"Ана тілі" газеті

Ата Заң – азаттық айғағы, болашақ бағдары
«Осыдан 15 жыл бұрын еліміз тарихи таңдау жасап, бағыт-бағдарын, жүрер жолын айқындады. 1995 жылы өзінің талғам-талқысынан өткен басты құжатын – төл Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Қастерлі құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекеттігімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік».

Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған «Конституция – мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай сөз бастап, 15 жыл ішінде еліміздің қол жеткізген жетістіктерін атады.

– Негізгі Заңда барлық қазақстан­дықтарға жақын ортақ құндылықтар мен түсініктер нақты заңдық тұрғыда көрініс тапқан. Бұл – 140 этнос пен 46 діни қауымдастықтың келісім мен достықта өмір сүріп жатқан, қазақ жерінің біртұтастығы, қасиеттілігі және қол сұғылмаушылығы. Бұл – азаматтарды жынысына, ұлтына, нәсіліне, тіліне, дініне және өзге де белгілері бойынша кемсітушілікке қатаң тыйым салу. Осының негізінде конституциялық қағидаттардың басты негізі – бейбітшілік пен тұрақтылық, барлық халықтың игілігі үшін экономикалық даму қамтамасыз етіледі, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Конституция қоғамның демокра­тиялық әлеуеті өсуінің сенімді негізі болды. Бүгінде Қазақстанда екі мың алты жүзден астам БАҚ, 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар табысты дамуда.

Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің газеттер мен журналдарымыз 11 тілде жарық көреді, театрларда ағылшын, әзірбайжан, неміс, кәріс, украин, ұйғыр, өзбек, дүнген, татар тілдерін қоса алғанда алты тіл бойынша қойылымдар қойылады. «Олардың барлығы толықтай мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Мұндай тәжірибе әлемнің бірде-бір елінде жоқ. Бұл – мемлекеттің өз еркімен атқарып отырған жұмысы. Көпұлтты халыққа деген, оның тілі, діні мен мәдени қажеттіліктеріне деген қамқорлық», – деген Мемлекет басшысы Парламенттің 9 депутаты делегациялық ететін Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды конституциялық орган болып табылатындығын да сөзіне арқау етті. «Бұл – тілдер мен мәдениетті жандандыру, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, ұлтара­лық келісімді нығайту бойынша атқарылып жат­қан үлкен де көпжақты жұмыс. Бұл – екі жүзден астам этникалық мектеп, 195 жексенбілік тіл орталығы. Конституцияда бекітілген мемлекет­­тің зайырлы мінезі – қоғамдағы толеранттылық­ты нығайту үшін жасалатын маңызды шарт».

– Ата Заң – бұл еліміздің экономикалық өмірін реттеп тұратын барлық заңнамалық базаның негізі. Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқы болып посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ салық, зейнеткерлік реформаларын жүзеге асырды. «Сандар әлемді басқармайды, бірақ оның қалай басқарылып отырғанын көрсетеді», демекші, фактілердің өзі біраз жайтты аңғартады. Ұлттық экономикамызға жүз млрд. доллардан астам тікелей шетелдік инвестициялар тартылды. Тек жаңа жиырма бірінші ғасырдың жеті жылы ішінде біздің экономикамыз екі еселенді. Бұнымен қоса, соңғы он бес жылда ЖІӨ жеті жүз доллардан сегіз мың долларға дейін, яғни он бір есе артты, – деді Елбасы.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік кон­фе­­рен­ция­ның отырысы барысында құ­қықтық мем­лекет институттары мен азамат­тық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Президен­ті Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықаралық заңгер­лер одағының төрағасы Андрей Требков «Фемида» жоғары заңгерлік сыйлығының ерекшелік белгісін табыс етті. ҚР Конституция­лық кеңе­сінің ақпараттық материалында «Фемида» сыйлығы көрнекті мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерге құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының дамуына сіңірген еңбектері үшін тапсырылатындығы көрсетілген. Сыйлық лауреаттарына сот төрелігінің «жебеуші әйелі» Фемиданың Ресей Сурет­шілер академиясының академигі Михаил Переяславец жобасы бойынша құйылған қола мүсін-статуэткасы табысталады.

Конституция күні барша қазақ жұрты елі­міздің Қарулы Күштерінің әлеуетіне және бір рет көз жеткізді. «Қазақ елі» монументінің жанындағы бас алаңда өткен Ата Заңымыздың 15 жылдығына арналған әскери шеру – сөзіміздің айғағы. Игі дәстүрге айналып, биыл екінші рет өткізілген салтанатты шараға Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысып, дүйім елді айтулы мерекемен құттықтады.

– Конституция – біздің арайлы азат­тығы­мыздың айнымас айғағы, жарқын болаша­ғымыздың бұлжымас бағдары! – деді Мемлекет басшысы шеру басталар алдында сөйлеген сөзінде. – Ол – елдігіміздің алтын арқауы, то­лағай табыстарымыздың бастау қайнары! Қас­терлі тарихымызда түрлі ел билеу жосықтары болған. Аталы кесімге, әділ шешімге тоқтаған дана халқымыз түрлі жарғыға, низам мен ережеге бағынған. Ордабасы мен Ұлытауда, Мәртөбе мен Күлтөбеде келелі кеңес құрған. Заңды басшылыққа алып, орталыққа ұйысқан сайын берекелі халқымыздың бірлігі нығая түскен. Бұлар – сол тұстағы еңселі елдіктің ерекше белгілері еді. Алайда қазақ халқы тарихында тұңғыш рет толыққанды төл Конституциясына осыдан 15 жыл бұрын қол жеткізді. Кеңескен ерде кемшілік болмайды. Келелі істі халық қолдайды. Бүкіл халықтың талқысынан өтіп, елдің игілігіне айналған Конституция – біздің мемлекетіміздің басты төлқұжаты болып саналады. Сын сағатта тәуелсіздігіміздің кепілі болған қастерлі Ата Заңымыз – ұлттық рухымыздың адастырмас темірқазығына айналды.

Міне, осыдан кейін қаз-қатар сап түзеген сарбаздарымыздың әскери шеруі басталып кетті. Шеруге барлық әскер түрлерінің жауынгерлік бөлімдері, 150-ден астам қару-жарақ және әскери техника, 66 авиациялық техника қатысты. Осы жердегі бір ерекшелік биыл әскери парадқа тұңғыш рет еліміздің тыныштығын күзетіп, Отан қорғау жолындағы міндеттерін ерлермен қатар атқарып жүрген әскери әйелдер қатысты. Мерекелік шеруді жас барабаншылар – армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Саға­дат Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» рес­пуб­ликалық мектебінің тәрбиеленушілері ашты. Одан кейін Құрлықтағы әскерлер, Әуе қорғанысы күштері мен Қазақстанның Әс­кери-теңіз күштерінің өкілдері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік ко­митеті, Төтенше жағдайлар министрлігі және Республикалық ұланның құрамалары – бар­лығы 2200 офицер, әскери жоғары оқу орын­дарының курсанттары, келісімшарт бо­йынша қызмет ететін әскери қызметшілер мен мерзімді қыз­меттегі сарбаздар салтанатты сапта жүріп өтті.

Келесі бір сәтте еліміздің айбынды күшін айғақтаған әскери техникалар алаңда сап түзеді. Әскери көліктердің керуенін «Ланд-Роверлер» бастады. Олардың соңында Т-72б танкілері, содан соң БМП-2 жауынгерлік машиналары, механикаландырылған лектің ішінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің «Стрела-10», «С-300», «С-200» және «С-125» сияқты заманауи қарулары және «Акация», «Мста», «Тюльпан», «Смерч», «Штурм», «Точка-У», гаубица Д-30 кешендері болды. Лектің ұзындығы 1 300 метрден асып жығылады. Елорда аспанында Әуе қорғанысы күштерінің ұшқыштары өнер көрсетті. Құрамында «Ми-17», «Ми-26», «Ан-26», «Л-39», «Су-25», «Миг-27», «Миг-31», «Су-27», «Ил-76» ұшақтары топ-тобымен әуеде қалықтағанда «Мынадай әуе күштеріміз бен әскери техникаларымыз тұрғанда еліміздің шетіне ешбір жау басып кіре алмас» деген ой өздігінен қылаң береді. Осылайша бір сағатқа созылған әскери шеруді біріктірілген әскери үрмелі оркестр аяқтады.

Сөйтіп, жиналған қауым Қазақ елінің әскери күштерінің әлеуетін тамашалап, бір серпіліп қалды.

Бейбітгүл Әбдіғаппарқызы

Қазақ тілі – жастардың ана тілі
Күні бүгінге дейін талай ұлт жанашырларының түн ұйқысын төрт бөлгізіп, «қалай болар екен» деген оймен жандарын жегідей жегізген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы»,  Алла бұйыртса, қазан айында Үкіметте қабылданып та қалар. Олай деуге себеп – өткен аптаның бел ортасында Елордада өткен ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесте Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің берген тапсырмасы.«Бағдарламаның толық пісіп жетілуі үшін, ел ішінде әлі де болса талқылау мен түсін­діру жұмыстарын жүргізу қажет». Жиын бары­сында Премьер-министр осы­лай деді. «Барлық ұсыныстар мен ескерт­пелерді Мәдениет министрлігіне жолдау­ларыңызды сұраймын!» – деген ол Мәдениет министрлігіне 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Тілдердің қызмет етуі және дамыту бағдарламасы жобасын биылғы жылғы 1 қазанға дейін пысықтап, Үкіметтің қарауына енгізуді тапсырды.  Жиында жастар саяса­ты аясындағы тіл мәселесі ең маңызды екенді­гін атай отырып,  әңгіме ауанын Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевқа қа­рата бұрған Кәрім Қажымқанұлы келесі аптада Үкіметтің арнайы отырысында білім беру саласына арналған мәжіліс өтетіндігін сөз етті. Білім беру саласындағы жастар саясаты мен мемлекетімізді дамытуға арналған  нақты бағдарлама өзекті екенін және қыркүйек айын­да мемлекеттік тіл бағдарламасы бойынша Үкіметтің арнайы мәжілісі өтетінін де тілге тиек етті.

Мәдениет министрлігі әзірлеп жатқан «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдар­лама­сының» жобасы жалпыхалықтық тал­қылауға түсіп, ой елегінен өткізіліп жатқанына да біраз уақыт болып қалды. Сондықтан да алғашқы болып сөз алған Мәдениет министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед бағдарламаның жобасымен жан-жақты таныстырды.

Ана тіліміздің келесі онжылдыққа бағыт­талған бағдарламасының жобасымен таныстырған Мәдениет министрі бұл бағдарлама еліміздің ертеңі – жастардың қолдауымен іске асатын шаруа  екенін атады.

– Себебі бұл – жастарға арналған бағдарлама. Атам қазақта «қанша тіл білдің, сонша өмір сүрдің» деген аталы сөз бар. Өзге мемлекеттің тілін үйрен. Ол сені өзгемен теңестіреді. Алайда ана тіліңді білуің қажет, – деп жастарды мемлекеттік тілді құрметтеуге шақырды. Одан кейін Мұхтар Құл-Мұхаммед әлі де болса мемлекеттік тілге мұрын шүйіре қарайтын қазақ жастарының бар екендігіне ашынды:

– Жер бетіндегі түркі тілдес халықтардың саны 200 миллионға жуықтады. Түркияның өзінде халық 70 миллионнан астам. Сол бүкіл түркі халықтары тілінің, әдеби тілінің нормасы Қазақстанда, қазақ тілінде сақталған. Өйткені біздің тіліміз таза түркілік табиғи қабілетін, қасиетін сақтап отыр. Менің бағамдауымша, қазақ тілін білетін адам жер бетіндегі 30-ға жуық түркі тілдерін, яғни Сібірдегі якут тілінен бастап, Алтайдағы тува тілін, Еуропадағы гагауз тілін, не болмаса Балтық маңындағы қарайым тілдерін жақсы түсіне алады.

Әлемдегі 6 тәуелсіз түркі мемлекетінің бәрінде мемлекеттік тіл – түркі тілі болып есептелінеді. Демек, сіздер қазақ тілін білетін болсаңыздар, 200 миллион тілде сөйлейтін халыққа кілт табасыздар. Екіншіден, бұл – сіздердің ана тілдеріңіз. Үшіншіден, қай ұлттың өкілі болсаңыз да, қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі! Ендеше, бұл тілге деген құрмет осы бағдарламаны оқып-үйренуден басталады! – деп Мәдениет министрі әр сөзін нықтап, жастардың санасына ой  салды.

Өз кезегінде білім беру саласындағы қол жеткен жетістіктер жайында Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев баяндама жасады. Министрдің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы айтарлықтай кеңейтілген. Қазақтілді балалар бақшаларының саны 940-қа жетіп, ол 2001 жылмен салыстырғанда 68% жоғары, 3811 мектепте мемлекеттік тілде оқып жатқан оқушылардың саны жарты миллионнан асады. Сонымен қатар қазақ тілін дамыту мәселелері еліміздің Білім саласын жетілдірудің 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының жобасында көрініс тапқан. Білім министрінің айтуынша, барлық қазақстандық азаматтарға қазақ тілін толық меңгерту үшін мемлекеттік тілді оқытатын үздіксіз жүйе құрылатын болады: «ол тілдерді меңгерудің әлемдік стандарттары негізінде «Балалар бақшасы – мектеп, кәсіптік лицей, колледж – жоғары оқу орны» болады.

Еліміздің түпкір-түпкіріндегі жас бел­сен­ділердің басын қосқан алқалы жиында мемлекеттік тілге қатысты жастардың көкейінде жүрген бірнеше өзекті мәселені Парламент Мәжілісінің депутаты Бақыт Сыздықова атады. Сөзін орысша бастап, қазақша сөйлеуге тырысқан Сыздықова ханымның сөзінен ұққанымыз, қазақ тілін үйренетіндерге көмек беретін сапасы жоғары және заманауи компьютерлік бағдарламалар қажет. Мәтіндерді орыс тілінен қазақшаға электронды түрде аударатын жүйе болғанымен, қазақшадан орысшаға тәржімелейтін жүйе жоқ.

Ал Үкімет басшысы еліміз қай уақытта да жастар мәселесін ұмыт қалдырып көрмеген деген ойын жеткізді. «Еліміздің басым бағыттарының бірі – жастар мәселесі. Оның ішінде тіл мәселесі өте ерекше болуы тиіс. Сол себепті жастар арасында Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы жан-жақты талқылануы тиіс. Қазақстанның әрбір азаматы «мен дамыған алып елде тұрамын» деп мақтанышпен айта жүруі тиіс. Сонда ғана тілдік мәселеміз шешіледі», – деді Кәрім Мәсімов.

Б.ИСАЕВА

Азиадада атымыз озсын десек…
Қазақ елінде өткелі жатқан әлемдік доданың басталуына да аз уақыт қалды. Ғалам тамашалайтын ірі жарыстардың қатарынан саналатын «Қысқы Азиада – 2011»-ге елімізде қызу дайындықтар қарқынды жүргізіліп жатыр. Жалпы алғанда, еліміз Азияның Ақ Олимпиадасын қабылдауға дайын. Тек аса мән беретін бір мәселенің нақты шешім таппауы ел арасында түсінбестік тудырды.

Қайбір ел болмасын, мұн­дай айтулы шараларды өткізу барысында өздерінің ұлт­тық құндылықтары мен дәстүр-ғұрыптарынан көрініс жасап һәм сол арқылы қай елде, қандай жерде өтіп жатқанынан хабар беріп отырады. Біздің елде өтетін Олимпиадада дәл сондай игілікті іс-шаралар қолға алынып жатса, құба-құп. Дегенмен осы байрақты доданың әнұранына байланысты дүдәмалдық орын алуда.

Байқауды ұйымдастыру коми­тетінің мүшелерінен естігеніміздей, әнұран қай тілде айтылса да, мәнді, мазмұнды болса жарайтын көрінеді.  «2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитеті ди­рек­ция­сы» АҚ ақпараттық және имидждік қолдау маркетингі депар­та­ментінің директоры Нұрлан Нұрға­зин­нің айтуынша: «Қай тілдегі туынды ұтады – сол Ақ Азиаданың әнұраны болады». Былай қарағанда, осыдан артық кесімді жауап та жоқ. Яғни ол әнұран орысша ғана емес, ағылшынша, қытайша немесе ұйғырша да болуы әбден мүмкін тәрізді. Себебі біздің елде әртүрлі ұлттар тұрады, олар да – осы елдің азаматтары. Сондықтан олардың әрқайсысының өз тілдерінде әнұран жазып, байқауға қатысып, жеңіп шығуға толық мүмкіндігі бар.

Әңгіменің қысқасы, көптің көңілінен шығып, ақ Олимпиаданың әнұраны болады деген Ерболаттың «Мен – қазақпын!» әні енді әнұран бола ма, болмай ма – ол жағы белгісіз болып қалды. Ал бұған дейін осы дүбірлі доданың айбынын арттырады делінген «Қара жорға» да назардан тыс қалды.

Біздің айтарымыз – мемлекеттік тілде әнұранның шырқалуы әрбір қазақстандықтың мақтанышы болары сөзсіз. Әнұранның өзге тілде болуы, ол – қазақ елінің егемендігіне сенбегенмен бірдей. Сондықтан еліміздің төл тарихы мен дәстүрі­нен, әдет-ғұрпы мен ұлттық бейнесінен хабар беретін, халықтың көкейінен шыққан әнұранның қабылданғаны жөн. Себебі шетелдік мейман­дар­дың да бізден алар басты құндылығы осылар емес пе? Ендеше, неге Астана мен Алматыда өтетін айтулы Ақ Азиада ойындарының ашылу салтанатында жан сарайымызды «Мен – қазақпын!» әнімен сусындатып, жабылу кешін әлемді тамсандырған ұлттық құндылығымыз – «Қара жорға» биімен қорытындыламасқа?!

Қалай десек те, әлем елдері алдында тарихи құндылықтарымыз бен ұлттық нақыштарымызды танытатын қуанышты сәтті қолдан шығарып алмайық, ағайын!

Қуаныш ТҮНҒАТАР

Қазақ тілі тілдік тұлғаның капиталы болуы тиіс
Нұргелді УәлиҰЛЫ,  филология ғылымдарының докторы:

Қазір еліміздің әр түкпірінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының жобасы қызу талқылануда. Осыған орай филология ғылымдарының докторы Нұргелді Уәлиұлы аталмыш жобаның «бәрекелдісі» мен «әттеген-ай» дейтін тұстарына өз пікірін білдірді.

– 2011-2020 жылдарға арналған бағдар­ламаның бұрынғы бағдарламаларға қарағанда артықшылығы бар екендігі даусыз. Бұл заңды да. Өйткені бұған дейін тәжірибе жинақталып, тиісті алғышарттар жасалды. Дегенмен бұл бұрынғы бағдарламалар түкке тұрғысыз болды деген сөз емес.

Жалпы, Тілдік саясат тілдік жағдайға сәйкес болғанда ғана іске асады, үйлесімді болады, – деп бастады әңгімесін ғалым. – Меніңше, бағдарламада айтылған «Қазіргі ахуалды талдау» дейтін тармақта осыған дейін қол жеткізген табыстар жазылуы тиіс. Яғни «өткен жиырма жылда не жасалды? Алдыңғы бағдарламаларда көзделген мақсат, міндеттерге сәйкес қандай нәтижелерге қол жеткізіп, қандай жетістіктерге жеттік?» деген сұраққа жауап іздеуіміз қажет.

– Сіздіңше, тіл туралы қабылданған алдыңғы  бағдарламалар бізге не берді?

– Қазақ тілі мемлекеттік тіл дәрежесінде құқықтық жақтан қамтамасыз етілді, оқыту-әдістемелік, лингвистикалық, коммуникативтік, демографиялық базасы жасалып, қолдану аясы кеңейді.

– Енді қазіргі бағдарламаға байланысты ой-пікіріңізді айтсаңыз…

– Бағдарламада терминология, ономастика, тіл мәдениеті дейтін өзекті үш сала бар. Мысалы, «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты» дейтін үшінші мақсаттың «Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйеге келтіру» дейтін тармағында «Өңірлердің көрнекі ақпаратты пайдалануды бақылаумен қамтылу дәрежесі, әзірленген және шығарылған ономастикалық бюллетеньдердің саны, әзірленген және шығарылған терминологиялық бюллетеньдердің саны көрсеткіш болады» деп жазыпты. Меніңше, мұндай нәтиже көрсеткіштері көрсеткіш болмайды, тым жадағай. Бұл жерде тіл байлығын көрсететін бір томдық, көптомдық түсіндірме сөздік жасау мәселесі назардан тыс қалмауы керек. «Бұрын шыққан еді ғой» деуге болмайды. Өйткені түсіндірме сөздіктің корпусы жетіле береді, толықтырыла береді, кейбір сөздер қолданыстан шығып қалып жатса, кейбір сөздердің аудармалары жасалып, жаңа сөздер пайда болады. Тілдің лексикалық жүйесінде өзгерістер көп болатындықтан, түсіндірме сөздіктер үздіксіз шығып отыруы керек. Бағдарламадағы тілдік қор, лексикалық қор дегенде ең бірінші осы түсіндірме сөздік жайы айтылуы тиіс. Сөздік шыққан сайын жақсарады, бұрынғы кемшіліктер түзеледі. Мысалы, орыс тілінде қаншама сөздіктер шықты…

– Шындығында, осы сөздіктер мәселесі бағдарламаға ұсыныстар ішінде көп айтылды. «Сөздік бір орталықтан шығарылу керек» деп пікір білдірген ғалымдар да аз болған жоқ. Сіз не дейсіз?

– Кез келген орталықтан шыққан сөздік сөздік болмайды. Сөздік шығарудың да өзіндік қағидаттары бар. Орфографиялық сөздікке байланысты айтарым, жалпы халық пайдалану үшін жасалған орфографиялық заңдылық бәріне ортақ болуы тиіс. Негізі, орфографиялық комиссия құрылғаны жөн. Өйткені әр жерден шыққан сөздіктер көбінде бір-біріне қайшы келіп жатады. Сондықтан бағдарламада көрсетілген терминологиялық комиссия, ономастикалық комиссиялар тәрізді орфографиялық комиссия дегенді кіргізу керек. Бағдарламадағы тағы бір түйткілді мәселе – «қоғамның тіл мәдениетін көтеру» деген сөйлем. Әттеген-айы, осы тармақта қоғамның тіл мәдениетін қалай көтеру жағы қарастырылмаған. Жалпы, бағдарламада ғылым, ғылыми мекеме ұғымдары жоқтың қасы. Мысалы, мектепке арналған түсіндірме сөздіктің, орфографиялық сөздіктің қажет екенін айтқанымызға да біраз болды. Дегенмен бұл мәселе де бағдарламадан тыс қалыпты. Негізінде, қазақ тілі түсіндірме сөздігінің мектепке арналған шағын нұсқасын шығару – кезек күттірмейтін іс. Орыс мектептерінде мұндай сөздіктердің сан алуан түрі бар.

Сауатты сөздіктер жұртшылықтың лингвистикалық біліктілігін арттырады. Лингвистикалық біліктілік деген сөздің этимологиясын, терминдік мағынасын, жазылу емлесінің мәнін біліп отыру деген сөз. Енді бір мәселе, бағдарламадағы «сөйлеу мәдениетін дамыту» дегенді «сөз мәдениетін дамыту» деп алған жөн. Ал «Сөз мәдениетін дамыту» деген айтыс, мүшәйра өткізумен шектелмейді. Мұнда тілдің ғылымда қолданылуын басты назарда алған жөн. Мысалы, терминологиялық сөздік шығарумен ештеңе шешілмейді. Ол ғылымда қолданылмаса өлі дүние болып қала бермек. Сондықтан ғылыми дискурс болуы керек. Бұл дегеніңіз – ғылыми конференцияларда, тек қоғамдық ғылымдарда емес, әсіресе, жаратылыстану ғылымдарында қазақ тілін қолдану көрсеткішін арттыру деген сөз. Бағдарламаның индикаторлары ретінде осыларды көрсету керек. Сондықтан халықаралық, республикалық конференцияларды қазақ тілінде өткізуді, ғылыми диссертацияларды қазақ тілінде қорғатуды қолға алған жөн. Егер бұлай болмаса тілдің әлеуметтік беделі төмен екендігін көрсетеді. Айталық, тарихта дінге қызмет еткен (араб, грек тілдері) тілдердің әлеуметтік мәртебесі жоғары болған. Ал қазіргі заманда тіл телеарнаның, интернеттің, басқарудың, білім беру мен ғылымның, бизнестің тілі болғанда ғана беделі жоғары болмақ. Бағдарламада осы мәселелер нақты көрінсе дейміз.

– Мемлекеттік қызметкерлерге мемлекеттік тілді білуді міндеттеу жағы да осыған сайса керек…

– Бұрынғы бағдарламаларда міндеттеу жағы кемшін болғаны шындық. Өйткені алдымен мемлекеттік тілдің тілдік, лингвистикалық, құқықтық, әдістемелік базасы жасалуы керек болды. Осыған байланысты лингвистикалық сөздіктер шығару жұмысы да ақсап тұрды. Сондықтан кей адамдар, тіпті кей мекемелер «сұрауы жоқ дүние екен» дегендей еркінсініп кетті. Бірақ тіл мәселесі ешқашан сұраусыз қалмайды, оны халық бақылап отырады. Сол себепті қазіргідей негізгі жағдайлар жасалынған уақытта міндеттеу мен талап етуді күшейтетін уақыт жетті, оған қоғам да, қоғамдық сана да дайын. «Оқимын, білемін» деген адамға жақсы оқулықтар мен жетілген оқыту орталықтары баршылық. «Оқу-әдістемелік құралдар нашар, лингвистикалық базасы жоқ» дегендер тек сылтау ғана. Сондықтан осы бағдарламада «мынандай жылдан бастап мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді білу міндеттеледі» дейтін нақты тұжырым керек. Әйтпегенде, тәуелсіздіктің отыз жылдығында да мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тілінде сөйлете алмасымыз анық.

– Орыс тілі де бағдарламада қам­тылған. Осыған пікіріңіз…

– Орыс тілі бағдарламада қамтылып, қам­қор­­лық көрсетілетіндей бейшара тіл емес. Ресейдің өзі-ақ әлемдегі орыс тілінің беделін көтеру жағын мықтап қолға алып отыр. Шындығын айтқанда, Қазақстандағы қай салада болмасын орыс тілі әлі де үстемдік етіп келеді. Сондықтан көңіл жықпас, жалтақтыққа салынып, төрт тұрманы түгел орыс тілін мемлекеттік тілмен жарыстырып қоюдың аяғы жақсылыққа әкелмейді. Өйткені мұндай жарыспалылық конфликтегендік жағдаяттың әлеуетін күшейте түседі. Қазақстан қоғамындағы екі мәдениет (қазақтілділер мен орыстілділер) бір-біріне қайшы келмеуі керек. Яғни «өкпелетіп алмайық, ренжітіп алмайық» деген бұрынғы қасаң идеядан арылғанымыз жөн. Өйткені қазіргі Қазақстан халқының санасында үлкен өзгеріс бар. Сондықтан бағдарламаның ең басты міндеті ретінде қазақ тілін бірегейлендіру мәселесін қарастырған дұрыс. Жалпы, толеранттылық ұғымын Қазақстандағы өзге этнос өкілдеріне де түсіндіргеніміз жөн.

Толеранттылықтың жаппай халық­тық сипат алуын қолға алуымыз керек. Оны тек қазақтан ғана емес, Қазақстанды мекен етіп отырған басқа халықтар­дан да талап етуіміз тиіс. Жалпы, қазақ тілін орыстілділердің әлеуметтік белсенді жіктеріне, яғни жастардың лингвистикалық капиталына айналдыру қажет.

– Сонда орыс тілі бағдарламада қай деңгейде қамтылуы керек деп ойлайсыз?

– Орыс тілі қазақтілді тұлғалардың, керісінше, қазақ тілі орыстілділердің лингвистикалық капиталы болуы қажет. Сонда ғана екі тілдің үйлесімділігі қалыптасады. Бағдарламада орыс тілі осы тұрғыдан қаралуы керек деп ойлаймын.

– Ұлттық құндылықтарды көздеген мемлекеттік мәселелерді талқылауда еліміздегі орыстілді басылымдар көбінде шет қалып жатады. Бұл неліктен?

– Мемлекеттік тіл мәселесі мемлекеттік дәрежеде талқылануы керек. Сондықтан бағдарламаның мемлекеттік тілді насихаттау туралы тармағына «мемлекеттік, мемлекеттік емес басылымдардың барлығы атсалыссын» дейтін міндеттеме енгізуіміз қажет. Білген адамға мемлекеттік тіл мәселесі – Қазақстанда тұрам дейтін барлық адамға ортақ мәселе.

– Мемлекеттік тілдің проблемасы осы бағдарламамен толық шешіледі деп ойлайсыз ба?

– Оны уақыт көрсетеді. Дегенмен «Мемлекеттік тіл» туралы арнайы Заң қабылдау керектігі – бұлтартпас шындық. Үкімет жап-жақсы қолға алып еді. Аяғы сиырқұйымшақтанып кетті. Тым құрыса, осы бағдарламада «мынадай жылы Мемлекеттік тіл туралы Заң» қабылданады деген бір сөйлем болғаны жөн. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, барлық өркениетті елдерде мұндай заң бар. Егер «Мемлекеттік тіл» туралы Заңды уақытында қабылдамасақ, оның аяғы үміт азайып, күдік көбейген шиеленісті жағдайға, сенімсіздікке апаруы мүмкін. Өйткені екі тілді жарыстыру қоғам үшін, мемлекет үшін өте қауіпті. Сондықтан Мемлекеттік тілдің мәртебесін бірегейлендіруіміз қажет. Яғни ол Қазақстан халқының нұрлы болашақ пен жақсы өмір сүруінің кепілі болуы тиіс.

Қазіргі орыстілді жастарды да, қазақтілді жастарды да декларация, декорация арқылы сендіре алмайсыз. Олар – прагматиктер. Оларды нақты нәтиже арқылы ғана сендіре аламыз. Сондықтан олардың жарқын болашағының кепілі ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін нақтылауымыз қажет. Бұдан «тілдік капитал» деген ұғым шығады. Яғни кез келген қазақстандық қазақ тілі арқылы көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізе алатын болғанда ғана мақсатымыздың орындалғаны.

– Қазақ тіліндегі телеарналар жайы да бағдарламаның басты назарында болуы керек емес пе?

– Иә. Өйткені әлеуметтік лингвистикада белгілі бір тілдің қоғамдық беделі телеарнамен өлшенеді. Бірнеше телеарна тәулік бойы қай тілде сөйлеп жатса, сол тілдің қоғамдық беделінің, әлеуметтік мәртебесінің жоғары болғаны. Осы тұрғыдан қазақ тілі толыққанды телеарна тіліне айналмаса, онда мемлекеттік тілдің мәртебесінің өте төмен сатыда қалғаны. Өткен жылы айтқан сөзі жерде қалмайтын белгілі саясаткер, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев 24 сағат мемлекеттік тілде сөйлейтін 3 телеарна ашылады деп жұртты елең еткізген.  Сондықтан аталмыш телеарналардың қашан ашылатындығы бағдарламада нақты көрсетілуі қажет.

– Мемлекеттік мекемелердегі жиналыс тілі қашан қазақшаланады?

– Тілдік коммуникация тек жазбаша ғана емес, ауызша түрде де жүзеге асуы керек. Мұны тіл ғылымында ресми дискурс дейді. Мысалы, жиналыстар мемлекеттік тілде өтіп, тапсырмалар мемлекеттік тілде берілгенде ғана тіл өз мәртебесін нақтыламақ. Сондықтан ресми қарым-қатынастың да ауызша түрі мықтап жұмыс істегені жөн.

– Бағдарламада қамтылмаса да, шетелден келетін қазақтарға орыс тілін үйрету мәселесі де көп айтылып жүр. Осыған не дейсіз?

– Атажұртына оралған қандастары­мызға орыс тілін үйреткеннен гөрі шетелдегі қазақтарға өз ана тілінде оқуға мүмкіндік беру жағын қадағалағанымыз жөн болар…

Әңгімелескен

Біләл Қуаныш

Көзбояушылық көпке апармайды
Республикамызда «Тіл туралы» Заңның да алғаш қабылданғанына 20 жылдан асып барады. Ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Біраз шаруалар атқарылды, бірақ шынтуайттап келгенде, әлі де мардымсыз. Мемлекеттік тілімізді барлық салаларға енгізудің жүрісі мимырт, қозғалысы баяу. Сонда «тіл, тіл» деп алқалы жиындарда Шахановты ғана шырылдатып қоймақпыз ба?! Ол – тіл, рух, халқымыздың мәдениеті мен салт-дәстүрі дегенде шыбын жанын тәуекелге байлаған жан. Ал сондай адамның бастамалары мен игі істерін біздің кейбір қандастарымыз мойындағысы келмейді. Керісінше, басқа ұлт өкілдері тілімізді үйренуге құлшыныс байқатуда. Биліктегі кейбір космополиттер бұл проблеманы тек сылап-сипап қойғысы келеді, ашық қарсы да келмейді, бірақ іштей қарсылық тудыртып, өздерінің теріс пиғылдарын іске асыруда. Өйткені қазақ тілі қанат жайса, орынтақтарынан айырылып қалуы мүмкін. Себебі жейтін нанын орысша тауып жүр, бала-немерелері шетелде оқуда…

Қолымызда – «Тілдерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағ­дарламасының» жобасы. Кезінде 1999-2001 жылдары Алматы қаласының Тіл басқармасында істеп жүргенде бұдан бұрынғы бағдарламалардың жүзеге  асырылуына атсалысып едім, енді, міне, тағы бір жаңа бағдарламамен «жүздесіп» отырмын. Сонда бас-аяғы 30 жыл туған тілімізді үйренеді екенбіз. Бұл не деген сұмдық! Қай ел ана тілін үйретуге арнайы бағдарлама жасап, осыншама мерзім арнап  отыр? Сыртқы ел-жұрттан ұят емес пе? Ғасыр соңында мемлекеттік тіл ендіріледі деп емеурін таныттық, екінші рет тағы да емексідік, енді не жорық?

Елбасы «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деп ұран тастады. Бірақ Елбасының бұл ұраны ескерусіз қалып, қазақ бір-бірімен әлі де толық өз ана тілінде сөйлеспей келеді. Мәселенің барлық кілтипаны – Ата Заңымызда­ғы, «Тіл туралы» Заңдағы орыс тілінің «ресми тіл түрінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады» дегенінде. Ең алдымен, заңымызды түзеп алайық. Содан кейін тез арада «Мемлекеттік тіл туралы» Заңды қабылдауымыз қажет. Біз тұрмақ, ормандай орысы бар (120 миллион) Ресей баяғыда «Орыс тілі туралы» заңын қабылдап алған. Сондықтан егер шынымен жанымыз ашыса, ел-жұртқа күлкіге қалмайтындай, мемлекеттік бағдарламаны ең болмағанда 5 жылға қысқартып, 2015 жылы бағдарлама­ны аяқтап, еліміздің түкпір-түкпірінде мемлекеттік тілдің төрімізден орын тепкенін қамтамасыз етуіміз керек. Әйтпесе, енді тағы 10 жыл бар екен ғой деп, арқасын кеңге салып, қолын бір сілтеп жүргендер жетерлік.

Аталмыш бағдарламада ай­тыл­ғандай, мемлекеттік тіл – ұлт бір­лігінің негізгі факторы. Бұл – Ұлт бірлігі доктринасына сәйкес келетін мақсат. Біздің басты мақсатымыз – мемлекеттік тілдің деңгейін ең құрымаса орыс тілі дәрежесіне жеткізу. Ендеше, жер-жерлерде бұдан былай көзбояушылыққа салынбай іс­қа­ғаздарының кіріс-шығыс құжаттары, ішкі құжаттар тек қана мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс. Осы жылдың 1 қыркүйегінен  бастап Парламент мә­жілістері, Үкімет отырыстары тек қазақ тілінде өткізілсін. Ал, олар тағы да жиылыстарды қазақша бастап, орысша жалғастыра беретін болса, онда және 30 жылға омалып жүретініміз хақ. Өйт­кені дүйім жұртшылық жоғарғы би­лікке қарайды. Содан кейін мемлекет­тік қызметкерлер шетелге шыққанда немесе шетелдіктерді қабылдағанда сұхбат тек мемлекеттік тілде жүргізілуі тиіс. Бұл тіпті халықаралық протоколмен мемлекеттер арасындағы бекітілген ақиқат норма ғой. Оның үстіне 6 халықаралық тілден (ағыл­шын, араб, француз, испан, қытай, орыс) тікелей тәржімелейтін аудар­машы-тілмаштарымыз, Құдайға шүкір, баршылық.

Енді тағы бір өте салмақты түйткіл бар. Ол – «Тіл туралы» Заңның 23-бабы. Мұнда мемлекеттік тілді бірінші ретте білуге тиіс мемлекеттік қызметкерлер тізбесі беріледі деген. Осы тармақ пысықталмаған, әлі күнге дейін тізбе жоқ, мұны кейбіреулер жақсы пайдаланып әрі іштен шалып отыр. Сонымен бірге ҚазТЕСТ-тегі сұрақтар сын көтермейді, мүлдем жеңіл, бастауыш мектептің балаларына арналғандай. Кімді алдаймыз? Жалпы айтқанда, мәселенің түйіні – заң бар да, ол нормативтік-құқықтық актілермен жетілдірілмеген. Әрбір заң сауатты, бүге-шігесіне шейін жазылған актілермен құнды. Сондай-ақ Парламентке ұсынылатын әрбір заң мемлекеттік тілде дайындалуы тиіс. Парламент қоржынында мемлекеттік тілде әзірленген бір ғана «Көші-қон» заңы бар. Ал елімізде заңгерлерді даяр­лаудан бірінші орынға шығыппыз. Осылардың ішінен қазақша заң даяр­лайтын мамандар, Аллаға тәубе, толып жатыр. Енді қолға алатын мезгіл жетті ғой. Заңдарды сала-сала бойынша барлық министрліктер жа­сақтап, үйлестіруші ретінде Әділет министрлігіне өткізуі тиіс. Мұнда осынау министрлікке қарайтын (әйтеуір лицензияны солар береді) саңырауқұлақша қаптап кеткен нотариустар әлі күнге дейін тек қана орысша «сайрайды». Осы нотариустар бір тезге салынбай-ақ қойды.

Жобадағы «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты» атты үшінші мақсатта қарастырылған терминологиялық комиссия жұмы­сына әр сала мамандарынан білікті, қазақ тіліне жетік мамандар тартылып, оны Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті үйлестіргені жөн. Ма­мандық пен саланың ерекшеліктері әр алуан. Бізде «өндірісте қазақ тілі жүрмейді, терминдер бәрі орысша» деген қате пікір, тоңмойындық бар. Мысалы, медицинаның өзі жүздеген мамандықтан тұрады, соның  өзі әжептәуір қазақшаланып келеді. Құдайға шүкір, Өтейбойдақ ғұламамыздың қалдырып кеткен медициналық терминдері қаншама! Соған қарағанда жай бір өндірістегі терминдер саны азғана. Бұл тарапта ең үлкен мәселенің бірі – қазақ тілінің ғылым, бизнес тілі болуы. Мемлекеттік тілде қорғалған ғылыми жұмыстар 12-ақ пайыз екен, оның өзінде көпшілігі гуманитарлық салалар бойынша. Ал ұлттық компаниялар мен банктердегі жағдай тіптен сорақы. Бұлар мемлекеттік тіл проблемасын тек қана аудармашылармен шешіп, күн көріп отыр. Бизнес тілі қазақша болмай өрге баспайтынымыз ақиқат, себебі қазір нарық заманы, ал нарықнамада бизнес бірінші орында екенін дәлелдеудің қажеті жоқ. Сонымен бірге министрліктерде, ұлттық компанияларда аударма бөлімдері «Мемлекеттік тілді дамыту» бөлімі, басқармасы болып қайта құрылып жатыр. Атауы мүлдем дұрыс емес. Қазақ тілі – дамыған тіл. Сөздік қоры жағынан әлемде төртінші орынға шыққан (650 мың сөз тіркесі). Сондықтан «Мемлекеттік тілді ендіру және бақылау бөлімі» деп аталуы тиіс.

Аталмыш бағдарламадағы мемлекеттік тілді оқыту үдерісінде халықаралық тәжірибе ретінде ла­тыштық жүйені ендірген абзал ма дейміз. Олардың «Слово – бегом» атты бағдарламасы бойынша 60 сағат ішінде 2000 сөз үйреніп, қазақ тілін айналасы 2-ақ айда үйренуге болады екен. Басқа ұлт өкілдерінің ынтасы болса үйрене берсін, олардың жастары болашағын Қазақ мемлекетімен байланыстырғысы келсе өздері-ақ игеретіні кәміл. «Мені құртқан Көкшолақ» дегендей, өз қандастарымыз ғой жігерімізді құм қылып титықтатып отырған. Ал бұларды мәжбүрлеу керек, лауазымды қызметтерге мемлекеттік тілді жеткілікті дәрежеде меңгермей жайғастырмау қажет. Әйтпесе олар қазақтың есебінен ұялмай мансап баспалдағымен көтеріледі де, өз ана тіліне мұрындарын шүйіріп жүр. Мемлекеттік тілді игеру үдерісін ынталандыру мәселесіне келетін болсақ, басқа ұлт өкілдерін ынталандыруға болады, ал өз қандастарымызды жарылқауға болмайды. Өйткені олар шет тілдерін үйренуге қаржысын аямай жұмсайды да, өз ана тілін үйренуге келгенде неге кері тартады?

Кішкентай нәрестенің тіл үйренер ортасы алдымен отбасы болса, сонан соң балабақша. Қазір отбасы­лық мемлекеттік тілді үйретушілер тәжірибесі орын тебуде. Сәби ана тілімен уызынан жарып, бесік жырымен тәрбиеленсе ғана нағыз қазақ бола алады. Ең маңыздысы – балабақшада қандастарымыз тек қана ана тілінде тәлім-тәрбие алуы тиіс, әйтпесе орыс не ағылшын тілі белең алып тұрғанда бүлдіршін сол тілдерге бейімделіп кетеді де, ана тілі жайына қалады. Оны көріп те жүрміз. Содан барып 10-12 жасқа келгенде қай тілді үйренсе де өз еркі. 10-12 жас деген – халықаралық нормада (мәселен, Жапонияда) бар құбылыс.

Орыс тілі – онсыз да дамыған, көркейген тіл. Біздікіндей «теперішті» көрген жоқ, көрмейді де. Біздің күдігіміз – орыс тілінің дамуына аталмыш бағдарламада жеке бағыт берілуі туған тілімізді шетке ысырып, тасасында қалдыра ма деген ой. Әйтпесе қазекең кеңпейіл ғой, жүрегіне сан мың тіл болса да саспай сыйдыра береді…

Бақытжан Тобаяқов,

«Астана қалалық мемлекеттік тіл қозғалысы» Төрағасының міндетін атқарушы, Қазақстанның мәдениет қайраткері

Тіл байлығымыз техникалық терминге де жетеді
Былтыр республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бірнеше санында «Еуразиялық экономикалық қауымдастық» дейтін материал жарық көрді («Егемен Қазақстан» газеті, №438…447, 2009). Осыған орай материалда қолданылған (XVI бөлім, 84 және 85-топтар) кейбір электротехникалық атаулар мен сөз тіркестерінің қазақша тәржімесі туралы өз ұсынысымды білдіргім келеді (Бірінші бағанада құжаттық нұсқасы, жақша ішінде орысшасы, ал екінші бағанада автордың ұсынысы мен пікірі келтірілген):

Гильза, патрон (гильза, патрон) – көзе. Көзе деп цилиндр тәрізді, кішкентай рюмка сияқты ыдысты айтады.

Катушка, орауыш (катушка) – шарғы. Тігін машинасының жібін шарғыжіп деп атайды («шарық жіптің» өзгерген түрі болар). «Шарғы» дегені жіп орайтын өзегі, оны ағаштан жасайтын, екеуін қосып, ойыншық арба жасап ойнаушы едік. «Орауыш –наматыватель» ұғымын береді, мысалы, «намоточный станок – орауыш станок».

Ауысымдық аспаптар (сменные приборы) – ауыстырымдық аспаптар.

Шөтке (щетка) – түкшек. Орыстар щетканы ертеде жабайы шошқаның қылынан жасаған, яғни щетка «щетина – түк, қыл» сөзінің өзгерген түрі. «Зубная щетка – тіс түкшегі», «щетка одежная – киім түкшегі», «щеткалау – түкшектеу», «медно-графитовая щетка – мыс-графитті түкшек».

Машиналарға қызмет көрсету (эксплуатация машин) – машиналарды жегу,

машиналар жегімі. Эксплуатация (техн.) – жегу,жегім. Эксплуатационные расходы – жегімдік шығасылар. Эксплуатационные потери – жегімдік шығындар.

Қуаттылық (мощность) – қуат. Әрине, «мощь – қуат» десек, «мощность – қуаттылық» болады. Бірақ мәтінде қуат деп сөйлеу  ыңғайлы болғандықтан, қуат деп айту қалыптасқан.

Жұмыс көлемі (рабочий объем (цилиндра)) – жұмыстың көлемі.

Дөңгелекті тракторлар (колесные тракторы) – доңғалақты тракторлар. Колесо, шина – доңғалақ.

Табақ тәрізді сорғылар (пластинчатые насосы) – қалақты сорғылар.

Ортадан тепкіш сорғылар (центробежные насосы) – кіннен тепкіш сорғылар.

Кіндік сөзі де центр мағынасында қолданып жүр. «Дік»-ті жалғау деп есептесек, түбірі «кін»-ді техникалық мәтіндерде центр мағынасында қолдануға болады деп есептеймін. Центр (техн.) – кін. Центр окружности – шеңбердің кіні. Центр тяжести – ауырлық кіні. Центральный угол – кіндік бұрыш.

Жартылай өткізгіштер (полупроводники) – шала өткізгіштер. Шала өткізгіштер кедергісі диэлектриктер мен өткізгіштердің аралығында жататын материалдар тобы. Егер оларды жартылай өткізгіштер деп атаса, «проводящие на половину» деген теріс ұғым тууы мүмкін.

Ось (ось) – өс. Осевые вентиляторы – өстік желдеткіштер. Координатные оси – координат өстері. Осевая линия – өстік сызық.

Орағыш материал (оберточный материал) – ораулық материал.

Тауар (товар) – сатымал. Сатуға арналған өнім товар деп аталатыны белгілі, ал түрікше товар – мал деп аталады екен. Осы екі сөзді қосып «сатымал» десе, товар сөзінің дәл мағынасын беретін сөз шықпай ма? Товарное производство – сатымалдық өндіріс. Себестоимость товара – сатымалдың өзіндік құны.

Сезімталдық (чувствительность (техн.)) – сезгіштік.

Пісіру (сварка) — пісірістіру. Сварка сөзіндегі «с» әрпі «соединительная приставка» ретінде қолданылып, екі нәрсені пісіріп, яғни балқытып біріктіру мағынасын беріп тұр, ал «пісіру – варка». Сварщик – пісірістіруші. Сварной шов – пісірістіру тігісі. Электродуговая сварка – электр-доғалық пісірістіру. Контактная сварка – түйістік (түйіскілік) пісірістіру.

Электрсіз қозғалтқыштар (неэлектрические двигатели) – бейэлектрлік қозғалтқыштар.

Бак (бак) – тенек, мәтей. Қымыз күбісінен қысқа, бірақ одан диаметрі үлкен ағаш ыдысты тенек, мәтей деп атайтын (диалект).

Ванна (ванна) – бұлаушын. Ванна адам бұлаулану үшін немесе өндірісте қандай да болмасын бір ерітінді дайындау үшін қолданылатын ыдыс. Оны шылапшын дегендей бұлаушын деп атауға әбден болады деп ойлаймын. Солнечная ванна – күн бұлаушыны. Электролизная ванна – электролиз бұлаушыны, электролиздік бұлаушын.

Интегралды сызбалар (интегральные схемы) – интегралдық сұлбалар.

Түйіспе (контакт) – түйіскі, түйіс. Контактная пара – түйістік жұп. Контакт-деталь – түйіскі. Электрический контакт – электрлік түйіс. Площадь контакта – түйістік аудан.

Электр алаңы (электрическое поле) – электр өрісі, электрлік өріс.

Ауыспалы ток (переменный ток) – айнымалы ток.

Пештер мен қарсыласу камералары (печи и камеры сопротивлений) – пештер мен кедергілер камерасы.

Диэлектрлік ысырап көмегімен материалдарды термикалық өңдеу (термическая обработка материалов при помощи (методом) диэлектрических потерь) – диэлектрлік шығынды пайдаланып, материалдарды термиялық өңдеу.

Пластмассаларды кедергімен пісіру (сварка пластмасс сопротивлением) – пластмассаларды ке­дергілік пісірістіру.

Металдарды қарсылықпен пі­сіру (сварка металлов сопротивлением) – металдарды кедергілік пісірістіру.

Түзетушілермен және түзету құралдарымен пісіру (сварка выпрямителями и выпрямительными устройствами) – түзеткіштермен және түзеткіштік құрылғылармен пісірістіру.

Айнымалы резисторлар (переменные резисторы) – реттелмелі резисторлар. Бұл айнымалы ток сияқты өздігінен өзгеріп тұратын шама емес, ол кедергісі автоматтық немесе қолмен өзгертіліп отыратын аспап. Сондықтан реттелмелі деп атаған дұрыс болады.

Кіріс және шығыс оптикалық байланысқан тізбектер (входы и выходы оптически связанные цепи) – кірмесі мен шықпасы оптикалық байланысқан тізбектер.

Есептегіш машиналар (счетные и вычислительные машины) – есептеу машиналары, есептеуіш машиналар.

Вольфрам жібі бар (с вольфрамовой нитью) – волъфрам қылды (қылсымды). Оқшауланған өткізгіштері бар сымдар мен кабельдер (провода и кабели с изолированными жилами) – оқшауланған тарамдары бар сымдар мен кәбілдер.

Түйіндер мен агрегаттар (узлы и агрегаты) – құралғылар мен агрегаттар. Узлы деталей – бөлшектер құралғысы. Сборка узлов – құралғыларды жинастыру.

Тарту күші (тяговая сила) – тартымдық күш. Тяга – тартым. Тягач – тартақ, тартқыш.

Номиналды (номинальный) – номинал. Горизонтал, вертикал, нормал, синусоидал, тангенциал, тағы сол сияқты сөздерге «ды» немесе «дық» жалғауларын қосып айту сөз тіркестерінде өте ыңғайсыздық тудырады және мағынасы да өзгереді.

Салыстырыңыз: номинальная мощность – номиналды қуат – номинал қуат; горизонтальная ось – горизонталды өс – горизонтал өс; синусоидальное напряжение – синусоидалы кернеу – синусоидал кернеу.

Тізбекті аралар (цепные пилы) – шынжырлы аралар.

Электр өзгерткіштер (электрические преобразователи) – электрлік түрлендіргіштер.

Күш трансформаторлары (силовые трансформаторы) – күштік трансформаторлар.

Идаятолла Мұхитұлы,

Қазақ ұлттық техникалық университеті электротехника кафедрасының доценті

Бауыржанның аяқталмаған туындысы
Өзінің майдандас серігі Мәлік Ғабдуллиннің жазған хаты әсер етті ме, әлде Б.Момышұлының бұрыннан ойлап жүрген ойы болды ма, ол «Москва үшін шайқастың» екінші кітабын жазуды қолға алып, біраз еңбек жасайды. Кітап аяқталмаған.

Бұл кітап «Москва үшін шайқастың» екінші кітабы ма? Әлде автор кітапты басқаша жазуды ұйғарды ма? Әлде романның алғашқы нұсқасы ма, ол жағы белгісіз. Қай жылы жазылғаны да белгісіз. «Москва үшін шайқас» романындағы кейіпкерлерге қоса жаңа кейіпкер ретінде Құрманбек Сағындықовтың соғысқа келуімен басталады.

Автор бұл нұсқада да өзі бас кейіпкер бола тұра, уақиғаны 1942 жылғы полк командирі кезеңінен қамтиды. Осыған қарағанда, «Мос­ква үшін шайқастың» жалғасы деген ойға қаламыз. Уақиға желісі үшінші жақтан айтылып, шығарманың бас кейіпкері – Бекболат. Бекболат – Б. Момышұлының өзі. Бұл шығарма жарыққа шыққан жоқ.

1942 жылдың басында Алматыдан бір топ қазақстандық жастар соғысқа аттанды. Олар тура Мәскеу түбінен шегінген жауды қуып бара жатқан әскер бөлімшелерінің қарамағына келіп қосылады. Олардың арасында түрлі мамандық иелерімен қатар өнер адамдары да бар болатын. Опера театрының директоры, тағы сол сияқты Бәукеңнің соғысқа дейінгі досы Құрманбек Сағындықовтар осы топпен Мәскеу түбіндегі соғысқа келеді.

Оларды бөлімшелерге бөліп жатқан тұста Құрманбек Сағын­дықов пен операның директоры Құрмаш Бауыржан Момышұлы басқарған полкке сұранады. Ол кезде Бәукеңнің атағы шығып қалған кез. Ал Құрманбекпен соғысқа дейін дос-жаран болғандықтан хат арқылы байланысып тұрған. Әсілі, сол жазысқан хаттардың пайдасы тиген болуы керек, Қ.Сағындықовты Б.Момышұлының полкіне жібереді де, ал операның директорын басқа дивизияға жібереді.

Досы Құрманбекті көрген Бәукең қатты қуанып, оны ешқайда жібермей, үш-төрт күн ауыл-елдің жаңалықтарын естіп, әбден мауқын басады. Сөйтіп, Қ.Сағындықов­ты алғы шепке, соғысқа емес, тылдағы шаруашылықты басқаратын қызметке тағайындайды. Алғы шепке жіберсе, қаңғыған бір оқтан майып болады ма деп, досына аяушылық білдірген Бәукең осындай әрекетке барады.

Әрине, Бәукеңнің бұл әрекеті еш кеткен жоқ. Қ.Сағындықов соғыстан аман-есен елге оралды. 1942 жылы соғыста ерлік көрсеткен бір топ қазақстандық жауынгерлерді елге демалысқа аттандырады. Бұл топты дивизия командирінің ұсынысымен Б.Момышұлы басқарып баруға тиіс болатын. Бірақ Бәукең бұл топты басқарып бармайды. Басқалардың қарсылығына қарамастан өзінің орнына Қ.Сағындықовты жібереді.

Сөйтіп, Қ.Сағындықов елде біраз уақыт демалып қайтқаннан кейін, Бәукең оны Мәскеудегі бір әскери газетке редакторлық қызметке ауыстырады. Елге келіп бір-екі ай демалған Қ.Сағындықов соғысқа қайта оралғаннан кейін Мәскеудегі қызметіне кетеді. Соғыс аяқталғаннан соң да ол сол басылымда біраз уақыт қызмет істейді.

Ал операның директорымен 9-дивизияны басқарып жүргенінде ойда-жоқта кездеседі. Атқосшысы екеуі бөлімшелерді аралап келе жатып, орман арасында үсті-басы алба-жұлба, өзі аш, қасындағы ыдысына өлген аттың тұяғын пышақпен жонып майдалап салып, қайнатып отырған бір адамды көзі шалып, ат басын солай қарай бұрады. Келсе, әскери адам екен. Әскер тәртібімен тұрып, ізет те білдіре алмайды.

Бар болғаны бұларды көре салып, қолындағы ыдысын бауырына басып: «Бермеймін, бермеймін», – деп міңгірлей береді. Бәукең жағдайды бірден түсінеді.

Былдырлаған тілінен қазақ екенін аңғарып, ала кетуді ұйғарады. Атқа мінгестірейін десе, оның өздігінен отыруға шамасы келмейді. Атқосшысы екеуі екі жақтан әлгі жауынгерді атқа мінгізіп, штабқа алып келіп, есін жинағанша штаб маңында ұстайды.

Есін жинағаннан кейін жа­уынгер Бәукеңе өзі келіп, Алматыдан соғысқа Құрманбек Сағындықовпен бірге келгенін, Бәукеңнің полкіне сұранғанын, Қ.Сағындықовты жіберіп, мұны жібермей қойғаны­ның барлығын түгелдей баяндап айтып береді. Енді өз полкіне бармай, осы Б.Момышұлының қарамағында қал­ғысы келетіндігін мәлімдейді. Бірақ Бәукең оны қарамағына алып қалмады. Өз полкіне аман-есен қайтарады.

Армия штабындағы мәжіліске қатысып, өз штабына келе жатып, ұзын жолға түсе бергенде госпитальдан шыққан бір жауынгер қолын көтеріп, ала кетуін сұранады. Ойында ештеңе жоқ Бәукең әлгі жауынгерді вилисінің артына отырғызып алып жүре береді. Жолда өз ойымен әлектеніп келе жатқан Бәукең әлгі жауынгерді мүлдем ұмытып, дивизияның штабына жеткен кезде ғана жауынгерді көріп есіне алады. Өйткені жа­уынгер өзі түсетін жерден өтіп кетсе де үндемей отыра берген. Ол Б.Момышұлын танып, не де болса штабқа жеткеннен кейін сөйлесемін деп отыра береді.

Штабқа келгеннен кейін Бәукеңнің «Сен неге өзіңнің бөлімшеңе баратын жолдан түсіп қалмадың?» дегеніне ол: «Мен әдейі істедім» дейді. «Мен енді өз бөлімшеме бармаймын. Мен сізден бұрын да өтінгенмін, есіңізге алыңыз» дейді. Сөйтсе, бұл сол баяғы орманда аштан кезіп жүр­ген жауынгер болып шығады.

Б.Момышұлының болмайды дегеніне қасарысып тұрып алады. Ақыры, Бәукеңнің орынбасары полковник Шляпин оны жасырын түрде алып қалып, штаб маңынан жұмыс береді. Бәукең бұл жағдайды білсе де білмегенсіп жүре береді.

Автор бұдан басқа екінші кітапта өзінің отбасы мен басқа да танитын жақын-туыстары туралы мағлұмат бере келіп, арасында сол кезде қазақ зиялылары мен ел басқарған басшылар туралы да айта кетеді. Негізінен, автор екінші кітапты М.Ғабдуллиннің ұсынысын қабылдап әрі «Москва үшін шайқас» романына кірмей қалған тұстарын енгізгені көрініп-ақ тұр. Алайда автор «Москва үшін шайқас» романында өзін кейіпкер ретінде Б.Момышұлы деп айқын көрсетсе, екінші кітапта өзінің аты-жөнін Бекболат Талғаров деп жасыра көрсеткен. Шығарманы қалай жазамын десе де, автордың өз құқығы. Әйтсе де, бұл шығарма «Москва үшін шайқастың» жалғасы ма, әлде басқа бағытта жазғысы келді ме, ол жағы белгісіз күйде қалып отыр.

Б.Момышұлы мен М.Ғабдул­лин­нің арасындағы жазылған хат­тар легі бізге біраз нәрсені аң­ғарт­қандай. Жазылған хаттардан Бәукең мен Мәлік арасындағы бай­ланыстың тым жақын екендігін аңғарғандаймыз. Кей жерде ағалы-інілі, кейде қатар замандастар се­кілді, кей жерде жақын туыстар секілді пікірлесіп, өз ойларын қандай жағдайларда болмасын ор­таға салып отырғандарын байқау қиын емес.

Мұхамеджан Кәтімхан,

«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері

Қилы кезең және қайраткер 1929-1934 жылдары РКП(б) Қазақ өлкелік партия комитетінің II хатшысы болған Ізмұхан Мұқашұлы Құрамысов туралы сыр
Әдетте еліміз бен халқымыздың тарихы туралы айтқанда, нұрлы өткенімізді ғана айтып немесе бүгінгімізді марапаттап, азалы кешегімізді ұмыт қалдыруға болмайды. Өйткені бұл екі кезең бір-бірімен сабақтасып өріліп жатқан қоғамымыз бен ондағы адамдар өмірінен құрылғандықтан, жекелей қарастырылмайды. Олай болса, туған республикамыздың өткендегі ескі тарихы да, бүгінгі жаңа тарихы да қазақ қайраткерлерінің өмірімен тығыз байланысты.

Қазір заманымыз өзгеріп, Ұлы Қазан төңкерісі деп аталып келген төңкеріске, оның нәтижесінде қол жеткен жетістіктерімізге топырақ шаша бастадық. Алайда оған біржақты ғана баға беріп, соның нәтижесінде қолымыз жеткен жеміс-жеңістерімізді ұмытуға хақымыз жоқ.

Тағдырдың жазмышы мен озмышы отызыншы жылдарға сәйкес келген қайсыбір тұлғаларымызды алсақ, олар­дың өмі­рінде айқыш-ұйқыш жолдар көрінеді. Қазақ­тың атадан балаға мирас болған әдет-ғұ­рып, салттары мен дәстүрлері, Қазан төң­керісі орнатқан жаңа тәртіптермен Үркер мен Айдай «тоғысып» шартпа-шұрт бол­ған сол замандардың ақтаңдақ беттері тек арада сексен жыл уақыт өткенде ғана аз-аздап анықталуда. Бұл орайда Кеңес үкі­метін орнату жолында омырауын оққа тос­қан, келер ұрпақ болашағы мен бақыты үшін шыбын жандарын қиып, қандарын төккен аяулы ағаларымыз бен апаларымыздың өшпес есімдерін есте сақтау міндет. Сондай жандардың бірі – белгілі қоғам қайраткері Ізмұхан Мұқашұлы Құрамысов. Ол Ақтөбе губерниясы, Ақбұлақ уезі, Тұзтөбе болысы, Томарөткел ауылында 1896 жылы дүниеге келген, ал 1910 жылы орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін қаражат тапшы­лығынан оқи алмады. Сөйтіп жүріп, 1916 жылдың қыркүйегінде Ізмұхан көптеген өз қатарластары секілді Орынборға тыл жұмысына алынды. «Басқа түссе баспақ­шылсың» демекші, қасапханадағы ауыр еңбек бір сәт тыныс алуға мұрша бермейтін. Сонда да болса ол білімін көтеруін тоқтат­пады. Айлық табысының аздығына қарамас­тан алымды жігіт Орынборда шығатын төрт газетті түгелдей жаздырып алды. «Бірақ бұл оқу, кейін ойлап отырсам, бей-берекет бірдеңе болған екен, – деп жазды Құрамысов кейіннен өмірінің бұл кезеңі туралы, – қолымызға түскенді оқи беріппіз».

Жас жұмысшы үшін өмірдің өзі ең бас­ты ұстаз болды. Бұл кезде оның саясатқа ынтасы ауа бастайды. Олай болуы заңды да еді. 1917 жылдың оқиғалары әркімнен іс-қимылды талап етті. Қазақ төңкерісінен соң, Ізмұханның санасына «большевиктер», «партия», «Ленин» деген сөздер берік орнықты. Жалғыз Ізмұхан ғана емес, бүкіл қазақ даласы бұл кезде «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деген ұранды шын жүректен қабылдаған еді.

Әрине, ол кезеңнің қиыншылығы да аз емес болатын. Ел экономикасы дағдарыс құшағында, аштық, жалаңаштық және бар. Алайда бұл кедергінің бәрін жою үшін жаңа өмір орнату ісі қызу жүріп жатты. Оның қайнаған ортасында Ізмұхан Құрамысов та жүрді. Өз ауылына қайтып оралған ол кедей жастарын топтастырып, мәдени-ағарту үйірмелерін ұйымдастырды. Өздері пьеса жазып, бай-болыстарды сынайды. Өзгелерге жетекші бола жүріп, Ізмұханның өзі де шыңдалады.

Көп ұзамай ол Тұзтөбе болыстық атқару комитетінің хатшысы, одан соң төрағасы болып сайланады. Ол енді жаңа өмір орнатудың мәнін толық түсінетін азамат дәрежесіне жеткен-ді. Алған білімі мен жинаған тәжірибесі оны биікке көтеріп, абыройға бөледі. 1921 жылы большевиктер партиясына қабылданды. Мұндай сенім оны жаңа істерге жігерлендіре түседі. Ал күтіп тұрған іс өте көп еді. Сол жылдың күзінде жас коммунист Ақбұлақ уездік атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Көп кешікпей ол партия жұмысына жоғарылатылып, Ақтөбе губерниялық партия комитетінің нұсқаушысы, содан соң ұйымдық-партиялық бөлім меңгерушісінің орынбасары болады.

1924 жылдың мамыр айында Ізмұхан Құрамысовтың өміріндегі елеулі кезең басталады. Ол қазақстандық IV партия конференциясында РКП(б) облыстық комитетінің хатшысы болып сайланады. Конференция оған ауыл кедейлерінің бұқаралық Жарлы одағын ұйымдастыру комитетін басқаруды тапсырды. І.Құра­мысов бұған қоса РКП(б) Орталық Ко­митетінің нұсқауымен обкомның жанынан құрылған Қазақстан партия ұйымына Жетісу және Сырдария облыстарын қосу мәселелерімен айналысатын ұйымдастыру бюросына да жетекшілік етеді.

Қазақ жерлерін советтік республика шеңберінде топтастыру ісінің аяқталуы республика коммунистерінің алдына жаңа күрделі міндеттер қойды. Бұл міндеттерді Қазақстан өлкелік V партия конференциясы нақтылап берді. Конференция республика коммунистерін осы заманғы өнеркәсіпті құруға бағыттап, ауыл шаруашылығын, мәдениетті дамыту мәселелерін айқындады. Конференциядан кейінгі пленумда І.М.Құрамысов өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды.

1932 жылдың 17 қыркүйегінде Ор­та­лық комитеттің «Ауыл шаруашылығы және соның ішінде Қазақстандағы мал шаруашылығы туралы» тарихи қаулысы жарық көрді. Онда Қазақстанның партия ұйымдары үшін нақты бағдарлама белгіленген еді. Осы қаулы қабылданған тұста БК(б)П ОК-нің республикадағы ұйымдастырушылық-партиялық жұмыс­тың жағдайын тексеруге бағытталған ұйымдық мәжілісі жүріп жатқан болатын. Онда Қазөлкекомның бірінші хатшысы Ф.И.Голощекиннің және бірқатар облыстық және аудандық парткомдар басшыларының баяндамалары тыңдалды. Мәжілісте ауыл шаруашылығындағы жағ­дайдың нашарлығы атап өтілді. Орталық комитеттегілердің пікірінше: «Мұның басты себебі – жер-жерлерде партиялық және бұқаралық жұмыстардың нашар жүргізілетінінен. Партия ұйымдарында әкімгершілік жұмыстардың басымдылық алып кетуінде».

Осы аралықта Қазақстандағы ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту жөнінде белгіленген шаралардың орындалуын тезірек қамтамасыз ету үшін Орталық Комитет «Қазақстанның партия ұйымын тәжірибелі партиялық мамандармен кү­шейту керек» деп шешті. Еліміздің осынау орасан зор аймағын басқару үшін жан-жақты қабілетті, шаруашылық мәселелерін терең түсіне алатын, шығармашылықпен ойлай білетін басшы, еңбеккерлерді біріктіріп, алға қойылған міндеттерді табысты орындауға бағыттай алатын бұ­қараның партиялық көсемі қажет еді. Таңдау БК(б)П Орал обкомының екінші хатшысы Л.И.Мирзоянға түсті. Оны Қазақ өл­келік партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне өсіру оған БК(б)П ОК-нің және И.В.Сталиннің жеке өзінің артқан сенімі болатын. Бұл Левон Исаевичті жігерлендірді. Мұндай биік лауазымға тағайындауды Левон Мирзоян күтпеген де болуы мүмкін. Бірақ өз тағдырының тосын бұрылыстарына әбден дағдыланған ол жаңа қызметті партия ісіне шын берілген күрескерге тән дайындықпен қабыл алды.

Левон Мирзоян республиканы, оның экономикасын, адамдарын, оның тарихы мен мүмкіндіктерін мұқият оқып, зерттеді. Қалаларды, селолар мен ауылдарды аралады, жұмысшылармен және ұжымшаршылармен кездесіп, әңгімелесті. Республика өте ауыр жағдайды басынан кешіп жатқан: ұжымшарлар мен кеңшарлардағы егіс жұмыстары, әсіресе, мал шаруашылығы құлдыраған жағдайда болатын. Мұнда ұжымдастыру қазақтардың көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылық тұрмысын бірден отырықшылдыққа көшірумен қатар жүргізілді. Өкінішке орай, Қазақ өлкелік партия комитеті, оның хатшылары Ф.И.Голощекин мен І.М.Құрамысов ұжымшар құрылысын қалайда тезірек аяқтау үшін асыра сілтеулерге жол беріп алды. Көптеген көшпелі және жартылай көшпелі әрі патриархалдық-феодалдық қатынастар басым мал шаруашылығы аудандарында кооперативтік алғашқы түрі – жерді бірігіп өңдеу серіктестік­терін құрудың орнына күшпен ауыл шаруашылығы артельдерін құруға асықты.

Ұлы қазақ даласын мұз лебімен қарыған трагедия жалғасып жатты. 1933 жылы халық өте қатты ашықты: азық-түлік көмегі жетімсіз болды. Бұл ұжымшаршылар еді, ал «жекешелер» болса, олардың жағдайы мүлде аянышты… Ана байғұстар үйіне бір уыс дән болса да, әкелуге тырысты. Бірақ «Үш бас дән туралы» заң бойынша сотқа тартылды, тіпті кей жағдайларда қорқынышты шулы қол шапалақтаулармен ату жазасына да кесілді.

1933 жылдың 10-16 маусымында БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің кеңейтілген VI пленумы болды. Бұл – Л.И.Мирзоянның басшылығымен болған бірінші пленум еді. Онда «Ауыл мен мал шаруашылығын дамыту туралы» басты баяндаманы республика Халық Комиссарлар Кеңесінің (Совнаркомының) төрағасы Ораз Исаев жасады. Ол «бұрынғы басшылықтың» өкілі ретінде пленумның алдында ашаршылық пен жұт қасіреттерінің себеп-салдарлары мен оған басты кінәлілер туралы айтып, есеп беруге тиіс болатын. Шындығына келсек, дәл осындай есеппен «ашаршылықтың басты прорабы» – Голощекиннің өзі сөйлеуі, қатал үкімге ұшырауы керек еді. Ораз Исаев пленумда жан-жақтан жауған соққының бәрін – бұрынғы басшылыққа деген наразылық пен қарсылықты да, Голощекиннің «оң қолы» ретінде өзінің атына айтылған сынды да жалғыз өзі қабылдап алды. Пленумға қатысушылар өздерінің сөздерінде ұжымдастырудың шапшаң қарқынына жетеміз деп орынсыз асығушылыққа, асыра сілтеушілікке, көзбояушылыққа жол берген Ф.И.Голощекин мен І.М.Құрамысовтың, олардың төңі­регіндегі бұрынғы басшылықтың жұмыс әдісін қатты сынға алып, бұған қатысты көптеген келеңсіз фактілерді көпшілікке жасырмай айтты…

Голощекин геноциді:

кім кінәлі?

ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің аштық жылынан кейін өткен пленумының стенограммасынан үзінді

Бесінші мәжіліс

(1933 жыл. Шілденің 12-сі. Кешкі мәжіліс)

Голюдов (мәжіліс төрағасы): Сөз Исаев жолдасқа беріледі.

Исаев: Былтыр, 1932 жылы тамыз айында, Қазақстандағы кемшіліктер, оның негізгі себептері туралы Орталық Комитетке үлкен хат жаздым. Бұл хат кемінде бір жыл кешігіп жазылса да негізінен дұрыс болды дей аламын. Хатта мен колхоздастырудың қарқыны, әдісі, ұлы орыс шовинистігі туралы, ұлт саясатын бұрмалаушылық жайлы айттым. Орталық Комитетке жазған хатымда тағы да қыркүйектің 17-сіндегі қаулыға деген өз көзқарасымды баяндадым. Онда бұл қаулыға Голощекин, Құрамысовтың көзқарастарынан өзгеше баға беріп, бюроның Құлымбетов, Сәдуақасов сияқты мүшелерінің де пікірлерін көрсеттім. Мұның бәрін айтқанда кінәмді кемітіп, кешірім сұрамақ емеспін…

Исаев (мәжіліс төрағасы): Сөз Сәдуақасов жолдасқа беріледі.

Сәдуақасов: Орталық Комитеттің қыркүйектің 17-сіндегі қаулысының тарихи мәні өте зор болатын. Ол саясаттық қателерімізді бетке айтқан еді. Өздеріңізге мәлім, сол қаулының да өңі айналдырылды, ол да бұрмаланды. Меніңше, бұрынғы басшылық оны әдейі өзіне тиімді етіп түсіндіруге тырысты. Бірсыпыра документтер, ішінара жекелеп көрсетсек, Құрамысұлы Ізмұхан жолдастың баяндамасы бұған толық айғақ бола алады.

Мәселен, ол өзінің баяндамасында: «Өлкелік комитеттің ұстаған жолын ақтап, қорғап әрекеттенуімнің қажеті жоқ, өйткені оны Орталық Комитеттің өзі де дұрыстап отыр», – деді. Осыдан кейін, Құрамысұлы жолдас: «Мақтауға келгенде Орталық Комитеттің сараң екендігі өздеріңізге мәлім ғой», – деп тағы бір ескертіп қойды. Сонымен не керек, өлкелік комитеттің теріс, қате жолына тоқтау салған қаулыны бұрынғы басшылық «бұл – біздің ұстаған бағытымызды қуаттаған шара» деп қалың бұқараға да, партия ұйымына теріс түсіндірді…

…Құрамысұлы мен Голюдов жол­дас­тар басшылықты ауыстыру жөнінде­гі Орталық Комитет қаулысын өздерін­ше ұғындыруға тырысты. Бұл жолдастар бұрынғы басшылықтың қателерін әбден саралап, толық ашып айтқан емес…

…Қазіргі әңгіменің түйінді жері сол, жолдастардың қателерін тілмен емес, нағыз іспен толық мойындауында. «Қатеңді мойындадың ба десеңіздер, мен өзім әбден мойындадым деймін. Ораз да мойындады деймін. Ал Құрамысұлы мен Голюдов мойындады» деп айта алмаймын. Бұл жолдастар жіберген қателерін тереңірек, істеген ағаттықтарын түбінен қопара отырып мойындауы керек, асылы, шынайы сөзі керек. Олай етпеген күнде өлкелік комитеттің, Мирзоян жолдастың берекелі жұмыс істеуі қиын болып шығады. Мұны осы жерде жасырмай айтуды парызым деп санаймын…

Жетінші мәжіліс

(1933 жыл. Шілденің 13-і.

Кешкі мәжіліс)

Гусев (мәжіліс төрағасы): Сөз Құра­мысов жолдасқа беріледі.

Құрамысов: Жолдастар! Мен Исаұлы Ораз жолдастың баяндамасында бола алғаным жоқ; сонда да оның стенограммасымен танысып шықтым. Енді өзімнің айтып өтуім міндетті болған мәселелерге тоқталмақшымын.

…Мен өзгесінің бәрін былай қойғанда, ескі басшылықтың ұстаған жолын көпке әйгілеп, түсіндіруші, ерекше бір айғайшы болдым. Бұл мәселелерді мен өзге жұрттың бәрінен көп те, белсендірек те, жиірек те, қателесіп те қойып отырдым (жұрт күледі). Мұны ашып айту борышым деп білемін. Мұнымен қатар мынадай жайға да тоқталып өтуім керек: мен өзім істеген істің бәрін тексеріп, барлап қарағанымда қателерімнің бәрі де өлкелік партия комитетінің бұрынғы басшылығының ұстаған жолынан туып отырған екен.

…Менің қателерім неден туды? Алдымен мен Голощекин жолдас­ты қателеспейтін, жаңылыспайтын ке­меңгер адам деп білдім, кейде жеке мәселелерде терістік бадыра­йып тұрғанда бюроның өзге мүшелері секілді өз көзқарасымды мықтап ұстап, соған тиянақты болуға жарай алмадым… Бюроның өзге мүшелері де менің қателерімді көре тұра, бұл жаңсақтық­тар туралы ешнәрсе деген емес. Сонымен ол қателерім бұрынғы басшылықтың қателерінен туып отырған қателер болды. Мұнда логика бары анық.

…Мал шаруашылығы, колхоздастыру, отырықшыландыру, мәдени құры­лыс мәселелерінің қай-қайсысындағы қателеріміз болса да, солардың ішінде ерекше жері қайсы? Менің ойымша, біз ұлтшыл элементтермен өте белсенді түрде күресіп отырдық, бірақ ұлы орыс ұлтшылдығына қарсы күресуіміз көрер көзге тіптен жеткіліксіз болды. Рас, мұнымен күреспедік деп айта алмаймын, өйткені ұлы орысшылдықтың өзі басты қауіп қой, бірақ күрескенде оған сойылды баса, батыра сілтегеніміз жоқ. Бұл қателіктерім үшін мықтап сынап, бет-беделіме қарамай ұрысуларыңызға әбден болады, көңілі қалады екен, өкпелейді екен деп қаймығудың керегі жоқ…

…Қазақстанның қазіргі күйіне мен де жауаптымын: Қазақстан малының кеміп, жекелеп айтқанда, көшпелі, жартылай көшпелі қазақ шаруаларының қолындағы малының азайып кеткен­дігіне толық жауапты адамдардың бірі – менмін. Бірақ өз басымды күйттеу үшін апатқа килікпей болмайды деген секілді тап жауының теориясына мен ешқашан берілгенім, ергенім жоқ. Біздегі орасан зор қиыншылықтарға біз кінәліміз, ол қиыншылықтарға біздің қателеріміз себеп болды.

…Енді мына мәселеге келейік. «Бізден Орталық Комитет дұрыс хабар ала алмады» деген жолдастардың сөзінің жаны бар деп білемін. Бұған дәлелім – жаңа басшылық Москваға мән-жайдың бәрін түгел ашып айтып бергеннен кейін Орталық Комитет Қазақстанға мықтап болыса бастады. Ол жерге дұрыс хабар ертерек жетсе, Голощекинді де, бізді де ертерек орнынан алар ма еді, қайтер еді. Бұл жерде бір нәрсе айқын. Олар сонда қарайласып, көмекті әлдеқашан ертерек бастаған болар еді. Кінәнің көптігінің өзі де осы арадан кеп шығады, былайша айтқанда, бұрын істеп қойған қате онан сайын тереңдей берді. Ораз жолдас болмаса Орталық Комитетке мән-жайды түгел ашып айтуға Голощекиннің де, өзге жолдастардың да ерлігі жетпеген болып шықты. Менің бұдан шығаратын қорытындым мынау: өлкелік партия комитетінің бұрынғы басшысы Орталық Комитеттің қыркүйектің 17-сіндегі қаулысын жүзеге асыруға жарай алмады. Ол документ өлкелік комитеттің жолының дұрыс еместігін нұқып көрсеткен қаулы еді. Бірақ біз сондағы көрсетілген қателердің бетін ашпай, бүркеп, қымтап қойдық. Демек, өлкелік комитеттің бұрынғы аппараты Орталық Комитеттің жоғарыдағы қаулысын жүзеге асыруға келгенде көз­бояушылыққа жол берді.

Өз басымнан кеткен кемшіліктердің көбін осы сөйлеген сөзімде айттым ғой деп ойлаймын, ал одан да көбін, денін өзара сын ретінде өзге жолдастардың көмегімен ашып, табармыз деп білемін. Реті келген соң ескерте кетейін, жоғары­да айтып өттім ғой, ол қателер негізі­нен алғанда иә бұрынғы басшылық­тың жолынан туған, иә теориялық білім деңгейімнің жеткіліксіздігінен бол­ған деген тұжырым жасағым келеді.

Жолдастар, менің қазіргі ірі қатем­нің бірі – мен өз кемшілігімді, бұрынғы басшылықтың кемшіліктерін көрсетіп, жұрт алдында әлі күнге дейін ашық мойындамадым. Рас, мен бұл жайында жиналыстарда, атап айтқанда, осы Ал­матыдағы кейбір басқосуларда ішінара айтқаным бар. Бірақ салақтықтың салдарынан солардың ешқайсысы баспа­сөз жүзінде шыққан жоқ, өзге партия ұйымдарының құлағына шалынған жоқ. Сондықтан осы жағын ерекше ескерту­ді қажет деп тауып отырмын. Өйткені «Құрамысұлы риза емес екен» деген әртүрлі сыбыстардың қайта қозуына мұндай нәрсенің өзі жол беруі мүмкін.

Мен мынадай жайды ашып айтып өтуді өзімнің борышым деп білемін: жаңа басшылығымыз, оның ішінде Мирзоян жолдас Қазақстанның қазіргі хал-жағдайын өте тез көре білді; бұрынғы басшылық қателерінің неден кеткенін тез аңғарды, олқылықты жоюға, әлгі кемшіліктерді іс жүзінде түзетуге тез кірісті. Осының нәтижесінде Орталық партия комитетіне дұрыс хабар жетті, соның арқасында Орталық Комитет жақсы жәрдем де көрсетті, бұл жәрдем ақтық жәрдем емес, тұңғыш көрсетілген жәрдем. Әрине, әлі де істелмеген іс көп, әзіргі істер ілгергі істердің алды ғана.

Мирзоян: Дұрыс айтасың.

Құрамысов: Менің ойымша, алда әлі де талай қиын міндеттер бар. Ол қиыншылықтарды жою үшін Мирзоян жолдас бастаған жаңа басшылықтың төңірегіне жиналып, соған мықтап ұйысуымыз керек. Білекті сыбанып тастап, сөзбен емес, нағыз іспен осы басшылыққа мықтап көмектесуге тиіс­піз. Мен өзім осыған түгелімен то­лық бекініп, белімді бекем буындым.

Алдымызда тұрған қауіп қандай? Алдымызда тұрған қауіп асыра сынап жіберу, жеке адамдарға тіл тигізу, абыройын төгіп, беделін түсіру емес, алдымызда тұрған қауіп ­– өзара сынның мәнісін, маңызын кешіріп, оны өтімсіз, тоғышарлық мылжыңға айналдырып жіберу қаупі. Шымкент қаласындағы партия белсенділерінің жиналысында осы жайт анық байқалды. Өзара сын өткір болсын, көздеген жерге тиетін тура болсын, ешкімнің бет-бедеріне қарамасын. Мен өзім сондай сынды жақтаймын (қол шапалақтау).

Сегізінші мәжіліс

(1933 жыл. Шілденің 14-і.

Таңертеңгілік мәжіліс)

Гусев (мәжіліс төрағасы): Сөз Құлымбетов жолдасқа беріледі.

Құлымбетов: Жолдастар! Мен 1926 жылы Қызылордада болған ІІІ пленумнан соңғы өлкелік комитеттің екінші тарихи пленумы осы пленум деп айта аламын. ІІІ пленум Қазақстан ұйымын жегідей жеп, кері сүйреген жікшіл, оңшыл, солшыл уклондармен күресудегі ірі, маңызды саясаттық іс болса, қазіргі VI пленумда ауыл шаруашылығы, ауылдың жай-күйі, бұған бұрынғы басшылықтың істеген қателері көп сөз болып отыр. Бұл – өте дұрыс әңгіме. Өйткені ол кемшіліктердің бетін ашпасақ, олардан қорытынды шығармасақ, қатенің өзін түзей алмаймыз, ол олқылықтардың зардабын жоя алмаймыз.

Мен де өлкелік комитет бюросының мүшесімін. Мен де Голюдов пен Құ­рамысұлы секілді қызметшімін. Бірақ: «Арбакештің атындай» болдым, не бұйырса соны ғана істедім. Айып­тың бәрі Голощекин мен Исаевта. Бізде кінә жоқ», – дей алмаймын. Ашы­ғын айта­йын, Голюдов және оны жақ­тау­шылардың: «Біз бала емеспіз, қатені істеп кеткен – басқалар. Біз айтқанды орындаушы ғана болдық», – деуінің өзі – адалдыққа сыймайтын сөз. Менің ойымша, баяндама жасаған Ораз жолдас та, жарыссөзде сөйлеген басқа жолдастар да, олардың ішінде Пинхасик, Сәдуақасұлы, Сегізбайұлы және бас­қалары қателерді, олардың себеп­терін саясаттық жағынан дұрыс талдап берді.

…Саясатта бәріне де дер кезінде үлгеріп тұру керек. Әйтпесе жырық астаудың басында қаларың даусыз нәрсе. Ал оның басында қалғанша, өз басыңды жарғаның игі деп білемін.

Ізмұхан Құрамысұлы жолдас бұл бағытта қатені көп жібергендігін, қатені дәл өзіндей көп істеген қазақ коммунисі жоқ екендігін айтты. Оның бұл сөзі – рас сөз. Осы жағынан алып қарағанда ол Голощекиннен кейінгі екінші адам болды. Өйткені ауылда жолсыздық болып жатыр деген сыбыс естілсе, аудан ұйымдарынан осы туралы бір хабар келсе Голощекин алдымен Ізмұханмен ақылдасатын. Көбінесе сол екеуі бір-бірінің көңілін жұбатып: «Мұның бәрі де байдың қылығы, кейбіреулердің ісі», – деп қоя салатын. Елден түскен ондай хабарлардың бірде-біреуіне ешқандай мән бермейтін. Ізмұхан бұл жөніндегі айыбын дұрыс мойындады. Өзінің жауаптылығы ешкімнен кем еместігін, қайта Ораздан анағұрлым көп екендігін айтты. Ораз және басқа жолдастар Голощекиннің пікіріне қосылмаған уақытта Ізмұхан ылғи бірінші хатшы жағына қарай жығыла кететін еді. Ол сонда: «Мұның өзі сендердің қиыншылықтан қаймыққандарың, бұл Кеңес мекемелеріне ұлтшылдардың ықпалы жүре бастағандығының салдары», – деп жеңістік бермейтін. Алайда Ізмұхан жолдастың еңбегі сол, ол кеш те болса өз қателерін мойындауға мықтап тырысып көрді.

Осы пленумдағы Голюдов жолдастың сөйлеген сөзіне тоқтала кетейін. Ол өзін саясат басындағы адам емес сияқты етіп көрсетіп, Голощекиннің қалқасына тығыла берді. Бұл дұрыс емес. Олай дейтінім, өлкелік комитеттің хатшысы Голюдовтың жауапкершілігі, елді азық-түлік, ке­рек-жарақ заттармен қамтамасыз ету жөніндегі жауап­тылығы өлкелік ко­митеттің өзге хатшыларынікінен, мә­селен, Ізмұханның және басқалардың міндетінен бір де кем емес.

Өлкелік комитеттің соңғы пленумында Ораз екеуміз Голощекинмен табандатқан үш күн бойы айтысып, әуре болдық. Пленумнан кейін обком хатшыларының арнаулы мәжілісін шақырайық, сонда олардың ауылдың қамын жемей отырғандарын айтайық дедік. Әрине, бұл бағытта Шығыс Қазақстан обкомы там-тұмдап, Батыс Қазақстан обкомы ептеп жұ­мыс жүргізгені болмаса, басқалары ауылдың халін оңдау қамын ойламай отыр дедік. Осының бәрін обком хатшыларының өздеріне әдейілеп ескертейік деп қолқа салдық. Амал не, мұндай мәжілістің шақырылу қажеттігіне Голощекиннің көзін жеткізу өте қиын болды. Ақыры оның бізге айтқан сөзі мынадай болды: «Маған не қыл дейсіңдер. Көшпенділік – бұл елдің ежелгі тұрмыс-салты. Мұны бір мәжілісте сөз еткенмен, оны тоқтата аласыңдар ма?» дегені ғой оның. Қайдағы ежелгі салт десеңізші? Қазақ малын айдап, дүние-мүлкін артып алып, көшіп жүрсе бір сәрі. Ал енді тамақтан тарығып, аштықтан азып-тозып, қала-қаланы, теміржол станцияларын, базар-базарды кернеп тентіреп жүрсе, ол ежелгі тұрмыс-салт емес, қиыншылықтан ғой. Ежелгі тұрмыс-салтымен мұның үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны анық. Бірақ амал нешік, сонда да Голощекиннің оң тізесін басып отырған Ізмұхан жолдас та бұл мәселені нағыз большевикше қоя алмады, Голощекинге осының мәнісін жақсылап түсіндіре білмеді.

Бұл мәселе тіпті болмағаннан кейін осының бәрін Орталық Комитетке жеткізетіндігімізді аңғарттық. Ақырында мәселе бюроға келіп тіреліп, онда сөз болған жай нағыз саясаттық тұрғыдан күн тәртібіне қойылды. Обком хатшыларының ішінде Беккердің өзі болып бұл мәселемен айналыспағанын, ауылдың халін оңдауға енжар қарағанын мойындады…

Атау көрсеткіші

С.Т.Голюдов – ВКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің хатшысы.

А.Н.Гусев – ВКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің хатшысы.

О.Ж.Исаев – Қазақ АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.

І.М.Құрамысов – ВКП (б) Қазақ өлкелік комитетінің хатшысы.

Ұ.Ж.Құлымбетов – Қазақ АССР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары.

(«Социалды Қазақстан»,

1933, 12-14 шілде).

…Бұл кезеңдегі осынау маңызды істегі өз қателіктерінің ауырлығын Ізмұхан Құрамысов толық мойындады. Бұдан кейінгі жылдары І.М.Құрамысов ВКП(б) Батыс Қазақстан облыстық комитетіне басшылық етті, рес­публика жеңіл өнеркәсіп халық комиссарларының бірінші орынбасары, Қазақ ССР Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары болды. Өлкелік партия конференцияларына, Қазақстан Компартиясының І съезіне делегат болды, ВКП(б) ХVI съезіне, ХV, ХVI Бүкілодақтық партия конференцияларына қатысты.

Қуғындалған. 1937 жылғы қазанда тұтқындалған. 1938 жылы ақпанда ату жазасына кесілген. 1957 жылы шілдеде ақталған.

Иә, шынында да, Ізмұхан Құра­мысов секілді ірі тұлғалы мемлекет қайраткерлерінің не айыбы бар десеңізші! Осыны ойлайсың, ойлайсың да қапа боласың!

Ізмұхан Құрамысовтың және сол заманның коммунистерінің көпші­лігінің трагедиясы мынада: олар өздерінің парасаттылығына, ішкі дүние­сінің соншалықты зиялылығына, қағидашылдығы мен адалдығына қарамастан, олар тоталитарлық дикта­тураның орнатылуына қарсылық көр­сете алмады. Ал бұл бой бермеген үстемшілдік кейін бүкіл елімізді ауыр зардаптарға душар етті. Құрамысов рес­публика партия ұйымы басшылары­ның бірі болғандықтан, ол партиялық тәртіпке бағынуға, бүкіл партиялық аппарат айналысқан мәселелермен жұмыс істеуге және өмір сүруге тиісті болды.

Тілеу Көлбаев,

тарих ғылымдарының докторы,

профессор, ҚР Гуманитарлық Ғылымдар академиясының академигі,

ҚР Журналистер одағы

сыйлығының лауреаты

Алдымен өзіңді таны
Елбасы әрқашан тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы баянды болатынын назардан тыс қалдырмаған. Сондықтан «Қазақстан-2030» Стратегиясында Елбасы: «Ел келешегі жас ұрпақтың тәрбиесіне тікелей байланысты», – деп айрықша атап көрсетсе, биылғы жылғы Жолдауында: «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысына, көңіл-күйлеріне байланысты», – деп, білім беру саласын дамытудың қаншалықты маңызды екендігін айқындап берді. Осы орайда саналы ғұмырының 30 жылдан астам уақытын орта білім беруді басқару және дамыту ісіне, оның ішінде ширек ғасырдан бері мектеп директоры қызметін абыроймен атқарып жүрген білікті басшы, іскер ұйымдастырушы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, № 219 Ы.Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің директоры Абай Жомартұлы Ергешовпен тілші сұхбатын ұсынып отырмыз.

– Шынын айтқанда, білімнің қуа­тына тең келетін өзге идеялық-рухани күш-қуат көзі жоқ. Сондықтан да күллі әлемдік жаңа идеология  ең алдымен білім күшіне арқа сүйейді. Олай болса, бүгінгі білім берудің жай-күйіне тоқталып өтсеңіз.

– Жаңа әлемдегі жаңа Қазақ­станның білімге негізгі басымдық беріп отырғандығы даусыз. Қазір білім берудің құрылымы мен дең­гейлері белгіленді, базасы жасалынды, мазмұны жетілдірілді, әдіс-тәсілі жақсартылды, нәтижеге жету жолдары, бағалау-өлшеу тетіктері айқындалды. Мектеп жүйе түзуші барлық тетіктері үздіксіз, үйлесімді жұмыс істеп тұрған біртұтас механизм іспетті.

Бүгінгі мектепті басқару ісін демократиялық негізде құра білген, білім беруді ізгілендіру ісімен тұрақты түрде шұғылданып, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды батыл ендіріп, инновациялық жағдай­да жұмыс жасаушы, балалардың қызығушылығы, бейімі, қабілетіне сай білім беруді қамтамасыз етіп отырған шығармашылық орта деп қарастыруға болады. Жақында ғана өткен ха­лықаралық 51-математикалық олимпиадада Қазақстан командасының толағай табыстарға қол жеткізуі, білім бәсекесінде дүниежүзінде алып державалармен тең дәрежеде жетістіктерге жету осы сөзіміздің айқын дәлелі емес пе?

– Қызылорда облысындағы ха­лықтың 95,8 пайызы – қазақтар. Балалар қазақы болмыспен өмір сүреді, қазақ мектептерінде оқиды, қазақ түйсігімен ойлайды және қазақша сөйлейді. Дәл осы өңірде әлемдік бәсекеге қабілетті қазақ мектебінің «ұлттық моделін» жасайтын уақыт жеткен сияқты. Осы жайлы не айтасыз?

– ХХІ ғасыр білім беруі негізгі үш ерекшеліктен тұратынын байқауға болады. Біріншіден, адамдар алған білімдерін өмір бойы жаңғыртып, дамытып отыратындай деңгейде білім берілуі тиіс болса; екіншіден, оқушының жас, ой, мүмкіндік ерек­шеліктеріне қарай білім беріледі; үшіншіден, бүкіл білім беру жұмысы халықаралық деңгейде басқалармен қатар, қат-қабат іске асырылуы қажет. Былайша айтқанда, берілетін білім бәсекеге қабілетті, қазіргі кезеңнің талабына сай болуы керек. Осы үш талапты да қанағаттандыратын мектептер облысымызда аз емес. Мектебіміздің бастауыш сатысында «Мәдениет» бағдарламасы арқылы балаларға ұлттық саз, би, сурет, сөз өнерлерінің қыр-сыры үйретіліп, жаны таза, тәні сау, ойы ұшқыр, тілі шешен, табиғат пен қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыда танып-білудің негізі қаланды. Негізгі сатыда «Ақыл-ой» бағдарламасы бойынша бірінші кезекте қазақ тілін оқытуға басым бағыт беріледі. Төменгі сыныптардан бастап қазақ тілін оқытуға артық сағаттар бөлініп және ол жыл өткен сайын көбейтіле отырып, тіл білімінің негізгі салалары бойынша терең білім алуларына жағдай жасалады. «Абайтану», «Мұхтартану» курстары арқылы білім берудің классикалық сипаты қамтамасыз етіледі. 8 және 9-сыныптардан бастап оқушыларға болашақ мамандықтарына  сәйкес жеке бағдарламалар бойынша білім беріледі. Әр сыныпты бітірушінің моделі жасалынып, онда қазақы бітім, отаншылдық, елжандылық, ең­бексүйгіштік, қайсарлық, білімділік, мәдениеттілік, т.б. айқындалады. Егер республикада қазақ мектептерінің «ұлттық моделі» жасалынып, оны айқындаудың өлшемдері белгіленген болса, біз жұмыс жүйемізді ұсынуға дайынбыз

– «Ертеңін ойламаған ел азады» дейді халық даналығы. Барын бағалап, үмітін үкілеп, ұрпағына саналы білім беру жүйесін қа­лыптастыруда жергілікті жердің инфрақұрылымын жетілдіруде қан­дай істер атқарылуда?

– «Жас келсе іске» деген қағида Шиелі ауданының әкімі Нұрлы­бек Машбекұлы Нәлібаевқа арналып айтылғандай. Басқарудың осы заманғы теориясы мен технологиясын жетік меңгерген, жігерлі, іскер, жаңашыл жас басшы 2008 жылдың басында Шиелі ауданына әкім болып келген күннен бастап, білім саласының барлық буындарының ин­фрақұрылымдарын жетілдіруге көп көңіл бөлді. 2009 жылдың өзінде «Жол картасы» бағдарламасы аясында 8 мектеп, 7 балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, білім мекемелерінің материал­дық-техникалық базалары біршама жа­ңартылды. Өткен екі жылда жыл сайын 1 мектеп, 1 балабақшадан жа­ңадан пайдалануға беріліп, білім мекемелеріне деген халықтың сұ­ранысы қанағаттандырылды. Биыл­ғы жылы да жаңадан 1 мектеп, 1 балабақша балаларға есіктерін айқара ашпақшы.

«Балапан» бағдарламасы аясында сұранысы үлкен жерлерде балабақша құрылысын жүргізу, ескі ғимараттарды әрлеп іске қосу, мектептерден шағын орталықтар ашу, жеке балабақшалар жұмысын ұйымдастыру, мектептер­дегі даярлық сыныптарының жұмысын жақсарту арқылы мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен түгел қамту шаралары ойдағыдай жүргізілуде. Шиелі ауданы ауылшаруашылықты ауданнан өндірісті ауданға айналды. Келесі кезекте аудан басшылығы мектептерді жаратылыстану-математикалық пән­дерді тереңдетіп оқыту арқылы білім берудің сапасын жақсартуға көңіл бөлуде. Сол арқылы өндіріске қажетті мамандарды сырттан шақырмай жергілікті жастардан да­йындау мә­селелері ойластырылуда. Білім беруге бөлінетін қаржының көлемі ұлғайтылды. Физика, химия, биология кабинеттері жабдықталды. Нәтиже де көп күттірген жоқ. ҰБТ қорытындысы бойынша 2008 жылы бірде-бір «Алтын белгі» шықпаса, биылғы жылдың қорытындысымен 12 «Алтын белгі», 2 «Үздік аттестат» иегері шықты.

– Оқу жылының басталуына да аз уақыт қалды. Жаңа оқу жылында­ғы жағымды жаңалықтарға, басты ерекшеліктерге тоқтала кетсеңіз…

– Сара Алпысқызы Назарбаева­ның басшылығымен жасалынып, он шақты жылдан бері республиканың барлық аймақтарында сынақтан өт­кен рухани-адамгершілік білім беруді көздейтін «Өзін-өзі тану» пәні жеке пән ретінде 1-11-сыныптарда оқы­тылмақшы. Аталған пән 4 жылдан бері біздің мектепте де сынақтан өтуде. Пәнді оқытудың мақсат-мін­деттерімен жан-жақты таныссаң, оқу-әдістемелік кешенін зерделесең, оқыту әдістемесіндегі өзгешелеліктерді ұғынсаң, бұл пәннің республика ақыл-ойының үлкен жетістігі екендігіне көзің жетеді. Ғылыми-әдістемелік ұжымның он жылдан бергі талмай ізденісінің жемісі екендігін сезінесің. Сезінесің де жаһандану жағдайында қазақ ұлтын сақтап қалудың тиімді жолы деп түсінесің. Сара Алпысқызының тек қана қарапайым қазақ әйелдерінің бірі емес, ұлтының болашағына алаңдайтын жарқын ой иесі екендігін, жан дүниесі кіршіксіз таза, рухани болмысының бай екендігін көресің. Осы кісінің бастамасын шынайы түрде қолдап, жұмыс жасау керек.

Әңгімелескен

Анар Дүйсенбайқызы

Назар абыз
Басы Абылайдан бастап хандарымыз бен билерімізге, батырларымыз бен бектерімізге, басқа аруақты ата-бабаларымызға арнап ас беріп, жаңа ескерткіштер орнатып, бұрынғыларын жаңалап жатырмыз. Сондай бір аруақты еске алып, ас беріп, ескерткіш ашу рәсімі бұрнағы жылы Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, «Қызбел» ұжымшары орталығында болды. Ас Назар абыз әулиенің аруағына арналып берілді.

Назар – біздің жетінші атамыз, бұдан үш ғасыр бұрын дүниеге келіп ғұмыр кешкен, Абылай заманының адамы. Ол кісі туралы хатқа түскен тарихи деректер жоқ. Ұрпақтан ұрпаққа, баладан балаға ауызша жетіп келе жатқан әулие атамыздың атына кішкентайымыздан қанық боп өстік. Әкеміздің де, шешеміздің де Құдай мен пайғамбардан кейін сиынатын кісісі сол Назар абыз болатын.

Әкеміз Әбдірахман сауаты жоқ болғанымен, ескі әңгімелерге құлағы түрік, өзі де соларды айта отыратын. Әсіресе, Назар абыз атасына байланысты аңыз әңгімелердің біразын білуші еді.

І

Біз Ұзын Қыпшақтың бір бұтағы Әжіқабай аталатын көп өсе қоймаған румыз. Ру аты Әжік және Қабай атты ағайынды екі кісінің атының қосылып айтылуынан пайда болған.

Ал енді руымыздың аз, өсе қой­мағанының бір өкінішті сыр-себебі бар. Назар абыз атамыз атақты Тілеулі батырдың әрі замандасы, әрі досы, екеуі де Ұзын Қыпшақ туыстар болған. Жас жігіт кездері. Бірде Назар, Тілеулі және Сазан – үшеуі жылқының кезегіне барады. Сол жылы қыс қатты болып, бір апта бойы сұрапыл боран соғып, қостан сыртқа шығудың өзі мұң боп қалған көрінеді.

Тілеулі мен Сазан «ойпырмай, жылқы ығып кетіп, оқпанға құлап опат болған шығар. «Мал – жан садағасы» деп біздің бас сауғалап отырысымыз мынау», – деп мазасызданады. Назар бабамыз оларды: «Сабыр сақтаңдар, жылқы аман. Қырдан қоғаға құлап, ықтасын тауып тебіндеп жатыр. Саспаңдар, боран да ашылады», – деп тыныштандырады.

– Е, қоста отырып, сен оны қайдан білесің? Көріпкелің бар ма еді? – деп сұрайды екеуі.

– Бар болса бар да шығар. Қамбар ата жылқымызды қақпайлап ит-құстан да қорып жүр, – дейді Назар. Тілеулі мен Сазан бұған сенер-сенбесін біл­мейді. Амалсыз боранның ашылуын күтеді. Жылқы іздеуге шықса, өздері адасып мерт болулары мүмкін. Боран да ашылып, үшеуі атқа қонып, жылқыны іздеп табады. Сабырсыз Сазан атын қамшылап алда шауып бара жатады. Жылқы шетінде киімі жұпыны бір жаяу жүрген адамды көріп:

– Анау ұрыны қараңдар, ұры, ұры, аттан! – деп айқайлайды. Ақ сойылын сермелеп, жаяу адамды ұрып тастауға ұмтылады. Сонда Тілеулі саңқ етіп:

– Ей, тоқта, Сазан! Қолында құры­ғы түгіл, қамшысы да жоқ, жылқы алар жаяу ұрыны қайдан көрдің? Жыл­қымызды қорып жүрген Қызыр бабаның өзі шығар, қайт кейін! – деп Сазанды қуып жетіп, қолынан сойылын қағып жібереді. Назар бабамыз да келіп жетіп, үшеуі жаяу адамның алдына жетіп тоқтайды.

Сазан сонда да ентігін баса алмай:

– Ей, сен кімсің? Біздің жыл­қымыздың ішінде не іздеп жүрсің? – деп дікектейді. Сонда Қызыр баба:

– Уа, Сазан, мына сұрапыл боран­да ұры түгіл, мал иесі өзің де бас сауғалап қосыңнан шыға алмай жаттың емес пе. Ұрының тастай алмай жүрген жаны бар дейсің бе? Мұншама ақымақ болармысың. Енді батамды тыңдаңдар, – деп қолын жаяды.

– Төбеме құрық ойнаттың, Сазан. Қызыр Қызыр болып Алла жаратқа­лы адам баласынан көрген бірінші қорлығым бұл, бірінші естіген балағат сөзім бұл. Ұры дедің-ау мені. Аузың асқа, астың атқа жарымасын! Екі үйіңнің басы бір жерге қосылмасын, әумин! – деп бетін сипапты.

– Ей, Назар, сен көріпкелдік қон­ған әулие едің. Жылқыңды қорып жүрген мені көріп отырдың. Бәрін біле тұрып, Сазанды тоқтатпай со­йыл серметтің маған. Сенің де айыбың аз емес. Алла сыйлаған әулиелікті Ал­ланың періштесін қорғауға жұмсауға жарамадың. Жәбір сөз естірттің маған. Жеті ата, жеті ұрпаққа дейін тұқымың көбеймесін. Жеті ата, жеті ұрпағыңа дейін әулиелік өз басыңда ғана болсын! – депті. Сонда Назар атамыз қандай қателік жібергенін, орны толмас өкініш болғанын бір- ақ біліп, бармағын тістеп тұрып қалыпты.

Одан кейін Қызыр баба Тілеуліге дауыстап:

– Уа, Тілеулі, Құдай тілеуіңді берсін, жай қолыңды, – деп бұйырыпты. Тілеулі лып етіп қолын жайып, Қызырдың алдында қос тізесін бүгіп, құлақ түреді.

– Тілеулі, сен маған Сазан сілтеген сойылды қағып түсірдің. Әулие болма­саң да әулиелік көрсетіп, тектілік таныттың.

Қанжығаның қанынан бердім,

Тебінгінің терінен бердім.

Бет алған тұсыңнан бердім,

Ақ найзаның ұшынан бердім.

Мыңғырған малды бол,

Тұқымың тарап мың-мың жанды бол!

Батырлардың алды бол!

Шебіңнен жау өтпесін,

Басыңа қонған бақ-дәулет

Тепкілесе кетпесін,

– деп Қызыр баба үшеуінің көз алдында ғайып болыпты. Қызырдың қарғысы­нан қорқып, Сазанның үрейі ұшады. Назар бабамыз қатты налып, Тілеулі қуаныштан жүрегі жарылардай болып, көпке дейін естерін жия алмапты.

Сазан сол жерде-ақ үйірлерден өз жылқыларын бөліп алып, басқа тебінге салып бағамын деп кетіп отырады. Сол қыста бар жылқысы қырылып, ерін арқалап, жүген мен ноқтасын ғана ұстап қалады.

Назар мен Тілеулі жылқыларын қыстан аман алып шығады. Көп ұзамай Тілеулі тұлпар баптап, ту көтеріп, шашақты найза қолға алып, Әбілхайыр хан жасағына қосылып, қазақ жеріне шапқыншылық жасаған Жоңғар қалмақтарына қарсы аттанады. Жоңғарлармен жан беріп, жан алысқан ол сан рет айқастар мен шайқастарға қатынасып, аты ауыздықпен су ішіп, өзі етікпенен қан кешіп жүргенде, Қы­зыр баба батасы жау оғынан қалқан боп қорғайды, оқ дарытпайды. Қалмақ батыр­ларымен шыққан талай жекпе-жек­терде жеңіске жетіп, мерейі үстем болады.

Тілеулі батыр әр жорыққа барар алдында сол кезде көріпкел әулие атағы дүйім елге жайылып үлгерген Назар абыз атамызға келіп, батасын алып, жорықтың сәтін сұрап біліп аттанады екен. Бірде соғысқа аттанар алдында Тілеулі абызға:

– Сен сұрамайсың, мен өзім біліп саған олжа бермей келіппін. Осы жолы не әкелейін? – деп сұраған екен. Сонда Назар атамыз:

– Қолыңа бірінші түскен олжаң менікі болсын, – деп тілек айтыпты. Сол жолғы жеңісті болған жорықта батыр­дың қолына қалмақтың бір көрікті қызы түсіпті. Тілеулі батыр қызды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, ешкімнің көз сұғын қадатпай Назар абыз досына аман әкеліп табыстайды.

ІІ

Сонымен бес қаруын асынып Ті­леулі батыр бастаған жауынгер жасақтар жауға аттанады да, Назар атамыз елде қалады.

Назар атамыздың көріпкел әу­лиелік қасиеті, сабырлы да ұстамды мінезі, ақылгөйлігі оны зор құрметке бөлейді. Жаугершілік жағдайда елді бірлікте ұстау, тентектерді тыю, соғыста азаматынан айырылған же­тімдер мен жесірлерге қамқор болу жұрттың жоғалған, ұрланған мал-мүліктерін әулиелікпен тауып беру, әділетсіздік, қиянат, зорлық-зомбылықтарға жол бермеу, дау-шарларға әділ төрелік жасау сияқты сан салалы істерді даналықпен атқарады.

Бірте-бірте Назар әулиенің атына абыз атағы қосылады. Осы атақ атамызға қалай берілді екен? Тілімізде абыз сөзі бар болғанымен кімдерге, не үшін абыз атағы берілетіні белгісіз. Тарихта атына абыз атағы қосылып айтылатын тарихи тұлғалар жоқтың қасы деуге болады. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасында Абыз халық даналығын бейнелейтін әдеби кейіпкер ретінде алынған. Қазақ энциклопедиясына қарасақ, ертеде шаман дініндегілер өз молдаларын абыз деп атағанын жазады. Ал қазақ ұғымында абыз – білгір, көреген адам дегенді білдіреді дейді. Бірақ тарихымызда білгір де көреген кісілер аз ба.

Сан сұрақтарға жауап іздеп, саралай келгенде, бабамыз Назар әулиенің әулиелігіне қоса он сан асыл қасиеттер иесі болғанын, ерекше білгір, мейлін­ше әділетті, данагөй кісі болғанын аңғарамыз. Ел басына күн туған заманда өзінің барлық ақыл-ойын, бойындағы сан салалы Құдай берген қасиеттерін жұрты үшін жұмсаған, қысылғанда келелі кеңес берер кемеңгері, қамқоры, сүйеніші болғаны сөзсіз. Абыз аты сол үшін берілгені анық. Абыз аты ел ұғымында ұзақ жасаған дана қарттарға ғана беріледі. Соған қарағанда дана бабамыз сексеннің сеңгірінен де аман өтіп, тоқсанның үстіне шыққан деп шамалаймыз. 17-ғасырдың аяғында туып, 18-ғасырдың соңына қарай өмірден өткен. Туғанынан бері 300 жыл өтті деп пайымдаймыз.

Назар абыз атаның ғана баласы емес, адамның баласы болып, жалпы жұрттың жайын ойлап, халқы үшін қам жеген елдің иесі мен киесі болған. Туысқа, жақынға бұру дегенді білмеген. Өз туысы мен басқа атаның арасында дау туып, алдына келсе, ісі әділді жақтап, төрелік айтқан. Ісі теріс болса, жақынын да жатқа жығып берген. Өкпе айтқан ағайынға: «Менің табынар Тәңірім – туралық», – деп беттерін қатты қайтарып тастайды екен. Адалдық, туралық – оның ұрпақтарына да дарыған қасиет. Әкеміз де, басқа ақсақалдарымыз да: «Абыз ұрпағына алдау мен арамдық жақпайды, бойымызға тек адал еңбекпен тапқан ас қана жұғады», – деп отырар еді. Мұның өзі де арамдыққа тыйым, адалдыққа тәрбие емес пе. Тегін білудің тектілік, жеті атасын білмеудің жетесіздік болатыны содан.

Назар абыз атамыздың бейіті Қос­танай облысы, Жангелдин ауданын­дағы қазіргі «Қызбел» ауылы орталығынан сәл әрі 3-4 шақырым жерде. Қоңыраулы өзенінің жаға-бойында. Сүйегінің онда қалуының себебі туралы әртүрлі әңгіме бар.

Торғай өңірі ХVI-XVII ғасырларда ноғайлар мен қалмақтардан босаған соң, қазақ рулары көшіп келіп қоныстана бас­тайды. Тілеулі батырдың ұрпақтары бастап келіп, қоныс бөліскенде Әжік пен Қабай балаларына Жыланшық өзені­нің орта бойындағы жер тиеді. Қазір бұл жер «Әжіқабай түрмесі» деп аталады. Аты жұмбақтау. Шамасы, көктемде қары түріліп ерте кететіндіктен, жері ықтасын, шұрайлы, қыста жылқы жұ­тамайтындықтан солай аталған болуы керек.

Жаңа қоныс – Жыланшық жері аталарымызға жайлы да құтты мекен болады. Абыз атамыз ұзақ жасағандықтан осы жаңа қонысты өз көзімен көріп, көшті өзі көшірісіп келген, сонда ғұмыр кешкен.

Ал енді абыз атамыздың сүйегі Жыланшық өзенінің ортасындағы қо­нысынан алыста, сонау Қоңыраулы өзенінің бойында қалу себебі – ол кезде Қызбел тауы мен Қоңыраулы өзенінің бойына әлі қыстаулар салына қоймаған, тек жаз жайлау болған. Қазақ халқының жоңғар қалмақтарымен жүз жылға созылған соғысынан кейін жаңа ес жиып, жаңа көбейіп келе жатқан кезі. Бос жатқан жерлер әлі баршылық болған. Абыз атамыз сол жақтағы жаз жайлауда, қоңыр күзде Жыланшықтағы қыс қыстауына қайта көшіп келе жатқан жолда кенеттен қатты ауырып қалады. Көш тоқтап, түйелерден жүктер түсіріліп, қос тігіліп, керегеден жаппалар жасалып, бірер күн ерулеп жатады. Аурудың беті бері қарамайды. Сонда өзіне ажал жеткенін сезіп білген Назар абыз атамыз:

– Маған топырақты осы жерден Қызбел тауының етегі мен Қоңыраулы өзенінің жағасынан бұйыртып тұр. Мына менің дәл жамбасым тиіп жатқан жерге қойыңдар. Қазір елсіз болғанмен, түбі қалың елге қоныс болғалы тұр. Бір жағы ағысы қоңыраулатып жатқан арналы өзен, бір жағы қыста малға пана қалың қопа, басқа жағы жалпақ шүйгінді шабындық, шұрайлы құйқалы жер екен. Еліне құт қонып, береке орнайды. Жапанда жалғыз төбешік боп қалды деп қамықпаңдар, – деп көз жұмыпты жарықтық әулие. Айтқаны айтқандай келіп, Қызбел тауы етегі мен Қоңыраулы өзені бойы кейін қалың елді мекендерге, құтты қоныстарға айналған.

Көшіп келе жатқан елі абыз атаны сол өзі өсиет еткен, ауырып жамбасы тиіп жатқан жерге арулап қойып, жетісін беріп, елге бет түзейді.

Басына там салғанша белгі болсын деп атан түйенің ортан жілігін қадап кетеді. Жайлаудан ел көшкенде бұл маң мүлдем құлазып қалады екен. Назар абыздың жалғыз ұлы Төртқара, оның сол кезде ержетіп азамат болып атқа мінген төрт ұлы Кешубай, Медет, Жылгелді, Бигелді және басқа ағайын, туған-туысқандары жапан далада жат жерде жалғыз төмпешік боп қалып бара жатқан атақты әулие абыз аталарын қимай, көздерінен ыстық жас парлап, арттарына қарай-қарай аттанады. Көш қозғалып, қыр асқанша әйелдердің жоқтаулары басылмайды.

ІІІ

Сөйтіп, Назар абыз әулиенің сүйегі Қызбел жерінде қалады.

Өткен ғасырдың аяғына қарай ғана Назар абыздың басына шикі кірпіштен төрт құлақты там салынады. «Қызбелде» болып, ауыл қарттарынан сұрастырғанымызда, 71 жастағы Ахат қария Назар әулие жөнінде былай деп сыр шертті:

– Бұл ел Назар әулие деп қана біледі. Атақты абыз болғанын, руын, тегін білмейді. Әйтеуір, сапарда жол жүріп келе жатып қайтыс болған екен деп аңыз етеді. Ал әулиелігіне ешкім шек келтірмейді. Адамдар басына түнейді. Аурулар, Алла мен аруақтан бала сұрағандар және басқа медет тілегендер келеді.

Тамнан бір шақырымдай жерде ертеректе Смағұл Айранбайұлының салдырған үйі болыпты. Бірақ ол жер Назар атанып кетіпті. Сол қыстауда Қуаныш Қайыров есімді жігіт «Назар» атты шағын шаруа қожалығын құрыпты. Назар абыз бабамыздың аты бұл елде мұнша сақталып құрметтелуі көңілімізді қатты тебірентті.

Назар абыз әулие бабамыздың үшінші және төртінші ұрпағынан үш қажы шыққан. Олар – немересі Бигелдінің баласы Бектұр қажы, шөбересі Дүзелден туған Махамбет қажы мен Барлыбай қажылар. Бектұр қажы – менің атам Сомжүректің әкесі. Бектұр Меккеге қажылық сапарға аттанған жылы әжеміз Ажарсұлу менің әкеме жүкті екен. Аттанып бара жатып: «Ұл туса, атын Әбдірахман қойыңдар, қыз туса, өздерің қойыңдар», – деп тапсырыпты. Бұл – 1894 жыл. Махамбет қажы мен Барлыбай қажы да шамасы сол жылдары қажылыққа барып келген.

Олардың қажылық сапарға Назар абыз әулие атасының басына барып түнеп, сиынып, тәу етіп, дұға бағыштамай аттануы мүмкін емес. Ол үшеуі әулие басына тамды не қажыға барар алдында, немесе аман-есен барып келген соң салдырған деуге болады.

Бүгінде Назар абыз әулие ба­бамыздың сегізінші, тоғызыншы ұрпағы өсіп таралуда. Қызыр баба Назарға наразы болып, оның ұрпағының көбеймеуіне жетінші атаға дейін ғана шектеу қойған дедік. Енді Назар абыз ұрпағы көбейіп, көгеріп-көктеп, жақсы тамыр жаяды деген үміт-сенімдеміз.

Абыз атамыздың аруағына ұзын қыпшақтың он сан рулары сиынған. Жорықтарда Амангелді батыр мен Кейкі батыр да сиынып жүрген.

Әкем Әбдірахман Назар абыз ата­сының аруағы талай жерде қолдап, ажалдан аман қалғанын жиі айтатын. Ол – 1916 жылғы Әбдіғапар мен Амангелді бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне басынан аяғына дейін қатынасқан адам. «Бірде, – дейді әкем, – барлауға баруға әр рудан бірнеше сарбаз шығаруға бұйрық берді. Бізден мені жіберді. Зеңбірек, пулеметтермен мұздай қаруланған патша әскеріне төтеп бере алмай, қаша ұрыс салып, шегініп келе жатқанбыз. Сол жылы қыс қатты, қар аса қалың жауған еді. Қардың қалыңдығынан ат көсіліп шаба алмайды. Торғай бойындағы қыстаулар бос қалған. Ел Қараторғай, Сарыторғайға қарай, қопаларға күні бұрын көшіп кеткен. Сол иесіз қыстауларға келіп, үй төбесіне шығып, пештің мұржасының тасасынан патша әскерінің қай шамада келе жатқанын қарап бақылаймыз. Барлауымыз – сол. Сөйтсек, қарсы әскерлер де барлаушылар жіберген екен, оларды біз байқамай қалыппыз. Бір тасадан шыға келіп, винтовкаларынан ата бастады. Жалма-жан аттарымызға міне қаштық. Олар соңымызға түсіп қуып келеді. Менің астымдағы семіз айғыр еді. Омбы қарға малтығып, барлығып шаба алмай, соңында қалып қойдым. Оқ бірде оңымнан, бірде солымнан қарға дыз етіп қадалып келеді. Аузымда – Алла мен Назар абыз атамның аты. Амангелді мен Кейкі батыр мергендерімен тасада жатқан сайға да таяп келем. Олар менің соңымда өкшелеп келе жатқан қуғыншыларды атайын десе, оқ маған тиюі мүмкін. Амангелдінің амалы құрып тұр екен. «Аттан секір» деген даусы саңқ етті. Болдырған аттан секіріп түсіп, сайға домалап кеттім. Сол кезде Амангелді мен Кейкі қатарласа атып, жау барлаушыларын жайратып салды. Мойнымда қалың түбіт шалма болатын. Кешке қоналқыда соны мойнымнан шешкен кезде еденге 2-3 винтовка оғы домалап түсті. Абыз атамның аруағы мені ажалдан арашалап, жау оғын дарытпай, тигенін денеге өткізбей қаққанын ұқтым. Қасымда тұрғандар «ажалдан әуелі Құдай, сосын абыз атаңның аруағы сақтаған екен» десіп жатты.

Міне, осылай әкемнің Назар абыз әулие атасы туралы, оның көзі тірі кезіндегі көрегендіктері мен аруағының кімге қалай шапағаты тигені жөніндегі әңгімелері жалғаса беретін.

«Қызбел» ақсақалдары әулие атамыз жөнінде маған тағы мынадай әңгіме айтты. «Қызбелдің» №4 бөлімшесінің орталығы Шобаннан 18 шақырым жерде, Теке өзені бойында Оспан қожа әулиенің тамы бар. Ол кісі көзі тірісінде Назар әулиені құрмет тұтып, басына тәу етіп, дұға бағыштап тұрған.

«Қызбел» киелі жер демеске болмайды. Бір емес, атақты екі әулиенің сүйегі жатқан жердің елінде бірлік пен береке бола берері сөзсіз. Кімге де болса, құт мекен екені айдан анық.

Міне, Назар абыз әулие туралы бүгінгі көнекөз, қария-ақсақалдардың әңгімелері осындай сыр шертеді.

Жұма-Назар Сомжүрек,

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын

Астана