Мұрағат

Наурыз. 2009 ақпараты

Мейірім сыйлаған мейрам

31-Наурыз. 2009

НаурызНаурыз – күн мен түннің теңелген, дала нұрға бөленген, малдың ауызы көкке, адамның ауызы аққа тиген ұлық мереке. Бауырмалдық, тазалық, қамқорлық, теңдік, елдік тоғысқан торқалы той. Қазақтың ғана емес ғаламға ортақ жаңғыру мерекесі. «Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келгенде жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иесі көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күн – Ұлыстың ұлы күні деп аталыпты» – дейді халық аңызында. Несі бар? Алла тағала «адам» дейтін сүйікті құлына бір-бірімен қауышып жататын «Наурыздай» мерейлі мейрамды сыйлағанына шүкірлік. 22 наурызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ елін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.
– Құрметті отандастарым, қадірменді елім! Бүгін Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен сіздерді шын жүрегіммен, ақ көңіліммен құттықтаймын! Қазақстандағы барша шаңыраққа тыныштық, бақ-береке, жақсылық тілеймін!– деді еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.  Мақала толығымен…

Ақпарат

Сақ моншасына түстік, Сары қымызды іштік

30-Наурыз. 2009

Монша2003 жылы Қытайда «сарс» деген атпен жаман ауру тарады. Ғалымдар сол ауруды зерттей келе, малшаруашылығымен шұғылданатын халықтардан, әсіресе, ет пен сүтті, сары май мен кілегейді, шұбат пен қымызды тұтынатын қазақтардан бұл аурудың алыс жүретінін дәлелдеді. Қазір аспан асты елінде қазекеңнің тағамын көргенде миығынан күлмейтін қытай жоқ. Кейбірі тіпті қыста соғым сойып, қымыз бен сары майды күнделікті тағамына айналдырып үлгерді. Ал осындай ұлы тағамдардың төл иесі қазақ елі әлі күнге қымыздың дәміне емес, коланың зәріне таңдайын тақылдатып отыр. Жақында Алматыда атамыздың асын, бабамыздың мұрасын қайта қалпына келтірем деген «Көшпенділер өркениеті» орталығы құрылған. Ұлттың ұлылығын жоқтаған сол орталыққа барып, «сары қымызды» сапырып ішіп, «Сақ моншасынан» санамды жаңғыртып, «көк дауылдармен» өткізген көп қызықты сіздермен бөлісейін. Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

Қосақтап жазу қазақ тілінің көсегесін көгертпейді

30-Наурыз. 2009

TemirBank«Казахстанская правда» газеті 2009 жылғы 1 қаңтардағы алғашқы нөмірінде Республика Президенті Н.Назарбаевтың Жаңажылдық құттықтауын екі тілде қатар берді. Тіпті қазақша мәтінін бірінші кезекте, сосын орыс тіліндегі мәтіні. Аталған газеттің мемлекеттік тілді ұлықтауы бір бұл емес, біраз уақыттан бері бірте-бірте жүргізіліп келе жатқан үдеріс. Міне, енді Елбасы сөзін екі тілде қатар беріп отыр. Мақала толығымен…

Тіл

Анкара Ахаңды ардақтады

30-Наурыз. 2009

Түркияда Еуразия Жазушылар Одағы жанынан шығтын «Қардеш қаламлер» атты журналдың кезекті санында белгілі түріктанушы Ферхат тамырдың «Жаңа әдіс және Ахмет Байтұрсынұлы» атты мақаласы жарық көрді. Аталған мақалада Ахаңның жәдитшілігі туралы кеңінен баяндалған. Мақала толығымен…

Ақпарат

«Ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз»

30-Наурыз. 2009

Осы аптада Елбасы мемлекетті сапармен Финляндияда болды. Осы сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Финляндия арасында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойды. Мақала толығымен…

Ақпарат

«Білектей арқасында өрген бұрым…»

30-Наурыз. 2009

Мереке қарсаңында Астана қаласында арулар байқауы өтті. Тән сұлулығымен қоса жан сұлулығы сынға түскен бұл байқауға астаналық 9 ару қатысты. Шараны ұйымдастырып, ана тілімізді насихаттауда жанашырлық танытқандар қатарында демеушілік жасаған «Тіл» журналының бас редакторы Нұргүл Қарағойшина, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ басшылығы бар. Мақала толығымен…

Ақпарат

«Среда» емес «Сәрсенбі»

30-Наурыз. 2009

Осы күнде қазақтың еңбектеген баласынан еңкейген шалына дейін күн аттарын орысша айтатын болды. Сонда дейміз-ау, бұрынғы орысша білмейтін ата-бабаларымыз қалай уақыт мөлшерлеп, қалай күн кешті екен! Мақала толығымен…

Тіл

«Қонақжай» әйел қолға түсті

30-Наурыз. 2009

Жұма күні Астана қаласында «Түркістан» жеке қонақүйінің администраторы қаладағы «Данияр» деген басқа қонақүйдің ғимаратына бомба қойылғандығы туралы хабар түсірген.  Мақала толығымен…

Ақпарат

Ойынханалар орнын босатады

30-Наурыз. 2009

Таяу күндері оңтүстік астанадағы ойынханалар өз жұмысын тоқтатуы мүмкін.  Мақала толығымен…

Ақпарат

«Жүзігің болсын жақұттан…»

30-Наурыз. 2009

Ұлыстың ұлы күні Елордадағы ҚР Президенттік мәдениет орталығында Қазақстан зергерлерінің «Күміс сыңғыры» атты көрмесі ашылды. Көрмеге алыс-жақын шетелдердерде ұлттық өнер туындыларын насихаттап жүрген қазақ шеберлері қатысты. Мақала толығымен…

Ақпарат