жастар бригадасында жұмыс істейтін Қайнар деген елгезек жас шопанды ауыл-аймақ, көрші-көлем, тіпті қозы-лаққа дейін түгел танитын. Өйткені, жұмысына тиянақты, шаруасына ұсынақты, мал-жанға мейірімді еді. Қолынан ертелі-кеш кітабы түспейтін бота тірсек бозбала өрістегі қойға қосып ой бағатын. Кішкене ғана қағілез қойшы «Кең өрісте» жүріп, өмірдегі өз өрісін кеңейтуге ұмтылды. Мақала толығымен…
Әдебиет
(немесе журналист-жазушылар Сүлеймен Ақтаев, Сәркен Оспанов, Жанәбiл Темiрбеков, Сарбас Ақтаевтар жайлы бір үзік сыр)
Сонау жетпісінші жылдары ауылдан арқаланып, ару Алматыға ат басын тіредім. Ондағы мақсатым өзімнің қарымымды журналистика саласында сынап көру еді. Мақала толығымен…
Әдебиет