Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 20 Шілде, 2021

Елордада карантин режимін бұзған 13 кəсіпкерлік нысан анықталды

Кәсіпкерлік нысандары арасында карантин режимін бұзғандарды анықтау және жолын кесу жөніндегі мониторингтік топтар тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

Мәселен,  18 шілдеде қалада шектеу шаралары сақталмаған 13 мекеме мен дүкен анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында «Текила» лаундж-бары мен «LAVASH FOOD» фаст-фуд пункті жұмыс режимін бұзды. Сондай-ақ,тыйым салынған уақытта Байқоңыр ауданында орналасқан «Сotton» және «Kids vau» дүкендері жұмыс істеді.

Сарыарқа ауданының мониторингтік тобы бірден 6 кәсіпкерлік нысанында: «Цезарь» кафесінде, «Арман Қала», «Мирас», «Самал» мейрамханаларында, «Hot2be» караокесінде, «Champ» ойын клубында карантин талабының бұзылғанын анықтады.

Сонымен қатар, белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданындағы «Алуа» кафесі, «Белес» мейрамханасы және «Cotton» дүкені жұмысын жалғастырды. Жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық ахуал әлі де тұрақсыз, коронавируспен ауырғандар саны бірнеше есе өсті. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандар санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауы тиіс.

 

357 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *