Мұрағат

Қаңтар. 2010 ақпараты

«Қазақтың 1000 күйі» жарыққа шыққалы жатыр

28-Қаңтар. 2010

«Қазақтың 1000 күйі» жарыққа шыққалы жатыр..«Ақсақ құлан» күйінің аңыз тарихында Жошы ханның ұлы құлан атуға барғанда мерт болады. Ұлынан айырылған хан: «Кімде-кім ұлымның өлімін естіртсе, көмейіне ерітіп қорғасын құямын» деп қаһарланады. Сол кезде ханға бір күйші барып, қайғылы күй шертеді. Оның азалы күйінен баласының өлгенін түсінген хан домбыраның шанағына қорғасын құюға мәжбүр болыпты» деседі ел. Мақала толығымен…

Елтану, Мәдениет-өнер

МИНИСТРЛІК АЛДЫНДА БЕС МІНДЕТ ТҰР…

28-Қаңтар. 2010

МИНИСТРЛІК АЛДЫНДА БЕС МІНДЕТ ТҰР...Жуырда ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысы өтті. Министрлік басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәдени және ақпараттық саясаттың өткен жылғы жұмысын қорытындылап, биылғы жылда атқарылатын міндеттерді айқындады. Аталған шараға Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесінің өкілдері, мәдениет мекемелерінің, бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары қатысты. Мақала толығымен…

Ақпарат, Тіл

Кәрі құрлық қазақтары бас қосты (жолсапар очерк)

28-Қаңтар. 2010

Кәрі құрлық қазақтары бас қосты (жолсапар очерк)Қазақстанмен кіндігі байлаулы әлемге тарыдай шашылып, төрткүл дүниеге кең таралған қандастарымыздың ұлттық сана-сезіміне қылау түспегеніне қайранбыз. Кәрі құрлық – Еуропа қазақтары әр елде он шақты үй, ары кеткенде елуге таяу отбасы болып тірлік кешіп жатқанына қарамастан тілін, дінін, ділін сақтап қалғанын ерлікпен пара-пар дерсіз. Қазақстанда, қалың қазақтың ортасында жүрген өзге тілді бауырларымыз солардан үлгі алса дейсің. Мақала толығымен…

Ақпарат, Елтану

Тіл тұлпарға мінген күн

28-Қаңтар. 2010

«Ана тілі», №16, 5 шілде 1990 жыл
«Ана тілін білмеген қазаққа құрмет көрсетпе, қызмет ұсынба. Ана тіліңді үйренгісі келген басқа ұлттың өкілін бауырыңа тарт, тең тұт», «Ақылыңа жүгін, біліміңе сен: айқай – әлсіздің ісі, ақылдың күші – бірлікте», «Қазақпен қазақша сөйлесейік!»… Мақала толығымен…

Тіл

Дін арқылы рухани құндылықтарға бет бұру…

28-Қаңтар. 2010

Дін арқылы рухани құндылықтарға бет бұру...Мәдени ынтымақтастықты, этносаралық төзімділікті дамыту және өзара түсіністікке тәрбиелеу рухани құндылықтардың маңызды құрамдас бөлігі болмақ. Өйткені біз – әлемдегі басқа мемлекеттерден көп диаспоралы және ұлтты, көп конфессиялы қоғамымызбен ерекшеленетін елміз.
Парламент Мәжілісінің депутатының бірі айтқандай-ақ, тәуелсіздік алған жылдары Батыстың белді сарапшылары біздің елдігімізге күмәнмен қарағаны жасырын емес. Бірақ көріпкелдердің күпілдек болжамдары көпіршіп барып жоғалды. Әрине, кейінгі кезде қоғамдағы діни ахуал өзгеріп барады. Бұл уақыт өте келе ұлтымызға, тұтас еліміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Мақала толығымен…

Ақпарат, Білім, дін

30 ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ…

28-Қаңтар. 2010

30 ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ...Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргендер былтыр 30 жылдан соң кездестік. Сол екі арада салмақтандық. Ұл, қыз, немере өсірдік. Шыққан биіктер де қызметтің дәмін татып, «Көке-жөкелерді» естіп, «Сіз кереметсіз» дегенге үйреніңкіреп қалғандар да жоқ емес. Мақала толығымен…

Білім, дін, Дидар-ғайып

Шақшам шақша-ақ еді

28-Қаңтар. 2010

Әлдеке деген шебердің бір қаралық күміспен нақыштаған келісті шақшасын бір би үйіне келіп отырып, тамыр болайық деп ат-түйедей қалап алады да, келесі жылы келіп қолқаңды ал деп шақырып кетеді. Әлдеке шебер келесі жылы барса, би қолқа бермек түгіл «шақша даулай келдің бе?» – деп келеке қылады. Әлдеке шебер ханға жүгінеді. Мақала толығымен…

Даналық мәйегі

Аңдамай сөйлеген…

28-Қаңтар. 2010

Саясат ірілікті қажет етеді. Майда-шүйде, бала-шағаның аузындағы сөзді айтып абырой жинаймын деген әбестік. Арзан сөз, көбік әңгіме көптің көкейіне қонбайды. Қайта беделіңді түсіріп, саяси салмағыңды қаңбаққа, өзіңді мазаққа айналдырады. Мақала толығымен…

Саясат-экономика

ҚАЙРАН, ШӘМІЛ!

28-Қаңтар. 2010

ҚАЙРАН, ШӘМІЛ!Әлемге аты әйгілі қандасымыз, сайыпқыран балуан, мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы, әлем біріншілігінің екі дүркін чемпионы, Еуропа біріншілігінің жеңімпазы  - Шәміл Серіковтың есімі сізге таныс па? Рас, ол бүгіндері біреуге «жылт етіп жоқ болып кеткен» әдепкі көп спортшының бірі, енді біреулерге өткеннің бұлыңғыр естелігіндей көрінетін азамат. Осы орайда, өз-өзіне қол жұмсаумен бақилық болған жан өмірінің соңғы кезеңін құсалықпен өткізіп еді десек, қалай? Мақала толығымен…

Сұхбаттар

Сахна өнерінің саңлағы

28-Қаңтар. 2010

Сахна өнерінің саңлағыҰлтымыздың ұлы актері, Социалистік Еңбек ері Сералы Қожамқұлов туралы сөз
Қарабалықтан тамыр алған
Қазақтың мәдениеті мен өнері жайлы сөз болғанда көз алдымызға ұлтымыздың біртуар актері, қайталанбас тұлғасы Сералы Қожамқұловтың таныс бейнесі елестейді. Өз басым бұл ардақты жанмен көзі тірі кезінде тілдесе алмадым. Бірақ оның шығармашылық өміріне, өткен жылдар ішінде сомдаған өлмес образдарына шәкірттері мен ұрпақтарының айтқан естеліктері арқылы әбден қанықпын. Мақала толығымен…

Мәдениет-өнер