Мәдениет қайраткерлері бір серпілген сәт

4-Ақпан. 2010

Мәдениет қайраткерлері бір серпілген сәтКүні кеше Алматыдағы Президент резиденциясында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев әдебиет және өнер қайраткерлеріне Президенттік және Мемлекеттік степендияларды салтанатты жағдайда табыс етті.
Салтанатты рәсімге Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.Әшімбаев, Мәдениет және ақпарат министрі М.Құл-Мұхаммед, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Н.Оразалин және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.Елбасы әуелі шығармашыл қауым алдында халыққа арнаған биылғы Жолдауындағы міндеттердің маңыздылығына, оның ішінде мемлекеттік тіл мен төл мәдениеттің өркендеу үрдісі және зиялы қауымның қоғам дамуындағы рөліне айрықша тоқталды.
- Осыдан 15 жыл бұрын әдебиет пен өнер адамдарына Президенттің арнайы степендиясы тағайындалып, жыл сайын дәстүрлі түрде тапсырылумен келеді. Оның мәні қандай деңгейде, өздеріңізге мәлім. Бір жағынан бұл шығармашылдық қауымды жыл басында бір серпіп алу үшін жасалып отырған шара, - деді өз сөзінде Нұрсұлтан Әбішұлы.
Жалпы, биылғы жылдың стипендияларын семейлік белгілі ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов, Оңтүстік Қазақстаннан келген қаламгер Мархабат Байғұт, актер Дулыға Ақмолда, суретші Қазақбай Әжібекұлы, дирижер Даурен Ғылымов, композитор Ержан Серікбай және де маңғыстаулық айтулы ақын Светқали Нұржан иеленді.
Абылайхан ҚАЛНАЗАР

Ақпарат