«Алаш» тарихи-зерттеу орталығы шығарған «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» «Табын» кітабының II томының екінші кітабының (Алматы, 2006) 176-бетінде: «Құлатай руындағы екінші аталық – Кедейқұл. Бұл аталық атауы XIX ғасырдың бірінші жартысындағы, XX ғасыр барысындағы орыс деректерінде Жылқышы бөлімшесіндегі жеке ру ретінде көрсетіледі. XX ғасыр барысында Кедейқұлға жататын аталықтар Орал уезі, Жирен қопа болысының № 8 әкімшілік ауылында өмір сүрген.
Шежірелерде Кедейқұлдан – Құлша, Олжабай, Сатыпалды атты үш ата таратылды.
Қазақ шежірелері Кедейқұлдың төртінші ұлы ретінде Қара батырды атайды. Біз оның қате екенін Жиембет руына берген сипаттамада айтып өттік», – деп жазылған.
Мақала толығымен…
Пікір
Қаламдас, пікірлес іні, ағайын-дос туралы ой өрбіту, бір жағынан, оңай, өйткені өмірдің көп бөлігін үзеңгі қағыстырып, иық теңестіре өткізгеннен кейін сыралғы болып, тонның ішкі бауындай біте қайнасып кететінің бар, екінші жағынан, қиын, қай қияға салсаң да тайсалмай төтелейтін тарландардың сегіз қырынан бір сырды суыртпақтай тартып, оқырманның алдына жайып салу безбен аңдыған Самарқан сарты сынды сұңғыла болмақты меңземей ме?! Он ойланып, тоғыз толғанған түйіннің салмағы таразыға тартқанда кезекті кейіпкеріңнің шынайы болмыс-бітімінен һәм дүнияуи дидарынан батпандап кем соғып жататыны қаламгер шеберлігінің кемшінінен емес, қаһарман хақындағы біліп, сезініп, түйсінгендеріңнің ақ қағаз бетіне әмсе мысқалдап түсетіндігінде ғой. Сондықтан тіліме тиек болғалы отырған қаламдас дос-інімнің салиқалы санаткер ретіндегі бейнесін солдырмай, бояу-бітімін оңдырмай сомдай алсам, тоқмейіл майталманның күйін кешер едім.
Мақала толығымен…
Әріптес туралы сөз
«Егер маған Алладан басқа тағы бір дос таңдау мүмкіндігі берілсе, мен Әбу Бәкірді таңдар едім». Пайғамбарымыз салла Алаһу алейһи уәс сәләмның осынау бағасына сай, Әбу Бәкір-Сыдықтың Исламдағы әрбір қадамы ерен ерліктерге толы болды. Сөз жоқ, ол ерліктер Алла және Оның Елшісіне (с.а.у.) деген алғашқы халиф Әбу Бәкірдің терең махаббатынан туындап жататын.
Мақала толығымен…
Таным
Күз келді! Көгілдір экранға көз тігіңіз! Елдің ықыласына бөленген «Еларна» арнасынан «Шіркін, Life!» реалити-шоуы экранға жол тартады. Бұл жоба несімен ерек? Әнші Алмас Кішкенбаевтың қой қырқып, шөп шауып, кірпіш құйғанын көргіңіз келе ме? Я болмаса қалада өскен ақсаусақ, әкесінің ерке қызы Динара Қырықбаеваның сиыр сауғанын көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ақылбек Жеменей ат ерттейді, Әйгерім Қалаубаева жүн түтеді, Бейбіт Қорған қамшы өреді… Иә, олар құрт та жаяды, нан да пісіреді, қазы да айналдырады, кесте де тоқиды… Қызық па? Ендеше, құр қалмаңыз!
Мақала толығымен…
Көзайым

«Алтын алма, білім ал» дейді атамыз қазақ. Бүгінгі заманда білімсіз болсаң жаһандану атты аждаһаның аранына түсіп кетерің анық. Сондықтан Үкімет тарапынан да, Елбасы тарапынан да жыл сайын білім, ғылым саласына айтарлықтай көңіл бөлінуде. Еліміз іргесін көтеріп, еңсесін тіктегелі сан түрлі реформалауға түскен білім жүйесі енді ғана бірізділікке түсе бастағандай болды. Жыл сайынғы оң өзгерістер мен игі бастамалар осы саланың одан сайын өркендеуіне жол ашып келеді. Міне, артта тағы бір жыл сырғып қалды. Ендеше, биыл білім саласында не өзгеріс?
Мақала толығымен…
Көкжиек
Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. «Көптің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам бастағанына 15 жыл толды. Ата Заңымыз – мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Мақала толығымен…
Конституцияға - 15 жыл
Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлейін деп ойладым.
Байды қадірлеймін десең, бай жоқ. Бай болса өз басының, өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды: жалынтып бердім деп. Ақымақтығынан. Жоқ, өзі жалынып беріп жүр. Қайыр да емес, мырзалық та емес, өз елімен өз жерімен ойраңдасып, ойсыздарға қойнын ашып, малын шашып жүр. Кей байлар, елдегі құттылар, сүттілер берекелесе алмаған соң, кеселді қулар көбейіп кетіп, көп қорқытып, іздеген нәрсесі жоқ, еріксіз кім болса соған жеміт болып жүр. Мақала толығымен…
Тағылым
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі тарапынан Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылау жүйелі қолға алынуда. Осы мақсат төңірегінде Тіл комитетінің атқарып жатқан шаруасы да ұшан-теңіз. Құзырлы орындардың мұндай игілікті қадамына қалың жұртшылықтың ризашылық білдіріп жатқаны даусыз. Дегенмен сөз бен істің, мақсат пен нәтиженің тоқайласар тұсында айтылатын әңгіменің де жүгі ауыр болмақ. Бұл, әсіресе, тиісті мекемелердің мемлекеттік тіл үшін істеген нақты жұмыстарына байланысты.
Мақала толығымен…
Біртүйер
Қазақта ежелден жерін жаудан, елін езгіден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғап, ел қорғаны болған ерлер көп. Батырлық – қазақтың қанына біткен қасиет. «Малын – жанының, жанын арының садағасы» санаған қазақ қай кезде де жауға қасқайып қарсы тұрған. Ұлан-ғайыр атырап сол арда азаматтардың арқасында бүгінгі ұрпаққа мұра болды. Сол қаһармандардың басынан өткерген қилы-қилы оқиғалар бізге «Батырлар жыры» арқылы жетті. Соның бірі – «Ер Тарғын» жыры. Ендеше, елден ерен туған Тарғын жайлы біз не білеміз?
Мақала толығымен…
Таным
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында болды.
Елбасы Солтүстік Қазақстан облысында болғанда ең алдымен Петропавл қаласында пайдалануға берілген емханаға ат басын тіреді. Бұл нысан «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша бой көтерді. Мұнда бір маусымда бес жүздей науқас ем-дом қабылдайды. Емхананы салуға республикалық бюджеттен 1 миллиард 361 миллион теңге бөлінді. Мақала толығымен…
Елбасы және ел мұраты