Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Qazaq gazetteri TV
  • 20 Мамыр, 2021

Таңбалы түні

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Халықаралық музейлер күні қарсаңында  Алматы облысы, Жамбыл ауданы аумағында орналасқан Қазақстан  Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты«Таң­балы»  Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі алғаш рет  «Музейлер шеруі»  акциясы аясында «Таңбалы түні » атты музей түнін өткізді.

Акция «Ұлы дала галереясы» атты ғылыми-танымдық конференциясымен басталды.Іс-шараға Жамбыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері, белгілі суретшілер, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция барысында «Таңбалы» қорық- музейі директорының  ғылым жөніндегі  орынбасары  Шарипов Ринат Қалимолдаұлы, Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшесі, Жетісу Мемлекеттік Университетінің профессоры, Қазақстан Республикасы  көркем академиясының мүше-корреспонденті Баримбеков Жақан Шелбайұлы, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының үздік өлкетанушысы, Үмбетәлі Кәрібаев музейінің меңгерушісі Ысқақов Әуелбек Мұсаханұлы қатысып, «Ұлы дала галереясы» тақырыбы бойынша түсінідіріп, баяндама жасады.

Әмірғалиев  Мадияр,«Таңбалы»   қорық-музейінің директоры:

«ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміндегі, көне дәуірдің баға жетпес байлығы саналатын «Таңбалы» қорығында    әлемде сирек кездесетін петроглифтер,ежелгі адамдардың қоныстары, қорғандары және тағы да басқа тарихи мұралар  сақталған. Жалпы айтқанда – жоғалып кеткен дала өркениетінің табиғатпен үндесуі арқылы бүгінге жеткен шежіресі іспеттес.Мұнда  5 мыңнан аса петроглифтер мен 100-ге жуық археологиялық объектілер орналасқан.  Осыдан шамамен үш, бес мың жыл бұрын өмір сүрген ежелгі дәуір адамдары  өз дәуірінің тіршілік, танымын тасқа қашап бейнелеген  болса, бүгінгі тәуелсіз елдің  танымал суретшілері үшін  осы тарихты қағаз бетіне түсіруге мүмкіндік туып отыр. Бүгін екі дәуірдің сурет өнерін тоғыстырып, «Ұл дала галереясы»  атанған «Таңбалының» жартас өнерін суретшілер  көзімен, қыл-қаламның ұшымен тарқататын күн. Болашақта ашық аспан астындағы дала галереясын «Суретшілер Меккесіне» айналдыру мақсатымыз»    

                        

Шарипов Ринат, «Таңбалы» қорық- музейі директорының  ғылым жөніндегі  орынбасары: 

«Таң­балы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі қазақ халқының ғана мақтанышы емес, ЮНЕСКО-ның Бүкіл­әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген аса құнды жәдігерлеріміз сақталған киелі тарихи мекен.Бес мыңнан астам жартасқа салынған суреттердің әрқайсысы тарихтан сыр шертетін аса құнды мұра.Біздің басты мақсатымыз – ескерт­кіш­терді, тарихи мұрамызды, тарихи жәдігерлерімізді,оның ішіндегі әлемде тендесіз жоқ жартастағы  суреттерімізді сақтап, болашақ ұрпаққа  жеткізу»

Конференциядан кейін музейге келушілер арасында түрлі ойындар ұйымдастырылды.

Кеш соңында жастар топталып, от жағып, бас қосты. Ән айтып, әзілдесті. Бұл кеште келушілер музейдің тарихымен танысып қана қойған жоқ, оны көзбен көріп, жүрекпен сезінді деуге толық негіз бар.

                                                                             Толығырақ бейнематериалдан тамашалаңыздар

 

 

.

 

 

 

 

 

 

3461 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *