Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Фотогалерея
  • 10 Маусым, 2021

Жайнаған жасыл бағым

Алматыдағы Бас ботаникалық бақтан осы күндері жаздың ғажайып сұлулығын тамашалауға болады. Қазіргі уақытта бақта шет елдік және қазақ жеріндегі далалық және таулы аймақтарда өсетін өсімдіктер гүлдеген.

Жазғы гүлдердің басым көпшілігі Әл-Фараби даңғылы бойындағы Оңтүстік павилон топтамасынан тамашалауға болады. Сонымен қатар, солтүстік кіре берістен лотос гүлдерінің гүлдеу сәтіне куә боласыз. Ал бақ ішіндегі жасанды көлшікте жүзген аққу- қаздар, балықтар бұл көріністі тағы да қызықты ете түседі.

 Бас ботаникалық бақ– өсімдік әлемін, оның ішінде жойылу қаупі бар өсімдіктерге қорғау, сақтап қалу, өндіру және пайдалану бойынша  зерттеулер және ғылыми зерттемелер өткізуге арналған  табиғат қорғау және ғылыми ұйым дәрежесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Бұл жерді бекерден «қаланың өкпесі» деп атамаған. Мұнда Қазақстанның, Еуропаның, Қырымның және Кавказдың, Солтүстік Америка мен Шығыс Азия флорасының бірнеше мыңдық бірегей топтамасы жинақталған.   

Суреттерді түсірген-Досжан Балабекұлы

1470 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *