Хабарландыру
18-Қыркүйек. 2009
Құрметті «Ана тілі» газетінің оқырмандары!
«Қазақ газеттері» ЖШС мен оған қарасты газет-журналдардың телефон нөмірлері жаңа сандық жүйеге көшкені туралы хабарлаймыз.
«Қазақ газеттері» ЖШС-ның қабылдау бөлмесі: 394-42-90, факс: 394-42-60
Бас бухгалтер: 394-42-42, 394-42-77
Бас менеджер: 394-41-27
«Ана тілі» газетінің қабылдау бөлмесі: 394-42-46
«Экономика» газеті: 394-41-29
«Ұйғыр авази» газеті: 394-41-62
«Ақиқат» журналы: 394-42-63
«Мысль» журналы: 394-42-62
«Үркер» журналы: 394-41-34
«Қазақфильм» киностудиясының режиссерлері мен продюсерлерінің назарына.
Мен Қыдыралиев Алпамыс Қызылорда қаласында оқып жатырмын, жасым 19-да студентпін. «Қазақфильм» киностудиясының режиссерлері мен продюсерлеріне жазып отырғаным, болашақта киноға түссем деймін, бойымда актерлық қасиеттер бар. Американдық «Оскар» киноакадемия жүлдесіне ұсынатындай кино түсірсеңіздер деймін.
Бүгінде мына өзімізді шет елдерге таныстыру кезінде қойылатын мақсат біреу-ақ деп ойлаймын ол: өскелең ұрпақтың рухын шыңдайтын, қазақ болып туғанын мақтан ететіндей дүние келтіру.
Шетелдіктер қайдан білсін біздің жылқыны ең алғаш қолға үйреткенімізді, аспан әлемінің қожасы қыранды қолға ұстап аңға салатындығымызды, қазіргі скрипканың атасы қобызды ойлап шығарғандығымызды, екі ғана ішекті домбыраны ойлап шығарып күй арқылы түсінісе беретіндігімізді, әп-сәтте әнін, сөзін, мағынасын, ұйқастығын топтай салатын, басқа бірде бір халықта жоқ айтысымыздың бар екендігін, Қобыланды, Алпамыс, Ертарғын, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Жәнібек, Барақтар сияқты батыр ерлеріміздің, Отан үшін жандарын қиып қыршын кеткен Әлия мен Мәншүк сияқты батыр қыздарымыздың бар екендігін, жауласқан екі елді бір-ақ ауыз сөзбен татуластырған Төле, Әйтеке, Қазыбек сияқты билеріміздің бар болғандығын. Осы тізіп шыққан жақсылықтарымыздың бәрі бір-бір кино емес пе. Керемет фильм көргіш бауырларыма және де не жазсам екен деп жүрген драматург, не қойсам екен деп жүрген режиссерлерге ой салған болар деймін.
Бәріміздің илеп жүргеніміз бір терінің пұшпағы болғандықтан әлем халықтары қазақ болып тумағанына өкінетін, ал өзіміз қазақ болып туғанымызға мақтанатын уақытқа жетейік дегім келеді.
Байқоңыр қаласы
Қыдыралиев Алпамыс
тел: +7 777 451 49 90
a_l_p_a_m_y_s@mail.ru