Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 21 Шілде, 2021

Тәжікстан президентінің қарындасы коронавирустан қайтыс болды

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның қарындасы 64 жастағы Курбонби Рахмонова қайтыс болды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Тәжікстан Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Рахмонова коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ол Душанбедегі №5 клиникалық ауруханада ем қабылдаған көрінеді.

Рахмонова Тәжікстанның оңтүстігіндегі Дангара аймағында жерленді.

Тәжікстан үкіметі президентке, отбасы мен достарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Айта кетейік, 5шілде күні Тәжікстан президентінің енесі Өзбекби Асадуллоева 88 жасында көз жұмған болатын. Деректерге сүйенсек, Асадуллоевадан коронавирус белгілері байқалған.

baq.kz

346 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *