Министрлік міндетін толық орындады

Кәрім МӘСІМОВ, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. Елбасының Қазақстан халқына өзінің жыл сайынғы Жолдауын ар¬найтын күн әрқашан да еліміздің қо¬ғамдық өмірінде басты оқиға бо¬лып табылады. Бұл – жаңа кезең бастауы. Бұл – жаңа жоспарлар. Бұл – жаңа міндеттер. Бұл – жаңа үміттер. Бұл – жаңа жетістіктерге ұмтылыс.Бүгінгі Жолдаудың маңызы ерекше. Олай дейтініміз, Елбасымыз бізге жаһандық эконо¬ми¬калық және саяси ықпалдардың қайта бөлісі мен та¬рихи кезеңдер алмасуының күрделі бір сәтінде Қа¬зақстанның 10 жыл¬дық даму бағдарламасын ұсынды.
Ол бізге экономикалық және өр¬кениеттік қиындықтарға төтеп беретін, нақты қадаммен алға апаратын ба¬ғытты белгілеп берді.
Тек үдемелі индустрияландыру мен инновация, еңбек өнімділігінің еселене өсуі ғана Қазақстанның дағдарыстан кейінгі жаңа әлемде ұтымды әрі берік позицияны ием¬денуге мүмкіндік беретінін Елба¬сы¬мыз дәлелді түрде айқындап берді.
Бұл – жеңіс стратегиясы!
Баршамыздың Елбасы Жол¬дауы¬ның әсерінде отырғанымыз хақ. Жолдаудағы әрбір сөйлем мен ондағы әрбір тапсырманы Үкімет пен “Нұр Отан” партиясы бас¬шы¬лыққа ала отырып, жүзеге асырады. Өйткені, президенттік 2020 бағдар¬ламасы – бұл болашақ Қазақстан.
Біздің ортақ келешегіміз – қуатты мемлекет, орнықты және дамыған экономика, молшылық, саяси тұрақтылық пен келісім.
Жаһандық экономикалық дағ¬дарыс әкелген қатерлер мен сын-тегеуріндер ел экономикасын ре¬фор¬малауды, ұлттық қауіпсіздікті және мемлекеттің тұрақтылығын ны¬ғайту жолындағы жедел шара¬лар¬ды талап етті. Дәл осы шаралар¬ды бізге бүгін Елбасымыз да ұсынды.
Бүгінгі Жолдаудан әрбір қазақ¬стандық тек өзіне ғана бағышталған әкелік қолдау мен қамқорлық сөздерді естіді деп ойлаймын.
Әрбір қазақстандық елдің дағ¬дарыстан кейін нәтижелі қалпына келетініне және өзінің жеке әл-ауқаты мен игілігінің өсе¬тініне се¬німді, өйткені, біздің Президентіміз – сөз бен істің бірлігінің адамы.
Сондықтан біз бүгін ел эконо¬микасы үшін өте қиын жағдайдың өзіне қармастан, “Дағдарыспен күрес стратегиясының”, “Жол кар¬та¬сының”, “100 мектеп, 100 ауру¬хана” бағдарламаларының нақты нәтижелерін көріп отырмыз.
Мұның өзі Президенттің әр¬дайым ха¬лықпен бірге екенін, халыққа және әрбірімізге деген үлкен қамқорлығын көрсетеді.
Бүгінгі Жолдау – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүкіл ха¬лықтың, әрбір отбасының, әрбір адам¬ның әл-ауқатын одан әрі кө¬те¬руге бағытталған сарабдал жоспары.
Қазіргі таңда Қазақстан сенімді нық қадаммен, елеулі даму әле¬уетімен жаңа онжылдыққа, жаңа болашаққа бет алды.
Бұл – қазақстандық көшбасшы¬лыққа қадам басу.
Тәуелсіздік алған 18 жылдың ішінде елі¬міз экономика мен мем¬лекеттік құрылыста әлем таңға¬латындай нәтижелерге қол жеткізді.
Табысты барыстың қуатты серпілісімен салыс¬тыра отырып, бүкіл әлем “қазақ¬стан¬дық ғажайып” туралы тамсана айта бастады.
Еліміздің Тұңғыш Президенті – Нұр¬сұлтан Әбіш¬ұлы Назарбаевсыз осынау “қа¬зақстандық ғажай¬ып¬қа” қол жеткізу мүмкін еместігін мойындау қажет.
Біздің Елбасымыз тарихи қысқа мерзім ішінде күрделі экономи¬калық және ішкі саяси жағдайда қираған империя сынық¬тарынан қазақ халқының ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырып, тәуелсіз әрі қуатты мемлекет құрды.
Ол өзінің айналасына Қазақ¬стан халқын біріктіре отырып, оның еркін демокра¬тиялық елдер¬де¬гідей гүлден¬ген болашаққа деген сенімін арт¬тырды.
Ол әлемде “Назарбаев моделі” ретінде танымал бірегей әлеуметтік-экономикалық модель құрып, жүзеге асырды. Міне, дәл осы модель Қазақстанның үдемелі дамуының локомотиві болды.
“Назарбаев моделінің” арқа¬сын¬да Қазақстан әлемдік дағдарыс¬тың соққысына төтеп беріп қана қоймай, экономикалық өсуді сақтап қалған әлемдегі аз ғана мемлекет¬тердің қатарында.
Жаһандық және өңірлік гео¬саяси сын-тегеу¬ріндермен бірге жү¬ретін қаржы-экономикалық дағда¬рыс әлемде қайта құру үдерісін іске қосты. Бұл қа¬терлер мен сын-тегеуріндер еліміздің эконо¬ми¬касын ре¬формалауға, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі мен тұ¬рақтылығын нығайтуға бағытталған жедел әрі шешуші шараларды талап етеді. Бүгінгі таңда бүкіл әлем дамудың жаңа басымдықтары мен мақсат¬тарын іздеу үстінде. Өзгеріп отырған әлеммен бірге Қазақстан да өзге¬ретін болады. Ең бастысы, біз бұған дайынбыз. Әлем¬нің бүкіл елі төзім¬ділікке сыналып жатқан уа¬қытта, ал әлемдік қоғамдастық жаңа жа¬һандық про¬блемаларды шешу ал¬дында тұрған кезде көшбас¬шылары ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, тиімді экономикалық шешім таба алған, әлемдік державалардың жаһан¬дық бәсеке¬лестігінде өз хал¬қының мүддесін қорғай білген елдер ғана дағдарыстан қуатты болып шығады.
Әлем тарихи парадоксты бай¬қауда – жаһандану кезеңінде мем¬лекет дамуында көрнекті көшбас¬шы¬ның рөлі тұрақты өседі. Және ұлттық көшбас¬шы¬ның бо¬луы кө¬бі¬несе мемлекеттің табысты болуы¬ның шешуші шартына айналады.
Бізде мұндай көшбасшымыз бар, олай болса, біздің болашағымыз айқын.
Жас тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа тари¬хы Тұң¬ғыш Президен¬ті¬міз¬бен тығыз бай¬ланысты. Көп¬этносты Қазақстан халқы елдің бар¬лық жеңістері мен жетістік¬те¬ріне Нұр¬сұлтан Назарбаевтың арқасында жеткенін бірауыздан мойындайды әрі өз Прези¬дентіне кәміл сенеді.
Экономикамыз тұралап қалған ең қиын уақытта да Нұрсұлтан Әбішұлы күрделі міндеттерді қолына алып, халыққа берген уәдесін әрдайым орындап келеді.
Сөздері мен ісінде ешқашан алшақтық болған емес.
Халықтың мұң-мұқтажын түсі¬ніп, ел басқаруда оған сенген адам¬дарға әрдайым қамқорлықпен қарайды.
Әрбір президенттік сайлау Қа¬зақстан халқының өз көшбас¬шысына деген жоғарғы сенімінің айқын айғағы болды. Себебі біздің әрбір қол жет¬кізген табысымыз, әл-ауқа¬тымыздың артуы мен көркею жолындағы әрбір қадамымыз – бұл біздің Президен¬тіміздің кемеңгер саясатының, қажымас еңбегі мен халық мүддесіне берілгендігінің нәтижесі.
Ұлт пен Көшбасшының мұндай бірлігі – тарих беттерінде әлі талай беделді орын алатыны сөзсіз.
Бүгінгі Жолдау жетістігімізді сақтап, оны одан әрі нығайтуға, келе¬шек ұрпаққа ұлы әрі қуатты мемлекет қалдыруға мүмкінді¬гіміздің бар екенін тағы да дәлелдеп берді.
Бұл – аса үлкен міндет. Бұл міндетті тек Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев¬тың шеше алатындығын білемін.
«Егемен Қазақстан»
№33-35 (25881)
30 қаңтар 2010 жыл