Maмыр. 2009 ақпараты
ТОҚСАН АУЫЗ СӨЗ: Ежелгі ертегі Ертөстікте «Тоғыз ұлым бір төбе, Ертөстігім бір төбе» дейді Ерназар қарт. Ерназарша ой өрбітсек, Қазақстанның саяси сахнасындағы барлық партия бір төбе де, «Нұр Отан» бір төбе. Неге дерсіз? Айтайық. Мақала толығымен…
Ақпарат

Алдыңғы аптаның жұмасында Астанада өткен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезі ел болашағына елеулі өзгерістер әкелетін соны бастамаларымен ерекшеленді. Онда негізгі болып төрт мәселе, яғни атап айтқанда – «Нұр Отан» ха¬лықтық-демократиялық партиясының 2009-2012 жылдарға арналған іс-әрекеттер стра¬тегиясы туралы, Партия Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, “Нұр Отан” ХДП-ның бақылау-тексеру комиссиялары туралы ережені бекіту туралы және “Нұр Отан” ХДП Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қойылды. Мақала толығымен…
Ақпарат
«Пирамидалар елі» – «пирамидада»
Өткен сенбі күні Астана аспанын атақты «Аида» операсы кернептұрды. 140 жылдық тарихы бар әлемнің классикалық туындылардың төрінен орын алған Джузеппе Вердидің бұл операсы «Нұр Отан» партиясы ХII съезінің 800-ден астам делегаттары мен Елорда қонақтарының назарына ұсынылды. Мақала толығымен…
Елтану, Мәдениет-өнер
Өмір мынау толған дау, толған егес
Ұрпақ жоқта тарланың тарлан емес,
Арманың арман емес.
Өйткені ұрпақ тағдырынан маңызды
бізге дейін ештеңе болған емес.
Және бізден кейін де болмақ емес!!! Мақала толығымен…
Мәдениет-өнер
Бір үлкен ас болып, сол аста бәйгіге шапқан қаншама аттың алдында бір қара жал құла жеке-дара озып келіпті. Асқа жиналған топтың ішінен бір адам:
– Мынау менің тай күнінде жоғалтқан атым, – деп аттың шылбырына жармасады. Атты қосып отырған иесі:
– Жоқ, бұл мүлдем жала, өзімнің кер биемнен туған қол тума малым, – дейді. Көпшілік екі жағына да «сенікі жөн» деп айта алмай, содан барып Қазыбектің туған әкесі Келдібек биге жүгініске келеді. Бірақ екі даугердің сөзін тыңдаған Келдібек «ат сенікі» деп кесіп айта алмай, дағдарып отырып қалады. Мақала толығымен…
Елтану
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра». Шындығында, қазақ десе домбыра есімізге оралады. Бірақ қайран қазақ егізінен ажырап барады? Бұлай дейтініміз, бүгінде қалың көпшілік ішінде атадан қалған аспаптың тілін түсінетіндер аз-кем. Мақала толығымен…
Мәдениет-өнер
Меруерт Әбусейітова:
Бүгінде әлем Шығыс өркениетін мойындай бастады. Ал Шығыс әлеміндегі қазақ халқының алар орны қандай? Әсіресе егемендігін жаңа алған мемлекетіміздің өзін-өзі тануында шығыстанудың маңызы орасан зор. Осы орайда Қазақ мемлекеттілігіне қатысты тың деректерді тауып, ғылыми айналымға енгізуде тер төгіп жүрген Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, «Мәдени мұра» бағдарламасы «Шығыстану» секциясының төрайымы Меруерт Әбусейітованы әңгімеге тарқан болатынбыз. Мақала толығымен…
Елтану
(Әйгілі түріктанушы ғалым Әмір Нәжіп туралы толғаныс)
Түркістанда Халықаралық ІІІ-Түркологиялық Конгресс өтті. Ойға қайдағы-жайдағы тарихты түсіріп кетті.
…Жетпісінші жылдар.
“Мәскеуден әйгілі түрколог Әмір Нәжіп келіпті. Жоғары курс студенттеріне дәріс оқиды екен” – деген әңгіме студенттер арасында гу ете түсті. Мақала толығымен…
Елтану
Қазақ тілінің «ауруы» әлі жазылар емес. Біреулер сөйлеуден қашады, біреулер айтудан қашады. Әйтеуір, «қазақша сөйле, жаз» деп әлі ауыз жаппай келеміз. Бұл жолғы ниет те қазақ тілінің хал-жайын білу еді. Жұма күнгі демалысымды пайдаланып, Алматы қаласындағы Түрксіб аудандық халыққа қызмет көрсету орталығын бетке алдым. Мақала толығымен…
Тіл
Қазақ радиосының бас редакторы Саясат Бейісбай:
«Қазақстан» ұлттық телерадио корпорациясындағы соңғы өзгерістерге байланысты Қазақ радиосының бас редакторы болып Саясат Бейісбай тағайындалған еді. Жаңа басшымен аз-кем сұхбат барысында ең алдымен осы өзгерістердің Қазақ радиосында әсері қалай болғандығы айтылды. Мақала толығымен…
Мәдениет-өнер