Мұрағат

Ақпан. 2009 ақпараты

Ислам облигациясы: үміт пен күдік

23-Ақпан. 2009

Әлемдік дағдарыс дәстүрлі экономикалық әдіс-тәсілдердің тиімсіз бола бастағанын көрсетіп берді. Сондықтан тығырықтан шығар жаңа жолдар қарастырылуда. Ал мұндай жағдайда ислам қаржысы ескіні алмастыратын жүйе ретінде қолдау тауып кететін тәрізді. Өйткені бұған дейін дүниеде көлеңкесі де жоқ активтерге иек артып, ақырында аузы күйген талайлар нақты заттай баламасы бар тұрақты нарық көздеріне ауысуды тиімді санайды. Ал бұл тенденция ең алдымен ислам облигацияларына деген жалпыәлемдік қызығушылықтан көрініп отыр.  Мақала толығымен…

Ақпарат

ДОСТЫҚҚА АДАЛ БІР АДАМ

23-Ақпан. 2009

Үлкен-кіші «Қасаға» деп атап кеткен Қасымхан Ерсарин ¬– Қазақ радиосының ардагері.
Қырық бес жыл бір орында үзіліссіз қызмет етіп, зейнеткерлікке жасы жеткен күні қипақтап-сипақтамай, басшылық орнын батасына қосып шәкіртіне ұсынған ұстыны бөлек ұстаз.  Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

«Жан жүрегім – Астана» жарыққа шықты

23-Ақпан. 2009

Астананың 10 жылдық мерейтойы бейнеленген «Жан жүрегім – Астана» фотоальбомы жарыққа шықты.
Дүйсенбі күні Елорда әкімінің орынбасары Әмірхан Рахымжанов аталған кітаптің тұсауын кесті. Альбомда 2008 жылы маусымның 30-ы мен шілденің 6-сы аралығында Астанада өткен мерекелік іс-шаралардың суреттері топтастырылды. Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

Ташкент пен Таразда айтыс өтті

23-Ақпан. 2009

Өткен аптада Ташкенттегі «Истиқлол» залында халықаралық ақындар айтысы болып өтті. Қазақстан мен Өзбекстанның түрлі аймағынан жиналған он екі ақын өнер көрсетті.  Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

Сәйденов «БТА»-ға келді

23-Ақпан. 2009

«БТА банкі» АҚ директорлар кеңесінің отырысында Әнуар Сәйденов банктің басқарма төрағасы болып тағайындалды.  Мақала толығымен…

Саясат-экономика

«Саулықтар» сауықты

23-Ақпан. 2009

«Ана тілі» ұлт газетінің №49-шы санында тілшіміз Арман Әубәкірдің «Ойын залдарында саулық сатыла ма?» деген мақаласы жарық көрген болатын. Тексеріске шыққан тілші Алматы қаласындағы бірнеше ойын-сауық отауларының маңдайшасында «сауық» сөзі «саулық» деп қате жазылғандығын әшкерлеген еді.  Мақала толығымен…

Әлеумет

Сақалды сақтайтын заң керек

23-Ақпан. 2009

«Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты». Осы бір сөздің парқын түсінесіз бе? Әрине, мемлекетіміздің мүйізі қарағайдай болғанын әр қазақ армандайды. Басқаның бүйірінен «ыңқ» еткізіп сүзбесек те, абырой үшін ешкінікіндей болса да мүйіз болғанға не жетсін? Мақала толығымен…

Ақпарат

«Әдемі-Ай» журналы жарық көрді

23-Ақпан. 2009

Этнографиялық мәдени-танымдық «Әдемі-Ай» журналы жарық көрді. Журналдың алғашқы бетіне ҚР халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Фариза Оңғарсынованың суреті жарияланып отыр. Ақынның бұрынғы жылдары жазылған жырларының негізінде «Әкемді сағынғанда ер-тұрманын, сипалап отырушы ем жылап келіп…» деген атпен өлеңдер топтамасы берілген. Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

Әзімбай Ғали: Бәсекеге қабілетті нөмірі бірінші жұрт – қазақ

23-Ақпан. 2009

Алдағы ұлттық санақ үкілі үмітіміз де, түн ұйқымызды төрт бөлер уайым, үрейіміз де болып отыр. Қазақтың саны қанша? Қаншаға арттық? Қаншаға кемідік? Бір сөзбен айтқанда, таразы басында ұлт ретіндегі салмағымыз қандай? Қанша қазақ өзге дінге өтіп кетті? Бүгінгі таңда көкірегі ояу, көзі ашық әрбір қазақ азаматын осы мәселелердің толғандырып жүргені анық. Ал бұл тақырыпқа қатысты белгілі саясаттанушы Әзімбай Ғали мырзаның да өз айтары бар. Мақала толығымен…

Ақпарат

Ұлттық идеологияның басты құралы– мультфильм

23-Ақпан. 2009

Мәдени саясат және өнертану институтында «Қазақ мультфильмі қайткенде жанданады?» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған мультфильмнің атасы– Әмен Қайдаров, оның ізбасарлары – мультипликация мамандары қатысты. Олар бүгінгі қазақ қоғамының басты проблемасы болып отырған– қазақ мультфильмі төңірегінде пікірлесті. Мақала толығымен…

Елтану