Редакция
Құрылтайшы және шығарушы : «Қазақ газеттері» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі
Редакторлар кеңесінің төрағасы – Бас директор Жұмабек Кенжалин
Қабылдау бөлмесі: 2-77-88-32
Жарнама бөлімі: 2-45-61-41
Бас редактор : Самат Ибраим
Бас редактордың бірінші орынбасары: Ержан Байтілес
Бас редактордың орынбасары: Дархан Бейсенбек
Бөлім редакторлары:
Нұрперзент Домбай – Тіл мәселелері
Арман Әубәкір – Әлеуметтік мәселелер
Қанат Әбілқайыр – Білім және мәдениет
Меншікті тілшілер:
Бейбітгүл Исаева (Астана) 8701-180-81-75
Боран-Ғали Құлжан (Атырау) 8-7122-32-68-89
Ардақ Мұқанова (Орал) 8701-676-29-25
Жарқын Өтешова (Мәскеу) Zharkyn-1@yandex.ru
Әбдіуақап Қара (Түркия) kara_vahap@yahoo.com
«Қазақ газеттері» ЖШС-ның аймақтардағы өкілдіктері:
Бекжан Сүлейменов 8701-724-36-76 (Астана)
Шәрипа Бекмамбетова 8 (7132) 56-05-95 (Ақтөбе обл.)
Бектұр Төлеуғалиев 8(7292) 40-41-01 (Маңғыстау обл.)
Батырбек Мырзабеков 8701-498-12-80 (Қарағанды обл.)
Тілшілер:
Білал Қуаныш
Анар Дүйсенбекқызы
Динара Ізтілеу
Фототілші : Ғылымбек Әділханұлы
Беттеуші : Нұржан Мәделханұлы
Терімші : Бағдагүл Мұратқызы
Корректор : Ләйлә Темірбекқызы
Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде қайта тіркеуден өтіп, 2006 жылғы 4 маусымда №7345-Г куәлігі берілді.
«Ана тілі» газетінде жарияланған материалдардың авторлық құқы «Қазақ газеттері» ЖШС-ға тиесілі, жарнаманың мәтіні мен тіліне редакция жауапты емес.
«Ана тілінде» жарияланған материалдарды көшіріп немесе өңдеп басу үшін редакцияның жазбаша рұқсаты алынып, газетке сілтеме жасалуы міндетті.
Жарияланған мақала авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді. Газет авторларынан мақалалардың 5 беттен (14 кегль) аспауын, электрондық нұсқасымен қоса әкелуін сұраймыз. Қолжазба қайтарылмайды.
Газеттің терілуі мен бет қатталуы «Қазақ газеттері» ЖШС-ның компьютерлік орталығында жасалды. Индекс: 65367. Офсеттік басылым.
Газет «Алматы-Болашақ» АҚ-ның баспаханасында басылды. Тел: 242-32-88; 269-89-59.
Таралымы: 24 000.
Алланың аты аталатын газетті қадірлеп ұстаңыздар!
Мекенжайымыз: 059009. Алматы Қаласы, Абай даңғылы, 143, 6-қабат.
Редакция телефондары: 243-42-11 (қаб.бөлмесі/факс), 277-96-25, 245-61-46.
E-mail: anatili.gazeta@gmail.com
Cаламатсыздар ма,редакция ұжымы!Газеттің мына электронды бағдарламасы өте жақсы шығыпты.Осы сандағы әрбір мақаланы оқып риза болдым.Жұмыстарыңызға табыс,жеке бастарыңызға бақыт, бәріңізге жазар көбейсін деймін!Құрметпен, Жарқын Қоңырбайқызы! Мәскеу.11aқпан.2009жыл.
Ана тілі газетінің 2008 жылғы басылымдарын, сіздің сайтта қайдан қарауға болады.
Рахмет.
Cаламатсыздар ма,редакция ұжымы! Ана тілі газетінде жарық көретін мақалалар Қазақ ұлты үшін аса мңызды! Еңбектеріңіз жемісті болсын!
ИМАХАНБЕТОВА Райхан Сахыбекқызы,
Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің директоры,
филология ғылымдарының кандидаты
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ МУЗЕЙ-ҮЙІ
ХХ ғасырдың ұлы реформаторы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ ұлттық ғылымының негізін салушы, ақын-аудармашы, түркітанушы, лингвист-ғалым, репрессия құрбаны Ахмет Байтұрсынұлының Алматы қаласындағы музей-үйі 1993 жылы ұйымдастырылды. Бұл музей-үйдің ашылуының ерекше тарихы бар… 1988 жылы 4 қарашада Қазақ ССР Жоғарғы соты 51 жыл «халық жауы» деп нақақтан қараланып келген Ахмет Байтұрсынұлының іс-қимылынан қылмыстық әрекеттер табылмағандықтан тергеу барысы тоқтатылсын деп шешім шығарды.
Жоғарғы сот тарихи тұлға А.Байтұрсынұлын толық ақтағандығы туралы анықтаманы 1988 жылдың 21-ші қарашасы, оның жұбайы Бәдрисафа Байтұрсынованы ақтау анықтамасы 1989 жылдың 5-ші қыркүйегі күні, ал «халық жауының қызы» ретінде қудаланған Шолпан Ахметқызын ақтау туралы анықтама 1990 жылдың 25-ші маусымында берілген. Бұл ресми құжаттардың телнұсқалары музейдің сақтау қорында тіркелген, әрі көрме залында деректі құжатнама ретінде қойылған. Алаш арыстарының аяулы есімдерін ақтағаннан кейін сол жылдың желтоқсанының 28-і күні «Социалистік Қазақстан» (қазіргі Егемен Қазақстан) газетінде Қазақстан коммунистік партиясының Орталық комитетінің бюросы «М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытовтың творчестволық мұрасы туралы» олардың шығармашылық мұрасын зерттеу жөніндегі комиссияның қорытындысын жариялайды. Осы қаулыдан кейін ғалым мұрасының түпнұсқаларын іздеп, жинастыру және 1928 жылы Қазақ елінің астанасы Алматыда үлкен қызметтер атқарған қайраткер тұрған үйді табу жұмыстары қолға алынады.
1937 жылы А.Байтұрсынұлы репрессияға ұшырап ұсталғанда, оны Алматы қаласындағы үйінен алып кеткен… Бұл жөнінде ғалымның қызы Шолпан Байсалова алғашқы ахметтанушыларға берген сұхбатында айтады әрі әкесі туралы естелігінде жазады. А.Байтұрсынұлының бүгінгі күні мұражай болып ұйымдастырылған үйінде ғалымның өз отбасымен тұрғандығын Ахметтің замандас інісі, рухани шәкірті Міржақып Дулатовтың қызы Гүлнар және қазақ ұлтының тұңғыш стенографисті Қаралдина Данабике, оның сіңлісі Байқадамова Күнімжандар растап, куә болған.
Тарихи тұлға А.Байтұрсынұлының тұрған үйі табылғаннан кейін, Қазақстан Республикасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңына сәйкес 1992 жылғы 18 қыркүйекте қала әкімінің «Қалалық мәдениет басқармасы мен Сәулет бас басқармасының ҚР-ның Мәдениет министрлігімен келіскен Алматы қаласындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне ХХ-ғасырдың бас кезіндегі тарих және сәулет ескерткіші болып табылатын Космонавтар көшесіндегі № 60 үй-жайды қосу туралы ұсынысы қабыл алынсын» деген №413 шешім қабылдайды. Шындығында, Шолпан Ахметқызы, Гүлнар Міржақыпқызы, Данабике Қаралдина, Күнімжан Байқадамова және алғашқы ахметтанушылардың үлкен ізденістерінің барысында осы «тарихи ескерткіш» деп танылған үйді табу оңай болмағаны анық… Бұл жөнінде кезінде бұқаралық ақпарат құралдарында үлкен мәселе көтеріліп, өзекті мақалалар жазылды. А.Байтұрсынұлының «…Отаны өзінің өлең төсегі Ошағын» тұлға алдында өзін қарыздар санаған артындағы ұрпақтары жабыла жүріп, тапты…
1993 жылғы 18 ақпандағы қала әкімінің «Алматы қаласындағы Космонавтар көшесінің атын өзгерту туралы» №78 шешімімен 1962 жылдың 15 тамызынан бастап Космонавтар көшесі деп аталып келген, ұзындығы 4450 метр болатын орталық көшеге қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Осы жылдың 9 қыркүйегінде «Қазақтың халық ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйін ұйымдастыру туралы» қала әкімі аппаратының №360 шешімі шығады. Осы шешім негізінде А.Байтұрсынұлы көшесіндегі 60-үйді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Осы шараға жетекшілік еткен А.Байтұрсынұлының інісі Мәшеннің ұлы Самырат Кәкішев болатын. Самырат Мәшенұлы 1994 жылы 5 тамызда Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қоғамдық қор құрды. Қоғамдық қор 1994 жылы 25 қарашада ҚР-ның Әділет министрлігі Алматы қалалық Әділет басқармасында заңды тіркелді. С.Мәшенұлы – Байтұрсынның туған немересі. С.М.Кәкішев І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан Соғысы ордені, «Еңбек Қызыл Ту» (2 рет), «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. «Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген құрылысшысы» құрметті атағының иегері. Қазіргі күні қоғамдық қордың төрағасы Байтұрсынов Серік Самыратұлы. Музей-үй 1,5 қабатты, төрт бөлме және бір бөлмелі жертөледен тұрады. Оның үшеуі – көрме залы, бір бөлмесі – ахметтану дәрісханасы. Жертөле – мұражай мен қоғамдық қор қызметкерлерінің кеңсесі. Музей-үйдің қорында ғалым өмірі мен шығармашылығына қатысты 500-ге жуық деректі ресми құжаттар, 300-і мемлекеттік мұрағаттан алынған телнұсқалық құжаттар, 12 жеке суреті, 27 ұжымдық деректі суреттер бар.
«Ұлттық рухымыздың ұлы тіні» деп аталатын 1-залда ғұлама ғалымның егеменді ел ұрпақтары тарапынан марапатталған «Ана тілдің айбары» белгісі (түпнұсқа, 1999 ж), онда: «Ахаң рухы мәңгі өлмейді» деген сөздер жазылған, «Ғасыр саңлағы» (көшірмесі, 1999 ж.; түпнұсқа– А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің мұражайында) медалі қойылған. Бүгінгі күні ғалым атында түрлі медалдар бар. Мәселен, жоғарғы оқу орындары қауымдастығы тағайындайтын алтын, күміс, қола медалдары оқу-ағарту ісі саласында елеулі еңбек еткен тұлғалар, ең үздік оқулықтар, ғылыми-зерттеу жинақтар, жекелеген монография авторлары марапатталады. А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті тарапынан тағайындалған «Құрмет» медалі тікелей ғалымның шығармашылығын зерттейтін ұжымдар мен жекелеген ғалымдарға беріледі. Бұл медалдардың түпнұсқалары осы залда экспонат ретінде қойылған.
2-зал «Қазақ санасының шамшырағы» деген тақырып аясында ғалымның мектептегі күндерінен бастап, қазақ елін қалыптастырудағы өмір жолдары мұрағат құжаттары негізінде толық қамтылған. Мұнда Ахмет оқыған орыс-қазақ мектебі, Ахметтің Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіргенде берілген куәлігі (телнұсқасы), Ахмет әнге қосқан Ақкөлдің суреті, Ахметтің әкесі Байтұрсын мен үлкен ағасы Қалидың басына орнатылған қорымның суреті ілінген. Зал көрмесінде А.Байтұрсынұлының төл туындыларының телнұсқалары: «Қырық мысал», «Маса», «Оқу – құралы» (3-кітап); «Тіл – құрал» (3-кітап), «Баяншы»; «Әліпби»; «Ер Сайын»; «Әліппе – астар»; «Сауаташқыш»; «23 жоқтау»; «Әдебиет танытқыш»; «Тіл – жұмсар» (2-кітап) оқулықтары қойылған. Осы кітаптардың әр жылдары жарық көрген басылымдарын есептесек, А.Байтұрсынұлының 17 туындысы – 46 рет жарияланым көрген. Кітаптардың түпнұсқалары ҚР Ұлттық кітапханасының сирек қорлар бөлімінде тіркелген әрі сақталған.
2-залдағы маңызды құжаттың бірі ғалымның жары Бәдрисафаның Дала губернаторына жазған – «Жеделхаты». Ресми хат 1909 жылдың 5 тамызында жолданған. Б.Байтұрсынова хатында: «…менің күйеуімнің жазығы жоқ» деп, патша ағзамнан рақымшылық сұраған. Бұл құжат Ахмет пен Бадрисафаның қай уақытта тұрмыс құрғандығының дәлелі. Өйткені, кейбір зерттеушілердің мақалаларында «оларды түрмеден шыққаннан кейін үйленді» деген жаңсақ пікір айтылып, жазылып келді. А.Байтұрсынұлының жұбайы Бәдрисафаның шын аты – Александра, әкесінің аты – Иван. Оның әкесі Қазақ жеріне аласапыран тұста Орал жақтан Қостанайдың Аманқарағайына қоныс аударған, Қостанай өңіріне қарасты Әулиекөл деген жерде қорықшы болып, отбасын асыраған. Нәсілі орыс Александраның мұсылман дінін қабылдаған. Осы залда А.Байтұрсынұлының мемлекеттіктік қызметтер атқарғанда өз қолымен толтырған сауалнамалары (анкеталар) қойылған. Осы құжаттарда А.Байтұрсынұлы туған жылын 1872 деп, туған күнін қыркүйектің 5-і деп жазады. Демек, кейбір оқулықтар мен жинақтарда беріліп жүрген – 18.01.1873 жыл деген дата дұрыс емес.
Құнды экспонаттар: Қаламсауыт – 1; Мөртаңба – 1; Бұрыштама белгі – 1; Сиясауыт – 1, бұл заттарды жеткізуші: Бектемісов Самат Ғалымжанұлы, ол Ахметтің жиені, Байтұрсынның үлкен ұлы Қалидың қызы Сәкеннің ұлы.
Ғалымның өз қолымен толтырған «Өмірдерегі» (түпнұсқа), құжатты ғалым Қазақ мемлекеттік университетінде профессор лауазымымен қызмет атқарған тұста толтырған. 1926 жылы жазған «Мәдениет тарихы» деген кітабының макеті. Кітап үшке кесілген. Бұл кітап сол тұстағы большевиетік партия цензурасынан өтпеген. Яғни, кітаптың үлкен тиражбен шығып, таратылуынан тыйым салынған. Себебі, осы кітапта А.Байтұрсынұлы нақты деректермен қазақ жұрты мәдениетінің қалыптасу тарихына тоқтала отырып, орыс жұртының мәдениеті бұратана саналатын қазақ еліне мәжбүрлі түрде таңылып келе жатқандығын және қазақ медреселерінің орыс мектебіне, қазақ мешіттерінің орнын шіркеулер басып бара жатқандығын жазған. Бұл ғалымның соңғы кітабы. Кітаптың түпнұсқасы сақталмаған.
3-зал «Саяси қуғын-сүргін құрбанының тозақты күндері» деп аталады. Саналы өмірін қазақ жұртының тілі, діні, ділі, жері жөніндегі жұмыстарға арнаған тарихи тұлға, өз өмірінде 5 рет сотталып, екі рет жер аударылған. Бұған дәлел құжаттардың телнұсқа-көшірмелері осы залда орналастырылған. Сонымен қатар, мұнда тұлғаның осы үйден ұсталғандығы туралы «қамау жөніндегі құжаттың» (ордер) телнұсқа-көшірмесі және ғалымның түрмедегі атылар алдындағы суреті қойылған. Саз кірпіш пен күл-топырақ – Торғай елінен, Ахмет дүниеге келген Байтұрсынның қыстауынан әкелінген. Ондағы мақсат – туған жерінен топырақ бұйырмаған ғалымның «сар даланың ұлылығын, бабалардың ұлы үнін ұлықтаған ата баласы емес, адамзат баласы болып қалыптасуына негіз болған тәрбиенің төркіні – дала даналығы бабалар екендігін көрсету».
Үшінші залдан біз қайта бірінші залға ораламыз. Залдың оң қапталында А.Байтұрсынұлы ұстанған мүліктер: Сандық. Жеткізуші: Хабиқызы Бибі, (Бибінің анасы Мағрипа Елубайқызы 1927-29 жылдары Ахметтің отбасымен сыйлас болған); Қолшемодан. Жеткізуші: Отарбаев Жанкелді, ғалым. Ақын-ғалым Оспанов Серікбайдың жеке қорынан алынған.
Ғалымның шығармашылық мұрасы келешек ұрпақ тәрбиесіне қажетті өзекті тақырып деп табылып, зерттеу нысанына айналды. Мәселен, 1992 жылы Ө.Әбдіманов «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби-публицистикалық қызметтері», 1994 ж.Т.Шаңбаев «Мысал жанрының стилі мен тілі» (Ахмет Байтұрсынұлы 40 мысал), Б.Момынова ««Қазақ» газеті қоғамдық саяси лексика», 1995 ж. А.Қыдыршаев «Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік мұрасы», 1996 ж. Н.Машқанова «Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ жазуының реформаторы», 1998 ж. Қ.Сақов ««Қазақ» газетіндегі ұлттық саяси мәселелердің жазылуы», 1999 ж. Р.Үсембаева «Ахмет Байтұрсынұлы мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу», 2000 ж. Б.Иманбекова «Ахмет Байтұрсыновтың тәлімдік ой-пікірлерін педагогикалық колледждердің оқу тәрбие үрдісіне енгізу жолдары», 2001 ж. К.Ыбырайжанов «Ахмет Байтұрсыновтың білім жайлы педагогикалық мұралары», 2002 ж. Ж.Байтелесова «Қоғамдық сананы қалыптастырудағы Ахмет Байтұрсынұлы публицистикасының ролі», 2006 ж. Р.Имаханбетова «Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяны, шығармашылығы (мұрағат құжаттары негізінде)», 2007 ж. Ұ.Еркінбаев «Ахмет Байтұрсынұлының Әдебиеттанытқышы ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде» атты кандидаттық диссертациялық еңбектер қорғалды.
Тәуелсіздік кезеңнің ғалымдары: К.Нұрпейісов, М.Қозыбаев, З.Ахметов, Ғ.Ахмедов, Т.Қожакеев, Ш.Елеукенов, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Ж.Ысмағұлов, Р.Нұрғали, Р.Сыздықова, Ө.Айтбаев, М.Қойгелдиев, А.Ісімақова, Т.Жұртбай, М.Құл-Мұхаммед, С.Өзбекұлы, Д.Қамзабекұлы, Қ.Мәдібаева, Ө.Әбдіманұлы, С.Қалиев, Ж.Смағұлов т.б. монографияларында А.Байтұрсынұлының шығармашылығы мен қоғамдық қайраткерлігіне қатысты деректер қамтылып, ғалымның ғылыми мұрасы зерттеу объектісі ретінде арнайы қарастырған.
Ғұлама ғалымның мұрасына қатысты 2000-дай ғылыми-зерттеу мақала, 40-қа жуық монография, 5 халықаралық ғылыми конференция материалдары, 10 республикалық ғылыми конференция материалдары жарық көрді. Бұл жинақтардың барлығы музей қорында бар. Ғалым мұрасына қатысты жүргізілетін шығармашылық және қоғамдық жұмыстарды қадағалап отыратын, профессор-ғалымдардан жасақталған Ғылыми кеңес бар. Музей-үй жанынан 500-ге жуық кітап, 250-дей әдеби журналдар, 100 шақты түрлі конференция материалдары және апталық газет тігінділері қамтылған кітапхана жұмыс істейді. Мұражай мен Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасы тарапынан «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» атты ғалымның туған күніне орай өткізілетін дәстүрлі шара қалыптасқан.
Қазақ халқының рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында төмендегідей шаралар іске асырылды:
- Ұлттық Ғылым академиясы Тіл білімі институтына А.Байтұрсынұлы аты берілді;
- Костанай облысы Жанкелді ауданының «Южный» совхозына А.Байтұрсынұлы аты берілді;
- Шымкент қаласындағы № 50 орта мектепке А.Байтұрсынұлы аты берілді (1992 ж.);
- Қызылорда қаласының бір көшесі мен бір орта мектебіне А.Байтұрсынұлы аты берілді;
- Қостанай, Арқалық, Семей қалаларының бір-бір көшелеріне, Торғай ауылының бір көшесіне А.Байтұрсынұлы аты берілді;
- Ғалым қызмет еткен Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының ғимаратына мемориал тақта орнатылды (1991 ж.);
- Ана тілі апталық газеті «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деген ғалым ғибратын және тұлға бейнесімен Қазақ газетінің жалғасы ретінде қайта санатқа қосылды (1991 ж);
- Космонавтар көшесіне А.Байтұрсынұлы аты берілді (1993 ж.);
- Алматы қаласындағы 139 қазақ орта мектебіне А.Байтұрсынұлы аты берілді (1993 ж.);
- А.Байтұрсынұлы көшесі бойында орналасқан Қабанбай батыр мен Жамбыл көшелері арасындағы алаңқайға есімі берілді (1998 ж.); «Қазақ» (1913-1918 ж.ж.) газетінің жалғасты саны шығуда (2004 ж.);
- Абай атындағы Қазақ педагогикалық университеті жанынан ғалым атындағы «Алаш» ғылыми-зерттеу орталығы (2008 ж.) ашылды.
2005 жылы «Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы экспозициясының ғылыми тұжырымдамасы және тақырыптық-экспозициялық жоспары» қайта жасалып, музей-үй қоры жаңа экспонаттармен толықтырылды. Сол тұстағы қала әкімі И.Н.Тасмағамбетовтың тікелей басшылығымен музей-үйге күрделі жөндеу және қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Қорыта айтқанда, ғұлама ғалымның егеменді ел ұрпақтары тарапынан «Ана тілдің айбары» (1999) белгісімен, «Ғасыр саңлағы» (2000) медалімен марапатталуы тарихи тұлғаның ұрпағымен мәңгі жасайтынын паш еткендей. Ұлттық рухтың ұлы тіні, ұлттың рухани көсемінің артында қалған мұрасы, «тірі көзіндей болған мұражайын» қаз-қалпында сақтап, мемлекеттік дербес қамқорлыққа алып, қаржыландыру – бүгінгі салауатты ұрпақтың парызы, сауапты ісі деп түсінеміз.
Суреттер: 1).Музей-үйдің сыртқы көрінісі; 2).А.Байтұрсынұлының ескерткіші; 3).Мұражай экспонаттары; 4).Ғылыми кеңестің кезекті мәжіліс үстіндегі суреті.
Байланыс тел.:2921089,87013296402
Еңбектеріңізге әрдайым табыс тілеймін. “Ана тілі” - ұлттың жанашыры. “Ана тілі” - қазақтың бетпердесі. Оқыған сайын риза боламын. Саралы сөз, салиқалы пікірімен танылған басылым. Осы биіктен көріне беріңіздер!
Даниял Қызырұлы, Кереку. 30 сәуір, 2009 жыл.
Ғашықтық деген бір сиқыр… («Мөлтек сыр» айдарына)
Сүю дегеннің шын қуаныш, әрі адамды құлазытып уайымға батыратын сезім екенін өзіңе ғашық болғанда түсінген сияқтымын. Сыртынан сүйіп жүріп, алайда жеткізе алмау да тым қиын екен. Бар дүние ұмтылып, тек өзіңе ғашық болғанымды ауыз бен айтып жеткізе алмадым десем, кейбіреулер артық айтты деуі мүмкін. Ал шын мәнінде солай. Сенің сыңғырлаған күлкің, әрбір айтқан сөзің жан-дүниеме ерекше бір серпіліс беріп тұратын. Сүйген адамыңның алдында дәрменсіз болып қалуда оп-оңай екен. Бірақ, бірақ мен оған мүлде сүйгенімді білдірмеген секілдімін. Онымен мүлде ғашық болып тұрмаған адамдай сөйлесе беретінмін. Яғни оған деген сезімді көңіліне ұялатқан жоқпын. Сондықтан да ол ертеңгі күні осыны оқыса кейіпкері менмін деп ойламауы мүмкін. Әрине, сәл сыр білдіруге тырысып, әңгімеге тартып, оңашада ақ қағаз бен сияны серік етіп тұңғиық ойға батқан күндерім болды. Мен оған әлі де ғашық сияқтымын. Сияқтымын емес, ғашықпын! Неге екенін қайдам сезімімді білдіруге асықпаймын. Әйтеуір бір реті болар деймін. Ал кейде реті болмай қалса ше, бәлкім оның өз сүйгені бар шығар деген ойлар да санама тыным бермей қояды.
«Ғашықтықтың дертпен тең екенін» өзіңді шын сүйіп ұғындым. Сені көктемнің қырда жайқалып өскен қызғалдағындай аялағым келеді. Әрдайым күлкі үйіріліп жүретін жүзіңнен төгілген жылылықта өзіне магниттей тартып тұрады. Сенің тартылыс күшің менің көңілімді өзіңе күн сайын жақындататын секілді.Ия, солай…. Мүмкін сен мені сүймейтін шығарсың, бірақ мен өзіңе ғашықпын. Ғашық болмағандар өмірді сүйе алмайды ғой. Сондықтан мен ғашық болғаным үшін бақыттымын. Ертең де барып екеуіміз біріміз бен біріміз кәдімгі қарапайым адамдардай араласып кетеміз.Ал сен солай менің өзіңе ғашық екенімді білмей жүре бересің. Сен мені күнде көріп жүрсің…
Абай Аймағамбетов
ҚазҰУ-ң журналистика факультететінің1 курс студенті
Құрметті, Ана тілі!
Мен сіздің оқырманыңызбын. Аты-жөнім: Рзабаева Сәуле Әкімгерейқызы.
Ақтөбе қаласында №53 мектепте мұғаліммін.Сізге ұзақ ғұмыр тілеп, шығармашылық табыс тілеймін.Ана тіліміз – қазақ тілінің абыройы асқақтай берсін !
Ана тілім
Маңғаздау, кербез даламның биік белдері,
Алатау асқар сан ғасырлардың іздері.
Бабамнан қалған ана тілімнің жалғасы,
Ұлы тарихтан алуан сырды шертеді.
Шабыттың мініп талай да талай тұлпарын,
Дарабоздарым ойлады-ау әркез ұрпағын.
Елім мен жерім,тілім мен ділім , дәстүрім.
Қанымен келген нелер бір боздақ, сұлтанның.
Мұрасы болған,ұраны болған бабамның.
Намысы болған.тынысы болған анамның.
Қыз Жібек атқан, зулаған бейне жебедей,
Ана тілім-ау, шала тілдерге қадалғың.
Қара қазан
Анам байғұс біздер үшін жүдеген,
Қара қазан жіберіпті-ау сол елден.
Қара қазан тарихының тағдырын,
Анам байғұс жыр етеді сыр-шермен.
33-тің аштығында бұл қазан
Сазан балық етіменен майланған.
Кейбір келін қадіріне жете алмай,
Қара қазан күл-қоқысқа айналған.
Қара қазан қадірлілеу басқадан.
Сырын ұғын тапсырамын тек саған,
«Кәкір-шүкір жинай беріп қайтесің»
Кейбіреудің дегенінен жасқанам.
Әкең марқұм «Қан мен терді» білетін,
Астына сап жастығының,
қайта оқып жүретін.
Қара қазан несібесін ұғынып,
Қасиетін,қызым,өзің білерсің.
14 Наурыз қазақтың нағыз жаңа жылы! Бірақ Алматы облысы Қызыл ағаш ауылындағы сұмдық су тасқынынан кейін қандай мереке? Тез-тез әкімдер боллсын көрші ауылдар болсын көмек берілеріміз керек! Азық-түлік, баспананамен қамтамас етуіміз керек! ОБСЕ-ге басшылық еткеніміз қайтейік, бір БҰҰ-нан немесе тағы басқа жерлерден көмек жоқ! Ел басылары, қарттар, ақсақалдар немесе ер азаматтар қайда?
Сәлеметсіздерме?Мен сіздердің газеттеріңізге мақала жазғым келеді.Қандай тақырыпқа мақала жазуға болады?
Тілмен жағалас
Базарбай Иман
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі
Махамбеті өзіңсің
(Мұхтар Шахановқа)
Тәуелсіздік күшке қуат,
Бойға жігер сезімсің.
Жаңа қазақ, шала қазақ,
Заман жүгін сезінсін.
Желтоқсанның лапыл желі,
Дүрліктіріп әлемді.
Алғашқы рет, ашты арайлап,
Тәуелсіздің көзін шын.
Келді бүгін ел алдына,
Түлеп шығар кезең шын.
Көре алмаған, ере алмаған,
Қадамыңда езілсін.
Жаңа қазақ, шала қазақ,
Мас күйінде жүргенде.
Желтоқсанның туын ұстап,
Дара шапқан Көзірсің.
Жүрегіңде жалын барын,
Арың барын сезіндім.
Ар алдында, дар алдында,
көрдім сенен жолбарыстың көзін шын,
Арал мен де арпалысып,
Желтоқсанды жарқыратқан.
Жолбарыстың жанарынан,
Без бүйректер безінсін.
Қазақ тілін көтеретін,
Дара тұлға төзімшіл.
Бұрында да, Қазірде де,
Депутатым өзің шын.
Тайма жолдан, мұратыңнан,
Шыңына шық-көз ілсін.
Мұхтар аға! Тірі ақынның,
Махамбеті,- өзіңсің.
Тілі Жоқтың, жұрты жоқ
Сөйлер сөзің болмаса,
сенде бір жоқ пендесің,
Лапылдаған отты кеш,
бұл дүниеге келгесін.
Тіл мерейін көтеру,
ел мерейін көтеру,
Тілі жоқтың, жұрты жоқ,
Алла сені емдесін.
Киелі қазақ елің бар,
Ұлан байтақ жердесің,
Елге деген махаббат,
жүрегіңде селдесін.
Ар-намысты ардақтап,
жан-жағыңа көзің сал,
Алла саған ашып тұр,
тіл мен діннің көрмесін.
Ақ көңілмен ниеттен,
Алла берер бермесін,
Ібіліс қой уақытша,
құрып қойған кермесін.
Отанның тіл мерейі,
көктен күліп тұрмаса,
Ақсаңдаған ол елді,
қашқан құлда көрмесін.
Мақтан тұтар елің бар,
кеңнен салған іргесін,
Жарата біл басыңа,
Үлдесі мен бүлдесін.
Өз еліңде алшаңдап,
өз тіліңді асқақтат,
Қазақия-Отаның,
Мәңгілікке біргесің.
Басқа пәле тілден
Халық айтқан «басқа пәле тілден»-деп,
Тіл дегенің жер бетінде мүлдем көп
Өз ұлтының тілін еркін сөйлемей,
Өз еліңде жүру күнә дірдеңдеп.
Өз тіліңнің түсінбесең түбірін,
Ел алдында естілмейді дүбірің.
Өзге тілде шешендіктен не пайда,
Өз тіліңнің көтермесең тұғырын.
Туған тілің азаматтық намысың,
Намысыңды қорғау олда табысың.
Туған елде хан сайланса туған тіл,
Күрескені әр азамат ар үшін.
Көсемдікте, шешендікте, тілменен,
Талай дауды әділ сөзбен күрмеген.
Оты сөніп бара жатса елінің,
Алмас тілмен Бабам отын үрлеген.
Туған елде туған тілім қинады ау,
Әр адамға парыз оны бұйдалау.
Өз елінде сойлемеген өз тілін,
Көрер көзге өз Отанын силамау.
Тілсіз халық ел болмас
Құрметтесең ұлтыңды,
Көтергенің жұртыңды.
Сөйле туған тіліңде,
Өзге тілің бір түрлі.
Айналайын қарағым,
Тіл-деп, кепсін тамағың.
Ана тілдің жолында,
Қатулынсын қабағың.
Ұстай білсең тіліңді,
Ұстағаның дініңді.
Тілсіз, дінсіз ел болмас,
Екендігі білінді.
Тілсіз халық, ел болмас,
Тілін білмес ем қонбас.
Жанашыры тілімнің,
Көтерейік кел қолдас
Кешігуге хақың жоқ
Өз елімде өркендеген өркенім,
Өз елімде еркелетер ерке күн.
Өз елімде шар тарапқа шарқ ұрып,
Өз елімнің мұңын жырын шертемін.
Өз тіліңің ойлай қойсаң ертеңін,
Тіл- ағашты шайқалтпайды жел тегін.
Тілге-қадам, тіл-нысана, тіл-тұғыр,
Тіл-сапарда төгілмейді тер тегін.
Тіл тағдыры тұтанып тұр, өрт елім,
Тілдің мұңы өзегімді өртедің.
Өз еліңде алшаң басып жүре алмай,
Таба аларма Баба тілім дерт емін.
Жоңғар-тілге қарсы шапқан мерт ерім,
Туған тілім неғылған сен дерт едің.
Нағыз қазақ, қазақ емес-домбыра,
Күй шалқытса тітіркентер «Серпер» ім.
Жұтқан ауаң, ішкен суың, жер тегін,
Тіл-тұлпарға мінсең қалқам ерте мін.
Сойле бүгін, кешігуге хақың жоқ,
Ертең саған дес бермейді келте күн.
Бабамның тілі
Бабамның тілі балғын тіл,
Бабамның діні жарқын дін.
Бабамның тілін сөйлеген,
Буырқынғаны даңқымның.
Бабамының тілі ұлы тіл,
Бойыма қуат жылы тіл.
Бабамның тілін білмесең,
Былдырламай құрытыл.
Бабамының тілі нұр берген,
Бауырыңа толы жыр берген.
Байқамай бірақ сөйлесең,
Бабаның тілі сұр мерген.
Бабаның тілі бағытың,
Басқа қонар бақытың.
Бабаның тілін сөйлесең,
Басқа қонар жақұт үн.
Бабамның тілі мұнарлы,
Бабамының жері құнарлы.
Бабамның салт-дәстүрі,
Бойымда мәңгі тұмарлы.
Қазақтың тілін білмесең
Қазақ болып туылып,
Қазақ тілін білмесем.
Шалқаймақ түгіл жердін де,
Қадам басып жүрмес ем.
Ақ білектің күшімен,
Көк найзаның ұшымен.
Қорғаған жерін бабамның,
Баспақ түгіл кірмес ем.
Бықсық лаулап жанады,
Өшіріп алмай үрлесең.
Қазақтың тілі майлы тіл,
Сүрлеуін тауып сүрлесең.
Қазақтың салт-дәстүрі,
Ақындардың айтысы.
Жүрекке қандай жағымды,
Той думаны жыр кешен.
Қазақ болып туылып,
Қазақ тілін білмесең.
Асан қайғы бабаның,
Жел-маясын желме сен.
Қазақтың тілін білмесем,
Тілдесең мені тілде сен.
Қасқыр тілді қазаққа,
Күшік болып үрмес ем.
Ана тілінде
Сөйлер болсаң сөзіңді,
Сөйле ана тілінде.
Ойлар болсаң ойыңды
Ойла ана тілінде
Жырау болсаң жырыңды,
Жырла ана тілінде.
Жазар болсаң жырыңды,
Жазғын ана тілінде.
Сазгер болсаң сазыңды,
Сөйлет ана тілінде.
Сәулетшінің салғаны,
Сәнді ана тілінде,
Құштар болсаң білімге.
Оқы ана тілінде,
Шұбар ала сөйлесең.
Сөйлеймін деп бүлінбе,
Көпшіліктің алдында.
Оқыс сөйлеп сүрінбе,
Салт-дәстүрдің бәрі де.
Сәнді ана тілінде,
Тамағыңда пісірген.
Дәмді ана тіліңде,
Шежіре тарих айтылған.
Мәнді ана тілінде ,
Дастарханның басында .
Ұрпақ болса қасыңда,
Сөйлес ана тілінде.
Ертең үшін көзің сал,
Кешегің мен бүгінге.
Көзіңді аш қарағым,
Тарихтарға жүгінде.
030004
Меке жай: Ақтөбе қаласы
Қарғалы ауылы Қарғалы көшесі. 14-3
Саламатсыздар ма?!Маган 1994 жылы жарык корген “Казак шежиресi”керек еди.Сол кiтап барысында сiздiн деректерге суенiп жасалган деген. Kiтап авторы Жарылкап Бейсинбайулы.
осындай газеттің бар болғанына шүкір қуанамын
Мен өзім тілші болғым келеді, көкейтесті тілегім - журналист болу! Жасым 17-де, сол себепті тілші өміріне қазірден бастап-ақ араласқым келеді. Мақала жазып жүрмін, осы мақалаларымды сізге электронды пошта арқылы жіберсем газетте жарялана ма? рахмет