Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 22 Шілде, 2021

Карантин талаптарын бұзған "қызыл" статусы бар адамдардың аты-жөні БАҚ-та жарияланады

Қазақстанда «қызыл» және «сары» мәртебесі бола тұрып, карантин талаптарын бұзған адамдарға қатысты шаралар күшейтіледі. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

«Ведомствоаралық комиссия Ashyq қосымшасы арқылы тіркелген қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатайту туралы шешім қабылдады. Енді «қызыл» мәртебесі бола тұрып карантин режимін бұзғандардың есімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады», - делінген мәліметте.

Ведомствоаралық отырыста Үкімет басшысының орынбасары мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне иммундау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялаумен қамтуды арттыруды нақты тапсырмалар берді.


 

121 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *