Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 22 Шілде, 2021

Ажырасқан азаматтар баспана кезегінен айырылуы мүмкін

Елімізде ажырасқан азаматтар баспана кезегінен қағылуы мүмкін. Мұндай келеңсіздікке жол бермеу үшін бағыты екіге айырылған жұптар арнайы мамандарды ескертуі қажет.

Ал жыл басынан бері 8200-ге жуық елордалық халыққа қызмет көрсету орталығына отбасылық мәртебесін айқындау бойынша өтініш қалдырған.

Елордада тұрғын үй құрылысы қарқынды. Қоныс тойын тойлап жатқандар көп дерсіз. Бірақ олардың қуанышынан бас ауруы басым. Несие төлеу керек. Қазір 49000 адам мемлекеттік баспана кезегінде тұр. Жылжуы қиын кезектен қапыда айырылып қалуыңыз бек мүмкін. Бұлай болмау үшін отбасылық мәртебеңізді айқындау қажет. 

Айнұр Жақанова, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы филиалының PR менеджері:

- Сіз кезекке тұрған кезде тұрмысқа шықсаңыз, бірақ белгілі бір себептерге байланысты ажырасқан болсаңыз, сол кезде де ХҚКО келіп, кезектен отбасының басқа тұлғаларын, мәселен, күйеуіңізді алып тастауыңызға болады. 

Яғни жұбайлардың біреуі баспаналы болып жатса, екіншісі тізімнен түсіп қалады. Сол үшін ажырасу туралы куәлікті бірден цифрландыру қажет. Әйтпеген жағдайда базадағы құжаттар көрінбей қалуы мүмкін. 

Арманай Оңғарбаева, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы:

- Кезекке тұрған кезде отбасы құрамын көрсету керек. Яғни әйелі тұратын болса кезекке, ол жұбайын көрсетеді. Егер де кейін олар бағдарлама бойынша үй алып жататын болса, ортақ мүлік болып есептеледі. Үй отбасы құрамына байланысты беріледі.

ХҚКО алдын ала бронь арқылы келесіз, цифрлық құжат жарты айда дайын болады. Кезегім келіп қалады-ау деп, отыра берудің де қажеті жоқ екен.

Арманай Оңғарбаева, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы:

- Кезекке тұрғаннан кейін бірден бағдарламаларға қатысып, әр бағдарламаға өтініш берген адамның тұрғын үй алуға мүмкіншіліктері жоғары. «Шаңырақ» бағдарламасы, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бұл кредиттік бағдарламалар болса да, төмен несие бойынша бастапқы жарна тұрғын үй сертификаты 1 млн тг. ұсынылады. Бұл бағдарламалар бойынша өтуге мүмкіндіктері бар.

Елордалықтар кезектен әй-шәйсыз алынбайды, әрине. Баспанаға мұқтаж азамат тұрғылықты мекенжайын ауыстырса, отбасылық мәртебесін айқындамаса және мүлік иесі атанатын болса, сондай-ақ мүгедектік дәрежесі өзгерген жағдайда да тұрғын үй қорынан алдын ала ескерту жіберіледі.

24.kz

137 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *