Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2013 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2013 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру туралы

Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсыныстарын қарап, қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы 2013 жылғы мемлекеттік сыйлығы мына авторларға:
1) «Дифференциалдық теңдеулердің бастапқы-шекаралық есептер теориясына» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшін:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК бас директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Тынысбек Шәріпұлы Кәлменовке;
2) «Қазақстан Республикасында жоғары технологиялы инновациялық ем әдістерін нейрохирургия патологиясында дамыту» тақырыбындағы жұмыстар топтамасы үшін:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Серік Қуандықұлы Ақшолақовқа;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Жұлын нейрохирургиясы және перифериялық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Талғат Тынышбайұлы Керімбаевқа;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Тамырлы және функционалды нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Eрбол Тарғынұлы Махамбетовке;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Анес­тезиология, реанимация және қарқынды емдеу бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Айса Захарұлы Нұрпейісовке;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Балалар нейрохирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Марат Рабандиярұлы Рабандияровқа;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ Орталық жүйке жүйесі патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты Нұржан Әмірбекұлы Рыскелдиев­ке;
3) Қазақстан Республикасының атластық картографиялау саласындағы ғылыми жұмыстар топтамасы үшін:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС директоры, география ғылымдарының докторы, профессор Ахметқал Рахметоллаұлы Медеуге;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері, география ғылымдарының докторы, профессор Фарида Жианшинқызы Ақияноваға;
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің География және экология ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы, география ғылымдарының докторы, Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Әлия Сәрсенқызы Бейсеноваға;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС Табиғи қауіп-қатер зертханасының жетекшісі, география ғылымдарының докторы ­Виктор Петрович Благовещенскийге;
«Қазморгеофизика» АҚ ғылыми жұмыстар бойынша кеңесшісі, геология-минералогия ғылымдарының докторы Мирғали Сапарғалиұлы Кунаевқа;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС жобаларды басқару жөніндегі бас менеджері, география ғылымдарының докторы Игорь Михайлович Мальковскийге;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ «География институты» ЖШС Геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасының бас ғылыми қызметкері, геолого-минералогия ғылымдарының кандидаты Эмиль Исабайұлы Нұрмамбетовке берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қазан.
№ 679



Принтерден шығару Принтерден шығару