Қыркүйек. 2009 ақпараты
Қазақ жерінің қай өңірі болса да қасиетті де, қадірлі екені рас. Әйтсе де, ұлт үшін Ұлытаудың орыны өте ерекше екені де даусыз. Елдің елдігі, ердің ерлігі сынға түскен небір қысылшаң шақта қазақтың игі жақсылары бас қосып, үш биі бәтуә жасап, үш жүзі мәңгілік бірлікті қалайтынын білдіріп, тасты қашап, таңба салды. Тәуелсіздікке, бостандыққа қол созды. Басынған жауды тойтарды, ұлттың ұлттығы сақталды. Ұлытау – міне, осынысымен де құнды, осынысымен де тарих үшін бағалы. Мақала толығымен…
Елтану
(Жалғасы. Басы өткен сандарда)
Байөлке баяндары
Баян-Өлгий аймағын құстардың алуан түрі мекендейді: ақ бас құмай, ақ сұңқар, дала бүркіті, ителгі, ақ құр, ақ үкі, кекілік, қырғауыл, шіл, т.т. Оның ішінде “Қызыл кітапқа” енген, сирек кездесетіндері де бар. Жыл құстарының 30-40 түрі: сарыала қаз, қоңыр қаз, жабайы үйрек, шағала, тырна, аққу, су торғайы, т.т. бар. Солардың ең үлкені – тазқара. Ол тек өлексемен ғана қоректенеді, тірі аң ұстап жей алмайды екен. Ал ең кішкене құс – құрқылтай. Қазақта өте тар, аядай жерді бейнелі тілмен “құрқылтайдың ұясындай” дейді. Құрқылтай ұясын қылдан, жүннен, ағаш бүрлерінің ұлпасынан тоқып жа Мақала толығымен…
Елтану
Өткен бейсенбі Кәсіби Парламент Мәжілісінің тұңғыш төрағасы, тәуелсіз Қазақстанның белгілі саясаткері, танымал тұлға Марат Тұрдыбекұлы Оспановтың туғанына 60 жыл толды.
Қазақстанның кәсіби Парламентінің керегесін кеңейтіп, уығын қадаған, биліктің бір тармағының рөлін атқарған Марат Оспанов Қазақстан Парламентаризмін қалыптастыруға зор үлес қосқан. Мақала толығымен…
Ақпарат
Сейсенбіде Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келді.
Шымкентте Елбасы өндіріс және денсаулық сақтау нысандарын аралады. Жаңа кардиологиялық орталықтың, макарон фабрикасы мен матор майлары зауытының жұмысымен танысқан Елбасы Тәуелсіздік монументінің ашылу рәсіміне де қатысты. Ескерткіштің биіктігі тұғырымен қоса алғанда 35 метр. Соның ішінде ана бейнесі сомдалған мүсіннің биіктігі - 8 метр. Жоба авторлары сәулетші Бақыт Әшірбаев пен Рүстем Насыровтың айтуынша, оны Қазақстандағы ең биік монументтердің қатарына жатқызуға болады екен. Мақала толығымен…
Ақпарат
23 қыркүйекте Алматыда Қазақстан саясаткерлерінің 2-форумы ашылды. Жиында елмізде және шетелде болып жатқан саяси оқиғалар мен процестердің ғана емес, сонымен қатар саясаттану ғылымының толғақты мәселелері талқыланды. 2001 жылы өткен алғашқы конгрестен бері елімізде талай өзгерістер орын алғаны белгілі. Десе де ашық қоғам құру, саясаттану ғылымын қазақыландыру, маман даярлау сынды бағыттарда әлі күнге дейін шешімін таппаған тұстар көп. Мақала толығымен…
Ақпарат
Көзсіз күдік көкейінде кілкіп тұрып алды.
Өзінің осынша күйгелек екенін қалай білмей келген? Ынтықтық бойынан тәкәппарлық, намысшылдық дегенді біржолата қуып тастаған ба, қалай? «Жазбаймын» деп жұлқынып тұрған жұлымыр ойды «Жазамын» дейтін жігерсіз ой жасытып тастайтыны несі? Сөйтеді де көңіліндегі бар сағынышын ақтара салған аңсар хаты діттеген жеріне сымсыз желімен әп сәтте-ақ жетіп барады. Жауаптың қас қағым сәтте келе қоймайтыны қиын-ақ. Сүт пісірім уақыт аш ішекше созылып, мұның сүлдерін ғана қалдырады. Мақала толығымен…
Әлеумет
Өткен бейсенбіде еліміздің бас білім ордасының бірегей түлектері бас қосты.
75 жылдығына орай жүз жиырма мың түлегінің ішінен үздіктердің үздігін, жүйріктерінің жүйрігін жүздестірген ҚазҰУ-дың қарашаңырағы күмбірлеген күйге кенеліп, әуелеген әнге бөленді.
Мерекенің сән-салтанаты студенттер қалашығына жайылды. Өз түлектерін үрмелі аспаптардың сүйемелдеуімен университеттің 13 факультетінің декандары мен студенттері қарсы алды. Мақала толығымен…
Білім, дін
Зұлқарнай Баймырзаев – қазақтың біртуар тұлғасы, саяси қайраткер. Зобалаң жылдар тозағы жігерін мұқалта алмаған қайсар күрескердің өмір жолы – бостандық жолына басын тіккен ұлы тұлғалардың тауқыметке толы күндерін, онсыз жеңіске жету мүмкін емес екенін аңғартады. «Қайсар қайраткер» деп аталатын қазақша-орысша шыққан кітаптың авторы Көшім Есмағамбетовтен Зұлқарнай Оспанұлындай қайталанбас ғұмырдың иесі жайында кеңінен сұхбат алудың сәті түскен еді. Мақала толығымен…
Мәдениет-өнер
Жер жәннаты – Жетісудың төрі атанған Хан-Тәңірі баурайы, қасиетті Қарқара өңірі. Жазушы Тұрлыбек Мәмесейіт осы өлкенің перзенті. Ол атақты Хан-Тәңірінің баурайында туып-өсіп, малды ауылда ержетті. Жастайынан, табиғат аясында өскендіктен сұлулық пен биіктікті сезініп өсті. Туған өлкенің тамылжыған суреттерін көкірегіне түсіріп, жадына тоқып, көзін қанықтырып ержетті. Қарасаң көзің тоймайтын, күніне мың құбылып, неше түрлі түске енетін тау табиғатынан ғажайып сансыз бояудың қайталанбас көркіне тәнті болып, талғам мен түйсігі қалыптасты. Мақала толығымен…
Мәдениет-өнер
Ән мен жырдың кені Кенен ақынның дүниеге келгеніне 125 жыл. Қазақ әдебиеті мен руханиятына елеулі үлес қосқан Кенен Әзірбаев есімін ардақтау – елдік парыз. Бүгінде арқалы ақынның мерейтойына орай республиканың түпкір-түпкірінде айтулы шара өтіп жатыр. Бұл шарадан журналистер де сырт қалмады. Өткен аптаның соңында СТВ (бұрынғы Рахат) телеарнасының ұйымдастыруымен журналистер арасында Кенен Әзірбаев атындағы мини-футболдан жарыс өтті. Мақала толығымен…
Мәдениет-өнер