Мұрағат

Маусым. 2009 ақпараты

Мұсылманды мансұқтаған фильм бас жүлде алды

12-Маусым. 2009

"Ана тілі" газетіДақпырты күллі елді дүрілдетіп «Шәкен жұлдыздары» VII халықаралық кинофестивалі де өтті. Бас бәйге Германия мен Израильдің «Әкем үшін» деп аталатын ортақ туындысының қанжығасында кетті. Режиссері – Дрор Захаби. 96 минутқа созылған фильмде махаббатын кездестірген жас жігіт отан қорғауда әкесіне берген антынан тайқып шығады. Бірақ мәселе тек махаббатта ғана ма? Ендеше бұдан бұрын Палестина тұрмақ, Израильдің өзінде қолдау таппаған туындының елімізде топ жарғаны қалай? Әлде режиссердің «Мұсылманның да адам баласы екендігін көрсеткім келді» дегені базбіреулердің көңіліне майдай жақты ма екен? Әрі бұл мұсылман елдерінің ішінде тұңғыш рет Қазақстанда көрсетілгенін қараңыз!  Мақала толығымен…

Ақпарат

Абай: Үшінші қарасөз

12-Маусым. 2009

Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? Мақала толығымен…

Білім, дін

Орамал-сезім

12-Маусым. 2009

"Ана тілі" газетіБіз ол кезде студентпіз. Есентай өзенінің жағалауында, студенттер қалашығының маңында кішкентай ғана саябақ бар. Кешқұрым жатақханаға сыймаған жастар өзенді жағалап, саябақта қыдырыстайтын. Ақын жігіттерді алқалап отырып жыр тыңдаймыз. Әнші қыздарға ән айтқызамыз. Жатақтың есігі жабылғанша әдебиет пен мәдениет, өнер мен өмір туралы қызу пікірталас болатын. Аға буын ақын-жазушылардың шығармашылығын талдап, өзімізше байлам жасайтын едік.
Ол романтик болатын. Гүлден-гүлге қонған көбелек секілді жер мен көктің арасында қалықтап ұшып жүретін еді. Өмірді өзінше қабылдайтын. Әсемдікке, мейрімділікке құмар еді сол кезден. Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер

АРАЛДЫҢ АҚЖАЛ ТОЛҚЫНЫ ( Эссе)

12-Маусым. 2009

"Ана тілі" газетіСүлейі Сырдың мен едім,
Серкесі сөздің сен едің.
Сөз маржанын сен теріп,
Соңыңнан жырлап келемін.
Жарты ғасыр жол жүрдің,
Бөгеннен бүгінге дейін.
Аралдың ақжал толқынын,
Ағажан, саған теңейін…

(Берік Жүсіповтің толғауынан)   Мақала толығымен…

Ақпарат

«Бүгінгі күн: қазақ драматургиясы және театр репертуары»

12-Маусым. 2009

"Ана тілі" газетіӨткен аптада Қазақстан Жазушылар Одағы «Бүгінгі күн: Қазақ драматургиясы және театр репертуары» атты тақырыптағы үшінші пленумын өткізді. Бұл шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі бөлім меңгерушісінің орынбасары Әлібек Асқаров, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров сынды айтулы азаматтар қатысты. Мақала толығымен…

Ақпарат

Араққа ұлттың атын бергені несі?

12-Маусым. 2009

"Ана тілі" газетіАта-әжелеріміз сұмдық дүниені көргенде «Мұндайды көргенше шыққыр көзім шықсын!» деп бетін шымшылап жатушы еді. Сол сөзді енді біздің айтуымызға тура келіп тұр. Қытайдағы қазақтар қоныстанған Шыңжаң өңірінде «қазақ» маркалы арақ өндіріске шықты. Алланың арам еткен ащы суының сыртқы қорабына «Хаса, Алархан», «Хаса, Амангүл» деген аттар жазылып, сұлу қыздың суретімен бірге жар салып тұр. Мұндағы «хаса» сөзі Қытай тарихындағы қазақтың ежелгі атауы. Бұлай дейтініміз Қытайдың «Таң патшалығы тарихы» (VІІ-VІІІ ғасырда) атты жылнамада «қаса», «хаса» деп батыс көршілерін атаған. Қазір ресми түрде, заң жүзінде «хасакы» деп жазылғанымен, ауыз екі тілде барлығы қазақты «хаса» деп атайды. Тіпті, кезінде ШинХуа агенттігі қазақты «хаса» деп атауға тыйым да салған.
«Күшігім, күшігім десе аузын жалайды» деген мақал осындайда айтылса керек. Мақала толығымен…

Әлеумет

«ДОМОВОЙ»

12-Маусым. 2009

"Ана тілі" газетіКөзбен көріп, құлақпен естімегенге сене бермейтін пенделерміз. Бірақ, руханият атаулының бәрі мораль тұрғысынан санамызда дөңбекшіп жатқан соң, амалсыз бас иеміз. Әйтпесе, адамды маймылдан жаратып, Дарвин көкемнің даңғазасын жаттап өскен біз емес пе едік? «Ақиқаттың шымылдығын шындық келіп жұлып алғанда, шыбын жаны жерге кірген» ілімнің тілі күрмелді. Сан мыңдаған санада сайтанның сапалағын ойнатқан маймыл ұғым Хақ-Тағаланың ілімінің алдында мәймөңкелеп қалды. Содан бері де неше жыл өтті. Біраз рухани сұрақтардың қанағаттандырарлық жауаптарына қанықтық. Біразы шідерін шеше алмай жатыр. Сондай бір сұрақ менің де ойымда жиі жүреді. Ол — осы мақалаға арқау болып отырған «домовой» деген ұғым. Ұғым болған жерде сауал бой көтереді. «Домовой» деген шындығында бар ма, жоқ па? Сауалға тиісті жауабы да бар. «Ол лас жерлерде, орыстардың үйінде болады». Неліктен? Не себепті? Оның жауабын беру қиындау. Сол себепті өз білетіндерімді ортаға салайын. Бәлкім, түрлі ойларға түрткі бола жатар… Мақала толығымен…

Білім, дін

Қазақ қызы кімнен кем?

12-Маусым. 2009

«Время» газетінде «Красота без блата» атты мақала жарық көрді. Аталған мақалада Қытайда өткен сұлулық байқауында Қазақстанның атынан қатысқан Алина Шептунованың қазақтың ұлттық киімін киіп «үш сағат жымиып тұрғаны» ерлікке баланып суреттелген. Мақала толығымен…

Әлеумет

Шапалақтың сан сыры

12-Маусым. 2009

Ілкі заманнан бүгінге жеткен ырымдар аз емес. Олар тіл атты құдіретті қаруды меңгергенінен кейін де қалмаған сыңайлы. Кейде тіпті тілден де күшті болатынын күнделікті өмірде байқамай да қаламыз. Байқасақ та себебін саралап, парқына бармаймыз. Солардың бірі – шапалақ.  Мақала толығымен…

Білім, дін

Тастарға тіл бітірген

12-Маусым. 2009

Өр Алтайдың баурайында өсіп-өнген ғалым әке Алтай тауының өрелі де көшелі мінезін, дархандығы мен асқақтығын өзінен туған бала мінезінен көргісі келді ме екен кім білсін, атын Алтай қойған екен. Өр Алтай мен асқақ Алатаудың сұлулығына қатар тамсанып, жасынан ғылымның қиын жолының қандай боларын жүрегімен, бүкіл болмысымен сезініп өскен Алтай Сәрсенұлы бүгінде қазақ ғылымының көрнекті өкілі, белгілі түрколог ғалым.  Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер